Қоғамдық қозғалыстар, наразылық және адамдардың ойлауы: қазіргі күйі



Дата13.12.2022
өлшемі4,9 Mb.
#162484
Байланысты:
қоғамдық (копия)
3 тоқсанБӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР, From Site, Лекция 7

Қоғамдық қозғалыстар, наразылық және адамдардың ойлауы: қазіргі күйі


Өмір сүріп тұрған құрылысқа қатысы бойынша қоғамдық қозғалыстар революциялық, контрреволюциялық, реформистік, консервативтік, реакцияшыл болып бөлінеді. Ал әрекет тәсілдері мен әдістері бойынша – зорлықшыл және зорлықшыл емес қозғалыстар болып бөлінеді. Қоғамдық қозғалыстар әр түрлі әлеуметтік негізде қалыптасуы мүмкін. Олардың кейбіреулері, мысалы, соғысқа қарсы, экологиялық, ұлт-азаттық қозғалыстар тап аралық (таптан тыс) сипатта болады. Екіншілері айқын көрінетін әлеуметтік-таптық сипатта ерекшеленіп, жұмысшы, шаруа, буржуазиялық қозғалыстар, сондай-ақ зиялы қауым, фермерлер, ұсақ меншік иелерінің қозғалыстары ретінде айқындалады. Қоғамдық қозғалыстар гендерлік ерекшелігі мен жас мөлшеріне қарай да: жастар, балалар, әйелдер қозғалыстары, зейнеткерлер қозғалысы және басқалары болып топтасады. Кәсіби белгілері бойынша ғалымдар, дәрігерлер, жазушылар және т.б. қозғалыстар құрылады. 
Ерікті бірлестіктерді қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға бөлу көбіне шартты сипатта болады және әрдайым оларды дәл ажырату оңайға түсе бермейді. Қоғамдық қозғалыстар ұйымдық принциптердің күшею шамасына қарай көбіне қоғамдық ұйымдар және де тіпті саяси партия құрудың негізіне айналады. Мәселен, экологиялық қозғалыстың дамуы әр тектес экологиялық одақтар мен ассоциациялардың құрылуына, кейін көптеген елдерде «жасылдар» партиясының құрылуына себепші болды. Жоғарыда көрсетілгендей, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар саяси билікті жеңіп алу мен іске асыруды өзінің мақсаты етіп қоймайды, оған ашық түрде бақылау жасауға ұмтылмайды. Олар үшін саяси процестерге ықпал етудің негізгі тәсілі билікке қысым көрсету болып табылады. Олар қоғамдық өмірдің басқа салаларындағы (экономикалық, әлеуметтік, мәдени) міндеттерді орындау үшін қажет болғандықтан ғана саяси қызметпен айналысады. 
. «Қысым тобы» деген ұғым азаматтық қоғамда туындайтын әлеуметтік- топтық мүдделердің саяси факторға айналу қарқынын ашып көрсетеді. Қысым топтарының қызметінің тиімділігі көбіне олар тартатын ресурстарға (меншік, ақпарат, мамандық және тәжірибе, мәдени ықпал, этникалық және діни байланыстар және т.б.) қатысты болады. Кәсіптік одақтар, кәсіпкерлер ассоциациялары, кооператорлар, тұтынушылар одақтары, ерікті қоғамдар және басқа да қоғамдық бірлестіктер (саяси партиялардан басқа) мүдделі топтың түрлері болып саналады. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да ең бұқаралық қоғамдық ұйым кәсіподақтар болып табылады. Олар өндірістегі, сондай-ақ өндірістік емес салалардағы қызметінің түрі бойынша ортақ мүдделерімен байланысқан еңбекшілерді ерікті негізде біріктіреді. Олардың басты қызметі өзінің мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. 
Қысым жасаушы топтардың билік органдарына ықпал етуінің әдеттегі тәсілдері болып табылатындар: - біріншіден, биліктің өкілдік және атқарушы органдары құрамына, сондай-ақ әкімшілік аппараттың функционері ретінде өз мүшелерін тікелей ұсынуы; - екіншіден, ұйым мүшелерінің парламент комиссиясы мен шағын комиссиясының, ведомствоаралық комитеттер мен қызмет саласына қатысуы; - үшіншіден, парламенттің, үкіметтің мүшелерімен, мемлекеттік аппарат шенеуніктерімен және т.б. жеке «достық» байланыстарды қолдауы. Барлық елдерде іс жүзінде лоббизм сияқты билік органдарына қысым жасаудың формасы кеңінен қолданылады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет