Қалыптастырушы бағалау – оқушының жетістік көзі
"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“
А. Байтұрсынов
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қалыптастырушы бағалау осы жоғарыда айтылған мәселелерді қамту мақсатында құрастырылған бағалау десе де болады. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не? Қалыптастырушы бағалау тоқсан ішінде кездесетін іріктелген оқу мақсаттарына негізделіп жасалған. Бұл оқу мақсаттары пән бойынша білімін жан-жақты көрсете алуына мүмкіндік береді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізетінін айқындай алады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үстінде үнемі жүргізіледі. Оқушыға баға қойылмайды, «жетті» немесе «талпынды» деп мақсатқа жетелейді. Мұғалім оқушыға «жетті » деген шешім шығару үшін, оқу мақсаттарына жету үшін жетістік критерийлерін қолдана алады.
Бағалау барысында біз үнемі оқушыны емес оның жұмысын бағалап жатқанымызды есте ұстауымыз қажет, демек жұмысты тексеру барысында оның кемшіліктерін емес оң тұстарына көбірек мән беруіміз қажет.
Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді:оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер, емтихандардан бастап, мұғалімдер күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушының оқу мақсаттарына жету процесін бақылауға, оқу процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, ал оқушыға – өзінің білімі үшін жауапты екенін сезінуге итермелейді.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті, әр сабақта, ауызша және жазбаша жоба қорғау түрінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |