Сөж еңбек құқығының қайнар көздері Юриспруденция



Дата15.10.2023
өлшемі302,59 Kb.
#185557
Байланысты:
СӨЖ 2. Еңбек құқығының қайнар көздері
тесты РК каз 3 ом 1 для студ

СӨЖ 2. Еңбек құқығының қайнар көздері

Юриспруденция,

Екінші жоғары оқу,

2 курс,

Агибаева Томирис

Еңбектік қатынастар – бұл ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек қатынастары әдетте еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбектік қатынастар – еңбекке деген қатынастарды оның қоғамдық ұйымның орнында, яғни өндіріс кезіндегі еңбекті қорғайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін еңбек қатынастары мен еңбек еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастар, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастар еңбектік құқықтық қатынастар болып табылады. Еңбектік құқықтық қатынастардың мазмұнын Еңбек кодексінің 22,23 баптарында белгіленген тараптардың (жұмыс беруші мен қызметкердің) міндеттері мен құқықтары құрайды.

Еңбек қатынастары және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек заңнамасының негізінде еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімінде және ұжымдық шартта көрсетіледі.

Бүгінгі күні белсенді ретінде еңбектік қатынастардың 2 тобы қарастырылады:

  • Жалдамалы жұмыс істейтіндер
  • Акционерлік қоғамдар мен ұйымдардың жеке меншіктерінде жұмыс істейтіндер.
  • Еңбек келісімінің пәнідегі негізгі топқа қоғамдық – еңбектік қатынастар жатады, сонымен қатар қатынастардың 9 түрі қарастырылады:

  • Жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету қатынастары;
  • Коллективтің жұмыс беруші мен әкімшілігі арасындағы қатынастар;
  • Кәсіподақтық органдардың өндіріс орнымен қатынасы;
  • Кадрларды дайындау, біліктілікті жоғарылату кезіндегі қатынастар;
  • Материалды жауапкершілік қатынастары;
  • Еңбектік дауларды шешудегі қатынастар
  • Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбектік қатынастары және т.б

Еңбек құқығының қағидаттары

Еңбек құқығының қағидаттары – Қазақстан Республикасының Конституциясымен және еңбек кодексімен айқындалған еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бастамалары мен идеялары. Олардың бастапқы негізіне 24-баптың «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» деген Конституиялық Норма жатыр.

Еңбек ету бостандығы – әркімнің еңбек ету қабілеттілігіне қарай қызмет және кәсіп түрін еркін таңдау мүмкіндігі ретінде анықталады.

Еңбек құқығының қағидаттары Еңбек кодексінде белгіленген. Олардың ішінде:

    • Адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу
    • Кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу
    • Қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету
    • Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы
    • Еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету
    • Тынығу құқығын қамтамасыз ету 5
    • Сонымен қатар, еңбек құқығының кейбір салалық қағидаттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 ж. 23 қаңтардағы заңда белгіленген.

Еңбек құқығының қайнар көздері

Еңбек қатынастарын реттеуге арналған мемлекеттің уәкілетті органдарының қабылдаған нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы еңбек құқығының қайнар көздері болып табылады.

Қайнар көздеріның классификациялануы:

    • Маңыздылығына сәйкес
    • Еңбек құқығы жүйесіне сәйкес
    • Формасына сәйкес
    • Қызмет ету сферасына байланысты және т.б
    • Еңбек заңнамасы ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ол Еңбек кодексінен, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      Мұндай актілерге ҚР Конституциясымен және Еңбек кодексімен қатар: ҚР заңдары; ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары; ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары; ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы сотының нормтивтік қаулылары; ҚР министрліктері мен ведомстволарының нормативтік құқықтық актілері жатады.

      Сонымен бірге, Еңбек кодексіне көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР-ның басқа заңдарына еңбек қатынастырын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынған.

Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заңға 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заң жатады, осы заң қабылданғаннан кейін мынадай заңдар өз күшін сақтаған:

1992 жылы 4 шілде қабылданған «Ұжымдық шарт туралы»

1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы»

1993 жылы 9 сәуірде қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы»

1996 жылы 8 шілде қабылданған «Ұжымдық еңбек даулар мен ереуілдер туралы»

2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» заңдар.

Әдебиеттер

«Қ.Р мемлекеті мен құқығының негіздері» Құраст. Баянов Е. 2-кітап. –Алматы,2009 ж.

«Общая теория права и государства» под.ред. В.В.Лазарева, М:Юрист, 2001

«История государства и права» под ред. К.И.Батыра, стр 25-26, Москва 2003г.

ҚР Конституциясы: 2007 ж.21 мамырдағы №254-ІІІ заңымен толықтырулар мен өзгертулер. –Алматы, Жеті Жарғы , 2007 ж.

Электронды сайттар:

http://ru.wikipedia.org/wiki/Трудовой_договор

http://www.kyzmet.kz/?id_1=27&id_2=133&id_3=135&lang=kz&type=

http://www.kar-femida.kz/Keis/050301-2-Ikz/11/klek.htm



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет