Гормондар



Дата05.05.2020
өлшемі18,04 Kb.
#66008

1.  Гормон дегеніміз не? Анықтама.

Гормондар[1] (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекүсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.

2. Гормондардың рецепторлары, нысана-клеткалары (анықтама беріңіз) гормондарға клеткалардың сезімталдығы.



Стероидты гормондардың рецепторлары цитоплазмада орналасқан. Нысана клеткамен кездескенде стероидты гормондар цитоплазма мембранасы арқылы өтіп кетеді. Клетка ішінде арнаулы рецепторлармен байланысады. Осыдан гормон –рецептор жиынтығы /комплексі/ пайда болады. Ол әрі қарай ядроға өтіп хроматиннің арнайы бөлігімен байланысады және белгілі бір гендер транскрипциясының жылдамдығын өзгертеді.

3. Гормондардың химиялық табиғаты.

Гормондар химиялық құрылымы, атқаратын функциясы және түзілетін орындарына байланысты жәктеледі. Химиялық табиғатына қарап гормондарды үш класқа бөледі.

Бірінші класс. Белоктық, немесе пептидтік гормондар /инсулин, гипофиз, қалқанша және т.б. бездерінің гормондары/.

Екінші класс.Стероидтар туындысы болып келетін гормондар /бүйрек үсті бездерінің ми қабаты гормондары, жыныс гормондары/.

Үшінші класс. Амин қышқылдарының туындысы болып келетін гормондар/ тироксин, адреналин т.б/.

4. Гормондардың жалпы қасиеттері.

Гормондар деп биологиялық әрекетшіл заттарды, организмдегі метаболизм, зат алмасу сарынын үдететін, өсу, көбею, қарқынын, сол сияқты алуан түрлі т.б. маңызды функцияларды реттеушілерді айтады.

5. Гормондардың әсер ету механизмі:



Гормондардың әсер ету механизмі плазмалық мембранамен байланысқан рецепторлармен / аденилатциклаза ферментімен / өзара әрекеттесуден басталады. Гормондардың өзі клеткаға енбейді, бірақ аденилатциклаза ферментіне қолайлы жағдай туғызу жолымен, яғни оны активтендіру арқылы, әрекет етеді. Осының нәтижесінде, клеткадағы цАМФ мөлшері көбейеді, оны екінші қатардағы реттегіш деп атайды.

6.  І – механизм мембранды – цитозольды.

   а) аденилатциклазды мессенджер жүйесі

   б) гуанилатциклазды мессенджер жүйесі

   г) кальцийлі жүйе.

7.  ІІ-ші цитозольді механизм.

8. ІІІ-ші мембраналық механизм.

9.    Гормондардың номенклатурасы және жіктелуі

10. Гипоталамус гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты, құрылысы, әсер механизмі, физиологиялық эффекті, биологиялық ролі.

11. Гипофиз гормондары, өкілдері, химиялық табиғаты, құрылысы, әсер ету механизмі, физиологиялық эффектісі, биологиялық ролі.

12. Қалқанша маңы бездерінің гормондары. Химиялық табиғаты, әсер ету механизмі. Нысана клеткасы, минералды алмасуға әсері.

13.  Қалқанша безінің гормондары:

 - кальцитонин химиялық табиғаты туралы түсінік, әсер ету механизмі, нысана-клеткасы, физиолгиялық әсері, кальцитонин секрециясының регуляциясы;

 - трийодтиронин, тироксин түзілуі, химиялық табиғаты әсер ету механизмі, нысана-клеткасы, физиологиялық әсері. 

14. Гипертиреоз түсінік, клиникалық белгілері, биологиялық ерекшелігі.

15. Гипотиреоз түсінік, клиникалық белгілері, биологиялық ерекшелігі.

16. Эндемиялық зобтың пайда болу механизмі және алдын-алу жолдары.

17. Қалқанша безі функциясының бұзылыстары: тиреотоксикоз, микседема, кретинизм.



18. Организмнің сәулемен зақымдануы және адаптация процессінің бұзылуы кезінде пайда болатын қалқанша безінің қатерлі ісігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет