Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;
Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы мәліметтер жинақтаушы;
Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндаушы.
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары: 1. Оқыту мақсатымен бөлісу.
2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.
3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.
6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.
Сонымен, дәстүрлі бағалауда бақылаудың барлық мүмкіншілігі мұғалімнің қолында болады: ол оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап көрсетеді. Өздік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын орындағанда көп жағдайда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жоғалады.
Оқу үшін бағалауға қарағанда, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылғаннан соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген нормаға сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады.
Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.[Мұғалімдерге арналған нұсқаулық]
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Қадамдап жоспарлау кезінде оқу материалының аралық деңгейін анықтау мақсатында, бағдарламалық материалды қайталауда әрі қорытындылауда төменде берілген қалыптастырушы бағалау техникасын орынды жоспарлап, қолданған жөн.