Шизофрения және сандырақ бұзылыстары



бет1/5
Дата24.05.2024
өлшемі3,22 Mb.
#202855
  1   2   3   4   5
Байланысты:
шизофрения
21 ғасыр, иммун ежед тесты (копия)

Шизофрения және сандырақ бұзылыстары


Курс: 5
Топ: 516 А
Орындаған: Болат А

Шизофрения



Шизофрения дегеніміз - жастық шақта пайда болатын созылмалы психикалық эндогенді прогредиентті, этиологиясы жағынан айқындалмаған ауру. Шизофрения кез-келген жас кезеңінде басталуы мүмкін, дегенмен шизофренияның дамуына аса тән жас кезеңі 20-25 жас.Әйелдерде ауру жедел өтеді,ал ер адамдарда әйелдерге қарағанда ауру ерте басталады.

Ал ағылшын тілді елдерінде шизофрения Блейлердің “төрт А” белгісімен көрінеді:


Аутизм

Апатия


Амбиваленттілік


Ассоциативті бұзылыстар.

Шизофренияның этиологиясы


Э. Крепелиннің ойынша шизофрения токсикоздың, сонымен қатар жыныс бездерінің функцияларының бұзылысы нәтижесінде;

Белок алмасуы бұзылысының нәтижесінде, науқас ағзасында ыдыраудың азотты өнімдері жиналуына байланысты дамиды деп есептеген.

Тұқым қуалаушылық фактор

Көп жағдайда этиологиясы анықталмаған, белгісіз.

Патогенезі

  • Науқас қанының сары суында токсикалық өнімдер болған. Оны биохимиялық және иммунологиялық зерттеу нәтижесінде эмбрионның нервті жасушаларына тежеуші әсер ететінін анықтаған. Шизофрения кезінде жүйке жүйесінің клеткаларына зақымдаушы әсер көрсеткен, яғни аутоантиген мен аутоантиденелердің түзілуіне әкеледі, бұл ми тінін зақымдайды. Олардың саны ауру процесіне байланысты болып келеді, неғұрлым процесс ауырырақ болса, соғұрлым олардың саны көп болады.

Клиникасы


Ойлау бұзылысы: ойдың ағылып-төгілуі, тоқтап қалуы, ойдың параллелдігі.маызсыз ақылдылық, сөйлеу үзілістілігі;

Қабылдау бұзылыстары. Есту, тактильді, иіс сезу, көру галлюцинациялары(жалған галлюцинациялар), сандырақтың көптеген түрлері-паранойяльды, параноидты, парафренді.
Қозғалыс-ерік бұзылыстары. Кататониялық синдром, ступор жағдайы, қозу;

Сезімдік бұзылыстар: сезімдерін жоғалтып барлығына немқұрайлы қарайды, жақтырмаушылық, ашушаңдық,

Тәртіп бұзылыстары: ойламаған қозғалыстар жасайды, сөйлеу мәнері мен мимикасы өзгереді;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет