Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері



Дата21.01.2022
өлшемі20,09 Kb.
#113020
Байланысты:
Лекция7


Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі


  1. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері.

  2. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің пайда болу шарттары. Кәсіпкерлердің қылмыстық жауапкершілігі. Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі.

  3. Кәсіпкерлермен өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету әдістері.

Кәсіпкерлік субъектісі резиденттермен қатар, резиденттер емес, шетел азаматтары да бола алады. Ал, мемлекеттік басқару және билік ұйымдарында, прокуратурада, сотта қызмет ететін лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысуға тыйым салынған. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің төмендегідей нысандарын атап өтуге болады: жеке кәсіпкерлік, жеке меншік негізінде жүзеге асырылады; ұжымдық меншік негізінде жүзеге асырылатын ұжымдық кәсіпкерлік; ұжымдық кәсіпкерліктің ұйымдастыру құқықтық нысандарына: акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, сондай-ақ жалға берілген, бірлескен, кооперативтік кәсіпорындар жатады. Кәсіпкерлік заңды тұлға болып құрылу немесе құрылмау арқылы, жалдамалы еңбек күшін пайдалану немесе пайдаланбау арқылы да жүзеге асырыла береді.

Кәсіпкер статусы заңдылықтар негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу арқылы беріледі. Ал заңды тұлға құрылмаған жағдайда, кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу олардың мекен жайы бойынша аудандық, қалалық салық комитеттері арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу негізі: кәсіпкер арызы (өтініші). Лицензия (егер нақты іс-әрекет түрі лицензиялауға жататын болса) және кәсіпкерді кәсіптілігін дәлелдейтін құжаттар (егер оның іс-әрекеті адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін болса).

Нарықтық қатынаста кәсіпкерлік, біріншіден экономика, саясат, техника, заң, психология, этика негізінде, екіншіден осы құрамдас бөліктердің өзара тәуелділік жүйесінде жүзеге асырылады. Кәсіпкер өз іс-әрекетін белгілі бір сыртқы ортада жүзеге асырады және осыған байланысты бірқатар сыртқы серіктестері (партнер) болады, оның ішінде: мемлекеттік коммерциялық емес құрылымдарды, комитеттер мен ведомстваларды, өндірістің әлеуметтік инфрақұрылымын, табиғи ресурстар мен жер иеленушілерді, ұлттық тұтыну тауарларын, жұмыс күшін, қаржы, ақпарат, банктерді, мемлекеттік кәсіпорындарды, одақтарды, кәсіпкерлер ассоциациясын, кәсіби одақтарды, атап өтуге болады.

3. Нарықтық қатынас жүйесінде орталық орынды негізгі тұлға кәсіпкер алып отырғандықтан, ол міндетті түрде мыналарды білуі қажет: кәсіпкерліктің ұйымдастыру - құқықтық негізін, негізгі заңдар мен өзінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін; шаруашылық заңдылықтар шегінен аспайтын, мемлекет тарапынан кепілдік берілген кәсіпкерлік еркіндігін; кәсіпкерлік іс-әрекет жағдайларына және қабылдаған шешімдердің нәтижесіне болжам жасай білуі және ортада қалыптасқан жағдайды бағалай білу қажет; нарықта кәсіпкерлік іс-әрекетті мақсатты ұйымдастыра және бақылау жүргізе алу үшін тиімді даму стратегиясын және ағымдағы іс-әрекетті жүргізу тактикасын құра білу қажет;

Сонымен қатар, кәсіпкер заңды негізде төмендегідей құқықтарды иеленеді: меншік пен шаруашылықты жүргізу нысанын таңдау еркіндігі; заңда тыйым салынбаған, кез-келген шаруашылық іс-әрекет түрімен айналысу құқығы; заңдарға қайшы келмейтін кез-келген кәсіпорынды ұйымдастыру кұқығы; келісімшарт негізінде, кәсіпкерлік іс-әрекетті жүргізу үшін, ақша қаражаттарын, басқа тұлғалар, кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке мүліктік құқықтарын (оның ішінде шетел заңды және жеке тұлғаларының) тарту құқығы; өз мүлкімен басқа шаруашылық субъектінің іс-әрекетіне қатысу құқығы; өз қалауынша шаруашылық іс-әрекет бағдарламасын құру, өнімдерін тасымалдаушылар мен тұтынушыларын таңдау, өнімге баға мен тарифтерді белгілеу құқығы; заңдылықтар мен еңбек келісімшартына сәйкес, өз бетінше жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату құқығы; жалдамалы жұмысшылардың еңбекақы жүйесін, нысанын және еңбекақы көлемін белгілеу құқығы; банктерде ақша қаражаттарын сақтау, есепайырысулардың кез-келген түрін жүргізу, несие және кассалық операцияларды жүзеге асыру үшін шот ашу құқығы; салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден қалған кәсіпкерлік іс-әрекеттен түскен пайданы еркін пайдалану құқығы; көлемі жағынан шектелмеген кез-келген жеке табысты алу құқығы; мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесін пайдалану құқығы; заңдылықтарға сәйкес, өз бетінше сыртқы экономикалық іс-әрекетті жүзеге асыру құқығы; заңда тыйым салынбаған басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру құқығы.

Кәсіпкер құқықтары оның міндеттері мен жауапкершіліктерімен сабақтасады. Ең алдымен кәсіпкер, отырған келісім шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті. Себебі, нарықтың қадағалануы тиіс негізгі шарттарының бірі – «келісімдер, орындалуы тиіс» принципі. Кәсіпкер жалдамалы жұмысшылардың өз мүддесін қорғау мақсатында кәсіби одақтарға бірігуіне, тыйым салуға белгіленген минималды еңбекақы деңгейінен төмен еңбекақы төлеуге, басқа да әлеуметтік-экономикалық кепілдіктерді бұзуға құқығы жоқ. Кәсіпкер заңда белгіленген тәртіп негізінде жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік сақтандыру аударымдарын мемлекеттік қорғауға аударып тұруға міндетті.

Заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік әрекетін жүзеге асырушы кәсіпкер, өз міндеттері бойынша, жеке меншік мүлкімен жауапкершілік атқарады және кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігі келісімшарт құжаттарында көрсетіледі.

Кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігі төмендегідей жағдайда туындайды: заңдылықтар бұзылған жағдайда; келісімшарттарды орындамаған жағдайда; басқа субъектінің құқығын бұзған жағдайда; қоршаған ортаны ластаған жағдайда; тауар сапасына, пайдалану әдісіне қатысты тұтынушыларды алдаған жағдайда немесе жалған ақпарат ұсынған жағдайда; бәсекелестері туралы жалған ақпарат таратқан жағдайда; басқа тауар өндірушілердің логотиптерін, яғни тауар белгісін немесе өндірістік маркасын рұқсатсыз өз өнімі үшін пайдаланған жағдайда; бәсекелестіктің коммерциялық құпиясын заңсыз жолмен анықтау немесе оны жариялау жағдайында; міндеттемелерін атқара алмайтындығын біле тұра, келісімшарттарға отырған жағдайда және т.с.с.

Жоғарыда аталған барлық жағдайларда, сот мүдделі жақтың талаптарын толық қанағаттандырады.

Кәсіпкерлік іс-әрекет мақсаттарының орындалуына, кепілдік кәсіпкердің жеке қасиеттері болып табылады. Ең алдымен кәсіпкердің жеке қасиеттері, біліктілікке, жоғарғы кәсіби біліктілікке, нарықтық қатынастар туралы біліміне негізделген. Іс жүзінде бұл кәсіпкердің, кәсіпкерліктің даму барысын болжамдай алуға; өндірісті тиімділікпен салаға бағыттай алуына; экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, өзгерістер мен жаңалықтар енгізуге ұмтылысын көрсете отырып, тәуекелге баруға; кәсіпкерлік іс-әрекетке қатысты тиімді шешімдер қабылдауға; жұмысшыларына, серіктестіктеріне, тұтынушыларына, бәсекелестіктеріне, достық, сыпайылық, сыйластық қарым-қатынаста болуға; тәуелсіз және сенімді іс-әрекет жүргізуге; дәстүрлі емес шешімдер пайдалануға және білім жинақтауға; кәсіби этиканы, адамгершілік қасиеттерді және нарықтық жалпы қабылданған тәртіптерін қадағалауға даяр екендігін білдіреді.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік жауапкершілігі дегеніміз не?

2.Кәсіпкердің әкімшілік жауапкершілігі деп нені айтамыз?

3.Кәсіпкердің қылмыстық жауапкершілігі?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бусыгин А.В. Предпринимательство М. , 2006 г.

2. Предпринимательство. Учебник /Под ред. М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2006г.

3. Основы предпринимательство. Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. и др., Алматы, Экономика, 1997 г.



4. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы.- Алматы:Юрист,2004 Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР-ның заңы. 2006жыл

5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы,2000

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет