«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі» пәнінен емтиханның негізгі сұрақтары



бет1/17
Дата25.05.2020
өлшемі108,79 Kb.
#71116
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі


«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі » пәнінен

емтиханның  негізгі сұрақтары:  

1.Іш сүзегінің этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенсзі. Клиникалық белгілері. Асқынулары. Ішектен қан кету және ішек ойық жарасы тесілуінің клиникалық белгілері, мейірбикенің атқаратын міндеттері. Диагностикалау әдістері. Күтім жасау ерекшеліктері.
Іш сүзегі- нәжіс – ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, аш ішектің лимфа жүйесін зақымдап, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы улану қайталанатын, ұзақ уақыт бактерия тасымалдаушылықты қалыптастыратын сальмонелла бактериясының (Salmonella typhi) әсерінен болатын антропонозды бактериалды инфекциялық ауру.

Іш сүзегінің қоздырғышы Salmonella typhi – сальмонеллалар туыстығына жататын, морфологиясы ұқсас, екі шеті дөңгелектеген, спора түзбейтін қысқа талшықты грамтеріс таяқшалар. 3 антигендері бар: соматикалық О-антиген, верулентті Vi және талшықты Н-антиген.



Іш сүзегі таяқшалары қоршаған ортада төзімді: топырақта, суда 1-5 айға дейін, нәжістерде-25 күнге дейін, төсек жабдықтарында-14 күнге дейін сақталады. Тамақ өнімдерінде бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін сақталады, әсіресе сүтте, туралған етте, сааттарда, тағамдарда температура 18 ° С жоғары болса көбеюі де мүмкін. Дезинфекциялық заттар (хлорамин) әсерінен бірнеше мин. кейін өледі, бірақ нәжіс-хлорамин (1:1) ортасында тек 1 сағатқа дейін өлдеді. Өзендегі мұзда іш сүзегі қоздырғышы қыстап шығуы мүмкін. Жоғары температура әсерінен мәселен, 60°С градуста-30 мин., 90°-100°С градуста бірден тез өледі. Күн сәулесі, ультра күлгін сәулелері әсерінен бірнеше сағатта өледі. Іш сүзегі ауруының клиникалық ағымын Гиппократ зерттеген және «typhos» - деп атаған, «түтін», «тұман», «қызба» мағынасын білдірген Salmonella typhi қоздырғышын 1880 жылы К.Эберташқан, Ф.Видаль агтлютинация реакциясын енгізген.

Патогенезі және клиникасы. Іш сүзегі қоздырғыштары организмге су, тамақ өнімдерімен түседі. Лимфа түйіндерінде жиналған қоздырғыштар қанға өтеді- бактериемия кезеңі – аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Аурудың екінші аптасында бөртпелер пайда болады. Эпидемиологиялық тұрғыдан екінші ошақтардың өт жүйесінде және зәр шығару жүйесінде орналасуы өте қауіпті, өйткені бактериялар нәжіспен, зәрмен үнемі шығарылып тұрады. Инкубациялық кезең 7-23 күн (орташа 14 күн).

Клиникалық белгілері 4 кезеңге бөлінеді:

1) Бастапқы кезең – әлсіздік, беймаздану, қалтырау, дене қызуы 39°-40°С градусқа дейін көтеріледі.

2) Аурудың қызу кезеңі – интоксикация, розеолалы бөртпелер, галлюцинация, іштің өтуі, ішектен қан кету, ішектің жарылуы, перитонит.

3) Клиникалық белгілерінің азаюы, дене қызуының қалпына келуі.

4) Жазылу кезеңі.

Іш сүзегінен өлім-жітім 0,3% құрайды.

Іш сүзегінің инфекция көзі – науқас адам және бактерия тасымалдаушы

Іш сүзегінің беріліс механизмі – нәжіс – ауыз механизмі.

Берілу жолдары:

- Су арқылы;

- Тағам арқылы;

- Тұрмыстық қатынас және қолданылатын заттар.

Берілу факторлары: су, тағам өнімдері, тұрмыстық заттар, микробтармен ластанған кір қолдар, шыбындар. Инфекцияның берілу жолдарына және таратушы факторларға байланысты эпидемиялық процесс

  • су типті,

  • тамақ типті,

  • тұрмыстық типті болып бөлінеді

Диагностикасы: 1. Клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық анамнез.

2. Бактериологиялық әдіс: нәжіс, несеп, өт, қанды, тексеру.

3. Серологиялық әдіс: Видаль реакциясы, ГАТР, ИФА, РИФ.

Гемокультура әдісі – қанды бактериологиялық зерттеу ең басты және ерте, нақты нәтиже беретін диагностикалық әдіс болып табылады. Серологиялық әдістің тиімділігі 90-95%.

2 диета 5-7 күн беріледі. АНТИБИОТИК АМПИЦИЛЛИН.Ауыр жағдайда колойтты екпе жасау.



. Іш сүзегін алдын алуда ең маңызды санитарлық-гигиеналық шаралар болып табылады:

1. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету, су көздерінің санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін қадағалау, су құбырлары мен су тарату жүйесінің санитарлық-техникалық жағдайын қадағалау.

2. Қалдық суларды су қоймасына жіберер алдында тазарту, залалсыздау.

3. Тұрғылықты жерді уақытылы тазарту, қалдықтарды уақытылы шығару, жою, әжетханаларды тазарту.

4. Тағам өнімдерін өңдеу, дайындау, тасымалдау, сақтау, тарату, қолдану барысында санитарлық қадағалау.

5. Көпшілік тамақтандыру орындары және балалар мекемелерінде эпидемияға қарсы тәртіптің орындалуын қадағалу.

6. Жеке бас гигенасын сақтау.

7. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет