Сабақ. Отбасылық құндылықтар. Жауапкершілікті ата-ана. Мақсаты



Дата11.11.2022
өлшемі16,17 Kb.
#157726
түріСабақ
Байланысты:
Отбасылық құндылықтар ,Жауапкершілікті ата -ана


5.4-сабақ. Отбасылық құндылықтар. Жауапкершілікті ата-ана .
Мақсаты:
Оқушылардың бойында адамның өміріндегі отбасының, отбасылық құндылықтардың рөлін, жауапкершілікті ата-ана және болашақ отбасылық қатынастарды жоспарлау үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Адамның өміріндегі және қоғамдағы отбасының рөлі, отбасылық құндылықтар мен жауапкершілікті ата-ана туралы түсінік беру.
- Отбасы институтына, ата-анаға және отбасылық құндылықтарға деген құрмет сезімін, өзінің болашақ отбасына және балаларына деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
- Болашақ отбасындағы қатынастарды модельдеу дағдыларын қалыптастыру.
Түйінді ұғымдар: отбасы; отбасылық құндылықтар; жауапкершілікті ата-ана болу; адамның өміріндегі отбасының рөлі; қоғамдағы отбасының рөлі; отбасының құрылымы; отбасы мүшелерінің жауапкершілігі, құқықтары мен міндеттері; адам құқықтарының бұзылуы; отбасындағы зорлық-зомбылық; болашақ отбасы; отбасы мүшелерін қолдау қызметтері.
Сабақтарды өткізу әдістері: эссе жазу, миды ояту, интерактивті дәріс, мультимедиялық таныстырылым, шағын топтардағы жұмыс, дискуссия, рөлдік ойындар.
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчарт қағазы; маркерлер; мультимедиапроектор; «сыр бөлісу» парақшалары, «қағаз парақтары (А-4), эссе-шығармалар, өз пікірлері бар парақшалар.
Табиғат адамзат ұрпағының жалғасуын көздеген – ол баланың жатырда дамуының және дүниеге келуінің ғажайып және құпия процесі. Алайда, болашақ ата-аналар бала туу процесіне жауапкершілікпен келулері керек.
Әрбір жас адам, жігіт пен бойжеткен, ата-ананың және отбасылы адамның рөліне дайындалулары керек. Бала туу функциясы отбасы үшін қашан да маңыздылар қатарында болған. Іс жүзінде әрбір адам ерте ме, кеш пе, ата-ана болады, ал осы рөлді табысты түрде іске асыру үшін оның бойында ата-ана болуға дайындық, өзін ата-ана ретінде сезінуі керек, кез келген адам өзінің жұбайымен/зайыбымен бірге балаларды тәрбиелеу дағдысын игеруге ұмтылуы керек.
Ата-ана болу - ерлі-зайыптылар мен балалар арасындағы, баланың тууы мен оның бойына қоғамның мәдени және рухани-адами құндылықтарын сіңіруді қамтамасыз ететін тәрбиелеуді қамтитын биологиялық және әлеуметтік байланыстар. Биологиялық тұрғыдан алғанда өздерінің тұңғыш балалары дүниеге келгенде еркектер әке болады, ал әйелдер – ана атанады.
Жауапкершілікті ата-ана – бұл екеуі де – еркек те, әйел де баланың тууына салмақпен қарап, осы қадамдарын жоспарлауы, баланы тәрбиелеуге байланысты міндеттерді бөлісуі.
Жауапкершілікті ата-ана болудың бірінші шарты – баланың туу мән-жайы болып табылады. Некеде туған ба, жоқ па, жоспарланған ба немесе «болып қалды» ма, қалаулы бала ма? Жауапкершілікті ата-ана болу жолында әрбір жас жұптың жыныстық қатынасқа түсуге және некеге тұруға асықпағаны, өзінің репродуктивтік денсаулығына салмақпен қарағаны жөн.
Еркек пен әйел туралы айтатын болсақ, бала – олардың ортақ және қалаулы қуанышы. Әйелдер қасында оның бала туған кездегі қуанышын ғана емес, осы жаймен байланысты қиындықтарын да бөлісетін сенімді серік болған кезде, бала тууға ұмтылады.
Жауапкершілікті ата-ана бірінші кезекте – бұл өз істері мен өз өмірі үшін жауап бере алатын адам. Ал егер оның бойында бұл болмаса, кішкентай адам – сәби үшін

жауапкершілік туралы қалай айтуға болады? Ересек адам болған кезде адамның өзін жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз етуге қабілетті және баланың өсуі үшін қолайлы жағдай туғызуға жағдайы болады.


Жауапкершілікті ата-ана – бұл ең алдымен тәрбиенің әр тараптарының теңгерімде болуы:
- баламен жүйелі қатынас жасау. Қауіп-қатері, алдайтын жалған құндылықтары қазіргі заманда ата-ана баласының өмірінде не болып жатқанын – оның қызығушылықтары мен нені жақсы көретінін ұдайы біліп отыруға тиіс, мүмкіндігінше оларды қабылдап, балаға ықпал ете алуы керек;
- ата-ана тарапынан баланы тыңдап, онымен маңызды тақырыптарға сөйлесіп қана қоймай, ақылшысы, көмекшісі болу, баланың әсерленуіне қол жеткізе алатын оған эмоционалдық қолдау жасау, оған өз проблемаларын талқылауға және іштей не нәрсеге уайымдап жүргенін айтуға мүмкіндік беру керек;
- экономикалық жауапкершілік және балаларды қолдау: баланы тамақтандыру, киіндіру, оның бос уақытын өткізуге ақша төлеу керек, қалтасында күнделікті жарататын ақшасы болуы керек. Қаржылық тұрғыдан аяқтарына нық тұрмаған ата-аналар бұл ата-аналық функцияларды атқара алуы неғайбыл, өйткені бұл - оңай емес;
- бала денсаулығын сақтау және нығайту: ата-аналар балаларын өз өмірі мен денсаулығын қадірлеуге үйретулері керек;
- ата-аналардың балаға өзі тұратын қоғамда белгіленген қағидаларды сақтауға үйрете алу қабілеті болуы керек;
- ата-аналардың баланың бойына өмірдегі отбасы, мәдениет сияқты негіздік (базалық) құндылықтарды сіңіре алу қабілеті болуы керек.
Осыған байланысты әрбір жас адам осы міндеттерді орындай аламын ба және жауапкершілікті ата-ана бола аламын ба деп ойлануға міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет