«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі» пәнінен емтиханның негізгі сұрақтары



бет5/17
Дата25.05.2020
өлшемі108,79 Kb.
#71116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі

Картотекада егу карталарын 4 топқа бөледі:

Осы жыл бойы вакцина егілетін балалардың карталарын айлар бойынша қояды.

Осы жылы егілмейтін балалардың карталары жылдар бойынша қойылады.

Уақытша кетіп қалған балалардың картасы.

Медициналық қарсы көрсеткіштері бар балалардың карталары.
Қолданбаған вакцинаны медицина қызметкері келесі әдістердің бірімен залалсыздандырады:

30 минут қайнату (сібір күйдіргісінде 2 сағат).

Дезинфекциялық ерітіндіге толық батыру.

Қолданған шприц, инелерді қауіпсіз қатты қорапқа жинап, өртеу арқылы жою қажет, оларды болшектеуге, жууға, тазалауға болмайды.
Суықтату тізбегі.

Вакцинамен алдын алудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін вакциндық дәрмектерді дайындайтын кәсіпорыннан дәрмек егілетіндерге дейінгі сақтау және тасымалдаудың температуралық тәртібін бұзбау өте маңызды, оны тәжірибеде «суықтату тізбегі» деп атайды.

Суықтату тізбегі үш компоненттен тұрады:

Арнайы дайындалған қызметкерлер (вакцинаны тарату, сақтау, тоңазытқышқа дұрыс ұстау және қызмет ету соларға байланысты)

Вакциналарды сақтауға және тасымалдауға қажетті тоңазытқыш жабдықтар;

Суықтату тізбегінің барлық кезеңінде температуралық тәртіпті бақылайтын жүйелер және жабдықтар. Иммунитет вирустардан, бактериялардан, паразиттерден қорғауды, мутациялық өзгерген жеке торшаларды құртып жоюды, қатерлі ісіктен қорғануды қамтамасыз етеді.



Иммунитет туралы ғылым- иммунология деп аталады, ол антиген әсер етуіне организмнің жауап беруінің генетикалық, молекулалық және жасушалық механизмдерін зерттейді.

Эпидемиология пәні әр жеке адамның физиологиялық- морфологиялық реакцияларын есепке алумен бірге, әрбір ұжымның, тіпті бүкіл қоғамның жағдайын, еңбек ету және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттейді.

Иммунитет түрлік (тұқым қуалаушылық, филогенетикалық) және жеке бастық ( жүре пайда болған, онтогекнетикалық) болып бөлінеді.

Түрлік иммунитет филогенетикалық даму процесі кезінде пайда болады. Мысалы, адамға тауықтарда індет қоздыратын тырысқақ вибрионы қоздырғышын ендірсе де, адамдар жұқтырмайды, ауырмайды. Керісінше, қызылша қоздырғышын жұқтырған тауықтар ол ауруға шалдықпайды.

Жеке басты немесе жүре пайда болған иммунитет сол адамның онтогенетикалық даму процесі кезінде пайда болады, табиғи және жасанды болып бөлінеді.


Жеке басты иммунитет

Табиғи иммунитет Жасанды иммунитет
Белсенді Енжар Белсенді Енжар

Табиғи, белсенді иммунитет инфекциялық аурумен ауырып болғаннан кейін қалыптасады, адам өзі антиденелерді бөліп шығарады. Табиғи белсенді иммунитет тұрақты болып келеді, кейде өмір бойы аурудан сақтандырады.

Табиғи енжар иммунитет анадан балаға плацента, ана сүті арқылы беріледі.

Жасанды белсенді иммунитет вакцина, анатоксин егуден 2-3 аптадан кейін қалыптасады, ұзаққа созылады. Жасанды енжар иммунитет құрамында дайын антиденелері бар қаның сарысуы мен иммунды глобулиндерді егуден кейін сол мезгілде пайда болады, бірақ 6 айға дейін ғана аурудан сақтандырады.

Тұрақты, стерильді иммунитет- инфекциялық аурумен ауырып болған соң қалыптасады, инфекциялық аурудың қоздырғышы дене сақталмайды.

Стерильді емес иммунитет созылмалы түрде өтетін ауруларға қарсы пайда болады, инфекциялық арудың қоздырғышы денеде болғанда иммунитет болады, қоздырғыш денеден жойылған соң иммунитет те жойылады.

Әлеуметтік иммунитет- қоғамның инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті. Әлеуметтік иммунитет халықтың табиғи және жасанды иммунитет деңгейіен, қоздырғышты тасымалдаушы адамдардың бар-жоқтығынан, халықтың әлеуметтік, мәдени, санитарлық жағдайынан, сапалы сумен қамтамасыз ету деңгейінен, халықтың салауатты өмір сүру деңгейінен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет