«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі» пәнінен емтиханның негізгі сұрақтары


Вакцинопрофилактика және серопрофилактика. Вакцина түрлері. Анатоксиндер. Сарысулар. Иммуноглобулиндер. Егу ісін ұйымдастыру



бет4/17
Дата25.05.2020
өлшемі108,79 Kb.
#71116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі

8.Вакцинопрофилактика және серопрофилактика. Вакцина түрлері. Анатоксиндер. Сарысулар. Иммуноглобулиндер. Егу ісін ұйымдастыру.

Вакциналар.

Вакциналар сипаттамасы:

Тірі вакциналар- полиемиелитке, эпидпаротитке, қызылшаға, бруцеллезге, туберкулезге, күйдіргіге

Өлі вакциналар- химиялық (жоғары температура, УФ)

Физикалық (формалин, спирт) әдіспен өңдеу арқылы алынған вакциналар (көкжөтелге, құтыруға, тұмауға вакциналар)

Химимялық вакциналар- қоздырғыштың антигендерін ультрадыбыспен, химиялық заттармен өңдеген іш сүзегі, бруцеллез, тырысқақ, оба вакциналары

Анатоксин- әлсіздетілген қоздырғыштардың токсиндері- дифтерия, сіріспе, ботулизм, стафилококты инфекцияларға анатоксиндер

Жаңа типті вакциналар:

Гендік- инженерлік (гепатит В)

Рибосомды (дизентерия, сальмонеллездерге)

Сплит – вакциналар (тұмауға «Инфлювак», «Ваксигрипп»)


Тірі вакциналар- вируленттігі жойылған немесе әлсіздендірілген, макроорганизмде көбеюі және белсенді жасанды иммунитет қоздыру қабілеттілігі сақталған, бірақ ауру туғыза алмайтын микроорганизмдердің тірі штамдары. Бұларға туберкулезге, обаға, бруцеллезге, күйдіргіге, полиомиелитке, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, тұмауға, кене энцефалитіне, қызамыққа қарсы вакциналар жатады.

Инактивацияланған вакциналарды химиялық немесе физикалық әдістермен микроорганизмдердің белсенділігін жою арқылы алады. Микроорганизмдер инактивацияланғаннан кейін дайындалған дәрілер химиялық агенттерден тазартылады. Олар тірі вакцинаға қарағанда әлсіздеу, сондықтан оны ағзаға бірнеше рет қайтара енгізу қажет.Бұл топқа көкжөтелге, іш сүзегі, парасүзекке, құтыруға, лептоспирозға, тұмауға, герпеске, тырысқаққа, Қу қызбасына қарсы вакциналар жатады.

Химиялық вакциналар- жұқпалы аурулар қоздырғыштарының торшаларынан немесе олардың бөлшектерінен арнайы химиялық немесе ферменттік өңдеу жолымен бөлініп алынған антигендер жиынтығы. Оны менингитке, іш сүзегіне, парасүзекке, бөртпе сүзеккке, тұмауға, обаға қарсы қолданады.

Анатоксиндер- улы қасиетінен тазартылған, бактериялардың антигендік және иммундық қасиеті бар экзотоксиндер. Оны дифтерияға, сіреспеге, газды гангренаға, ботулизмге, тырысқақ, стафилококқа қарсы қолданады.

Құрамында бір микроб антигені болса моновакцина, бірнеше микроб антигенінен тұрса поливакцина деп атайды.


Инфекциялық ауруларды иммунды алдын алуын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алдын ала егулерді ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық- эпидемиологиялық ережелерді бекіту туралы қаулысына сәйкес халықты тиімді және қауіпсіз иммунизациялау жүргізіледі. Егу жұмысына басшылық ететін дәрігер иммунолог барлық қызметкерлерге егу дәрмектерін сақтау тәртібі, оларды сұйылту әдісі, егу кезінде болуы мүмкін жағымсыз реакциялар мен асқынулар туралы түсініктеме беруге міндетті.

Вакцина бөлмесіне қойылатын талаптар: вакцина арнайы егу бөлмесінде жасалады. Бөлме қабырғасы тегіс, ылғалды жинау және дезинфекция жасауға төзімді болуы керек. Егу бөлмесінде табиға жарық, орталықтандырылған су, канализация, қол жуғыш және жылу жүйесі болуы қажет.

Егу бөлмесінде болуы керек:

Мұздатқыш;

Термоконтейнер( электр қуаты сөніп қалғанда вакциналарды сақтау үшін) немесе арнайы сөмке (вакцина тасымалдау үшін);

Медициналық үстел;

Жұмыс үстелі, орындықтар;

Медициналық шкаф;

Медициналық кушетка, жөргектейтін үстел;

Бикс;

Тонометр, термометр, бір рет қолданылатын шприц, шпатель, скарификатор;

Шокқа қарсы дәрілер: 0,1% адреналин, 1% мезатон, преднизалон, тавегил, супрастин, 2,4% эуфиллин, корглюкон, кордиамин;

Вакцина қалдықтарын залалсыздауға арналған ыдыс;

Бір рет қолданылатын шприцтерді жинауға арналған қауіпсіз қатты қорап.


Балаларды алдын ала егулермен толық қамту мақсатында тұратын мекен-жайы бойынша аумақтық балалар емханасының қызметкерлері жылына 2 рет санақ жүргізіп, барлық балаларды тіркеуге алады. Ересек адамдардың тізімі аумақтық емханада жылына 1 рет қайта тексеріледі.

Балаларды егуге алдын-ала шақырады. Вакцина егер алдында дәрігер баланың денсаулығын толық тексереді. Дәрігердің тағайындауы бойынша егу бөлмесінде вакцина егіледі, егу туралы мәліметтер тиісті құжаттарға тіркеледі. Егу құжаттарына вакцинаның егілген уақыты, вакцина сериясы, шығарылған мерзімі, кім дайындағаны, мөлшері, егу әдісі жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет