«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі» пәнінен емтиханның негізгі сұрақтары



бет2/17
Дата25.05.2020
өлшемі108,79 Kb.
#71116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейіргер ісі

2.Жұқпалы аурулар танымының негізгі кезеңдері. «Инфекция», «инфекциялық үрдіс», «жұқпалы ауру» туралы анықтама. Жұқпалы аурулармен сырқаттанатын науқас анамнезінің ерекшеліктері.
Жұқтыру немесе Инфекция — ауру қоздырғыштарының адам немесе жануарлар ағзасына енуінен туындайтын әр түрлі жұқпалы үрдістердің түрлері (ауру, кесел қоздырғыштарын өзімен тасымалдау).
3.Листериоз. Қоздырғышы. Инфекция көзі. Жұғу механизмдері. Листериоз түрлерінің жіктелуі. Листериоздың созылмалы түрлері. Асқынулары. Болжамы. Диагностикасы. Зертханалық диагностикасы.

Листериоз

Листериоз-Listeria monocytobenes-s шақырылатын, әр түрлі жолымен жұғатын мононуклеарлы фагациттердің зақымдануымен жүретін, жедел тұрде қызбамен, жалпы интоксикациямен өтетін ангиозды, септикалық, жүйелік түрлерінде өтетін зоонозды инфекция.

Этиологиясы.

Қоздырғышы листерия- Vertae monocytodens, 1911ж ашылған. Грамм оң, таяқша тәрізді 0,5-2х0,3-5 мкм ширақталған қозғалмалы бактериялар. Әлсіз қышқылды ортада жақсы өседі. Листериозда Н-антиген және О антигені бар. Олар жойылғанда эндотоксин бөледі. Қазіргі күнде листерийлардың 7-і түрі белгілі. Төменгі температураға төзімді, қайнатқан кезде 3-5 минут ішінде өледі. Топырақта, қамыста, лайланған суда бірнеше жылға дейін сақталады. Сүт, ет тағамдарында 4-6С-да өлмейді, керісінше көбейеді. Оларға дезинфекциялық заттар қарсы әсер етеді.

Эпидемиологиясы.

Листериоз табиғи ошақты зоонозды инфекция. Қоздырғыштың резервуары болып кемірушілер болып табылады ( тышқандар, егеуқұйрықтар, су крысалары, қояндар) т.б. Қазіргі күнде листериоз үй малдарының 12-түрінде, жабайы мал хайуандардың 91 түрінде тіркелген. Үй жануарларының: қой, ешкі, шошқа, ат, ит, мысық, тауық, қаз үйректерде байқалады.

Жұғу жолы:

Aлиментарлы - жануарлардың өнімдерін қолданғанда.

Трансмиссивті

Трансмиссивті жолмен кене және басқада қан сорғыштар арқылы. Аэрогенді жолмен де жұғылады. Жыныс қатынас арқылы адамнан-адамға жұғады, кей кезде анадан балаға жатыр ішілік жұғуы мүмкін.

Патогенезі:

Листериялар асқорыту жолдары, тыныс-алу жолдары, аранның шырышты қабаттары және зақымдалған тері арқылы енеді. Патогенезінде роль ойнайтын факторлар:

бактеремия

токсинемия

аллергиялық



Листериозбен ауырған науқастардың қанында антиденелер сақталады және жасушалық иммунитет сақталады.

Клиникалық көрінісі:

инкубациялық кезеңі 3-4-5 күнге дейін. Төрт клиникалық белгілерін ажыратады: 1.ангинозды-септикалық; 2.жүйкелік 3.септикограниулематозды (ұрықта және нәрестелерде) 4.көз безділік формасы; Листериозда жедел, жеделдеу, созылмалы және абортивті кезеңдері байқалады. Ең жиі кездесетін түрі ангинозды септикалық түрі – оң.

катаральды

Катаральды симптомдар айқын көрінеді. Сепсистің пайда болуына әкеп соғады. Бұл кезеңде дене қызуы лихорадкамен жүреді 36-39С 15-20 күнге дейін сақталады. Науқастың бетінде гиперемия байқалады, коньюктивит байқалады. Аранда көп мөлшерде сұйықтық, гиперемия және бөбешіктің ісінуі, ақ жағындылар пайда болады. Мойын лимфа түйіндері үлкейеді, бауыр және көкбауыр аздап үлкейеді. Теріде полиморфты бөртпелер байқалады. Шеттері мононуклеарлардың мөлшері көбейеді. Аурудың өршу кезеңінде менингеальды синдромдар байқалады, арқа бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг-Брудзинский симптомдары әлсіз. Уақытында диагностиканы ажыратып ауру толығымен жазылады, кей жағдайларда өлімге әкеледі. Асқынуы эндокардитке әкеледі. Жүйкелік формасы

Жүйкелік формасы: листериозда менингит, менингоэнцефалит, энцефалит, ми абцессі, перифералық жүйке жүйесі зақымдалады. Ауру жедел басталады, бас ауруы, қайталамалы құсу. Желке бұлшық ет регидтілігі, Керниг-Брудзинский симптомдары оң, гиперстезия, клоникалық тартылыстар, естің бұзылуы, сандырақ, бұлшық еттердің тартылысы байқалады. Менингоэнцефалит кезінде-жоғарыда айтылған симптомдарға қоса ошақты симптомдар қосылады, қабақтың птозы, анизонория, стробизм патогенетикалық рефлекстер, терінің сезімталдығы төмендейді. Психикалық бұзылыстар және параличтер болуы мүмкін. Қанда моноцитоз және лейкоцитоз, гранулоцитоз. Жұлын пункциасында сұйықтың жоғары давменилмен шығады. Құрамында-нейтрофильді гранулоциттер, лимфоциттер байқалады. Аурудың кеш кезінде ликворды ірің байқалады түсі лайлы болады. Листериоз перефериалық нерв жүйесін зақымдағанда парездар және параличтер байқалады. Кей кездерде полирадикулоневрит көтеріледі. Листериоздың жүйелік түрі көбінесе бір айға дейінгі балаларды немесе 40 жастан жоғары адамдарда кездеседі.

Септико-граниулемотозды

Септико-граниулемотозды түрі-нәрестелерде және ұрықтарда кездеседі. Аурудың жалпы белгілері тыныс алудың бұзылуымен сипатталады. Құсу, жалқақты дәретпен, разеолизді-папулезді бөртпелермен сипатталады. Гидроцефалия, бас миының атрофиялық анамалиялар жиі ұшырайды. Көзді-бездік түрі сирек кездеді. Инфецирленген жануарлармен контактыда болған кезде кездеседі. Көздің листериозға тән белгілер олар коньюктив пайда болуы. Қабықтың ісінуі қабыршақтарының тарылуы. Көз көруі төмендейді. Құлақ асты, жоқ асты лимфа түйіндері үлкейеді және ауырсынады. Шеткері қанда моноциттер 10%-лимфоциттер 34-48% жоғарлайды. Дене қызуы әр уақытта жоғары болады. Аурудың ұзақтығы 1-3 айға созылады.



Созылмалы түрі

Созылмалы түрі клиникалық көріністерге байқалмайды. Аурудың өршуі қысқа уақытты лихорадкамен, катаральды көріністермен кей-кезде ауру созылмалы пиелонефрит түрінде кездеседі, диспепсиялық бұзылыстар байқалады. Листериоздың осы түрі көбінесе жүкті әйелдерде жиі кездеседі.
Диагностикасы.

Бактериологиялық зерттеу мұрын-жұтқыншақтың және аранның, коньюктивтерды айқын іріңді, қан церобральды сұйықтың, лимфа түйіндерінен ашылған пунктат, мелоний, ұрық маңайындағы сұйықтың, бала жолдасынан алынады. Серологиялық зерттеу РА, РНГА және РСК жұп сарысуларды тексереміз. Антиденелердің абсорбциясын кистелиани бойынша тексеру, қосымша биологиялық сынақтар өткізіледі. Қояндарға кератоконьюктивалық сынақ жүргізу арқылы анықтауға болады.

Емі.

Күтім. Витаминге бай тамақтарды қабылдау керек. Емді клиникалық түріне қарай жүргіземіз. Этиотропты емі, антибактериалық препараттар тетрациклиндер , оларды 0,3г-4 рет тәулігіне. Эритрамицин 500 000Eg әр 4 сағат ем 5-7 күнге созылады. Ауру басталған кезде терапиялық дозада левомицетин қолданылады. ОЖЖ зақымданады, тетрациклинді стрептомицинмен қатар береді. Патогенетикалық терапия, глюкокортикоидтар тағайындалады. Дезинтоксикациялық терапия көктамырға 5% глюкоза ерітіндісін 400 мл тамшылатып құяды. Рингер, изотониялық натрий хлорид ерітіндісі қолданылады. 20% альбуцит және 1%-к гидрокортизон эмульсиясы қолданылады. Созылмалы листериозды антибиотиктерді жедел түріндегі қолданылады. 7-10 күн. Содан кейін сульфаниламид препараттарын 7 күндей қолданылады.

Алдын алу

Apнайы алдын-алу шаралары жоқ. Қазіргі кезде санитарлы-ветеринарлы ұйымдарды жүргізу дератизация


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет