«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі» пәнінен емтиханның негізгі сұрақтары



бет7/17
Дата25.05.2020
өлшемі108,79 Kb.
#71116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі

Мәселен дисперцияға және колибактериозға жас бұзаулар алғашқы он күннің ішінде шалдықса, ал противте туғаннан он күн өткеннен соң ғана шалдыға бастайды.

Инфекция көзі- Негізгі инфекция көзі – үй жануарлары мен үй құстары: ұсақ және ірі қара мал, шошқа, тауық, қаз, үйрек. Сальмоноллез зооантропонозды инфекция болғандықтан инфекция көзі – науқас адам және созылмалы түріндегі бактерия тасымалдаушылар.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыздық механизм. Берілу жолдары: тағам су және тұрмыстық заттар. Негізгі таралу жолы – тағам арқылы. Әсіресе еттен жасалған тағамдар қауіпті (туралған ет, котлет, ливер, шұжық, паштет, студень т.б.), сонымен қатар сүттен, балықтан жасалған тағамдар арқылы да жиі жұқтырады. Сальмонеллез ауруын таратуда жұмыртқа мен жұмыртқа ұнтағынан жасалған кремдік және кондитерлік тағамдарының маңызы өте үлкен. Көбіне сальмонеллез қоздырғыштары жартылай дайын тағамдарда, соустарда, сорпада, балаларға арналған тағамдарда жақсы көбейіп өсіп-өнеді. Сондықтан мұндай тағамдарды дұрыс сақталмаған және жөндеп қыздырып қайнатпаған жерлерде сальмонеллез ауруы жеңіл тарап, жайылады. Сальмонеллез сиректеу су жолымен таралады.

Сальмонеллез жылдың барлық мезгілінде кездеседі. Әсіресе күз, жаз мезгілінде.

Зертханалық диагностикасы:

1.Бактериологиялық әдіс: нәжіс, зәр, қан, өтті, зерттеу.

2.Серологиялық әдіс: АР, ГАТР.

Сальмонеллезге міндетті бактериологиялық тексерулерге жатады:

1)Ауруханаға түсетін 2 жасқа дейінгі балалар;

2)Ауруханада жатқан балаларды күтетін ересектер;

3)Ауруханаға түскен кезінде немесе оның алдында 3 апта бойынша ішек қызметінің бұзылуы болған босанатын, босанған әйелдер;

4)Диагнозына қарамастан, ауруханада болу кезінде немесе оның алдында 3 апта бойына ішек қызметінің бұзылуы тіркелеген барлық науқастар;

5)«Халықты декреттелген тобына міндетті медициналық бақылауды жүргізу ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығына сәйкес декреттелген контингент;

6)Сальмонеллездің ошағында инфекцияның көзі болып есептелетін декреттелген контингенттің адамдары.

Алдын алу шаралары. «Сальмонеллез» ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қоздырғыштың инфекция көзін, берілу жолдарын анықтап залалсыздау әдістерін, ластанудан қорғау шараларын ұйымдастырудан құралады:

1.Тағам өндіру, көпшілік тамақтандыру, сауда мекемелерінде тағам өнімдерінің талаптарға сәйкес дайындалу, сақталу, тасымалдау, жағдайларын қадағалау.

2.«Декреттелген» қызметкерлердің уақытылы медициналық тексеруден өтуін қадағалау.

3.Ет өндіру, ет сату, сүт жинау, өңдеу мекемелерінде санитарлық-ветеринарлық шаралардың орындалуын қадағалау.

4.Көпшілік тамақтандыру мекемелерінде, қоймаларда, базарларда, мұздатқыш камераларында дезинфекциялық-дератизациялық жұмыстарды жүргізу.

5.Сальмонеллездің ауруханаішілік инфекция ретінде таралуын алдын алу, балалар ауруханасында, босану үйлерінде індетке қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау, госпиталдық эпидемиолог қызметін күшейту.

Ошақта індетке қарсы шаралар. Сальмонеллез ошақтарында эпидемиологиялық тексеру декреттелген контингент немесе 2 жасқа дейін балалар науқастанған жағдайда жүргізіледі.

1.Науқасты ауруханаға жатқызу клиникалқ және эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі.

2.Реконвалесцентр ауруханадан клиникалық жазылғаннан нәжісті бактериологиялық зерттеу қорытындысы 1 рет теріс болғанда шығарылуы қажет. Зерттеу емделіп болған соң з күннен кейін жүргізіледі.

3.Диспансерлік бақылауға ауырғаннан кейін тек декреттелген контингент алынады.

4.Аурудан жазылғандарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе учаскелік дәрігер жүзеге асырады;

5.Сальмонелла бөлмейтін реконвалесцентр жазылғаннан кейінжұмысқа жіберіледі.

Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді және бактерия тасымалдаушыларды негізгі жұмысынан 15 күнге шеттеу және басқа жұмысқа ауыстыру қажет.

Бактерия тасымалдаушылық 3 айдан астам уақыт бойы анықталса, созылмалы тасымалдаушы ретінде негізгі жұмысынан 1 жылдан кем емес мерзімге шеттетіледі.

Сальмонеллез ошағында алдын алу шараларды ұйымдастыру әдістемесі.

Сальмонеллез ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың жанұясында тіркелмеген басқа ауруларды және бірге тамақтанған басқа адамдарды анықтау керек. Жаңадан табылған аурулар ошақтың көлемін, аурудың таралу жолдарын, инфекция көзін анықтауға мүмкіндік береді. Инфекцияның таралу себен анықтау мақсатында науқастан және онымен бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағамдарды жегендерін сұрау қажет. Сонымен қатар түрлі тағамдарды қандай мөлшерде қабылдағаны және қабылдау уақыты анықталады, өйткені тағамдарды ұзақ уақыт бөлме температурасында сақтау қоздырғыштардың онда көбеюіне ықпал етеді. Тағамның дайындалу уақытын, қабылдау уақытын сақталу жағдайын анықтау арқылы күдікті тағамды анықтау қажет.

Сальмонеллез ауруы тіркелген жағдайда тексерудің сұрау әдісін үйрену мақсатында колледждің асханада тамақтанатын 10 оқушысынан берілген кесте бойынша жеген тамақтарын және уақытын кестеге толтыру:

24 кесте




Тегі, есімі




Бірінші күн

Екінші күн


Таңертең

Түсте

кешке

таңертең

түсте

кешке




























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет