С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Нұрланова Сәуле
Манасова Данагүл
Алматы - 2024
Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Кіріспе
Өндірісті технологиялық дайындау – өнімнің өндірістік процессін ұйымдастыру мен басқарудың маңызды кезеңі. Бұл кезең өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану, өнімнің сапасын арттыру және өндірістің уақытын қысқарту мақсатында жүргізіледі. Технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі – бұл өндірістік процесті автоматтандыру мен оңтайландыруға бағытталған кешенді тәсіл.
Технологиялық Дайындаудың Негізгі Мақсаттары
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Сапа арттыру:Өндірілетін өнімнің сапасын қамтамасыз ету.
Шығындарды төмендету: Ресурстарды тиімді пайдалану арқылы өндіріс шығындарын азайту.
Процесс тиімділігін арттыру: Жұмыс уақытын қысқартып, өнімділік деңгейін жоғарылату.
Өндірісті технологиялық дайындау
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Өндірісті технологиялық дайындау (ӨТД) – белгіленген мерзімдер, шығару көлемдері және шығындар кезінде сапасының деңгейі берілген жаңа немесе қайта жаңғыртылған бұйымды өндіруге оның технологиялық әзірлігін қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы. Оны жүзеге асыру процесінде жобаланған техникалық және экономикалық көрсеткіштерге, жаңа бұйымның сапасына және өндіру процесінде олардың үздіксіз жақсартылуына қол жеткізуге бағытталған, бірқатар техникалық және ұйымдастыру міндеттері шешіледі. Осы міндеттерді шешу кезінде төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:
а) берілген, геометриялық параметрлері мен қажетті дәлдігі, бетінің кедір-бұдырлығы және оларды жасауға материалдардың, еңбек пен құралдардың шығындары бар тетіктерді алу;
б) «тамаша өндірісті» ұйымдастыру принциптерін максимум іске асыру, яғни мамандандыру деңгейін, операцияларды орындаудың тура дәлділігін, үздіксіздігін, пропорционалдылығын және өндірістік процестің ырғақтылығын жоғарылату;
в) қолданылып жүрген жабдықтарды аса толық жүктеу және максимум қор қайтарымына және өндірістің пайдалылығына қол жеткізу үшін алаңдарды пайдалану;
г) тетіктерді жасау мен машиналарды құрастыруға және технология-лық дайындаудың өзіне шикізаттың, материалдардың, энергияның шығындарын және еңбек шығындарын азайту.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Технологиялық құжаттама
Технологиялық құжаттаманы әзірлеу нобайлық және техникалық жобаларды және негізгі бұйымның жұмыс сызбаларын әзірлеумен параллель жүзеге асырылатын, екі негізгі сатыда (алдын ала және жұмыстық жобалар) жүзеге асырылады.
Технологиялық процесті жобалаудың бірінші сатысында технологтар болашақ бұйымның ерекшеліктерімен танысады, конструкторлармен игеріл-ген және типтік процестерді, қолда бар жабдықтар мен технологиялық әбзелді максимум пайдалану мақсатымен, конструкцияның технологиялылы-ғын жоғарылатудың мүмкін болатын жолдарын айқындайды, қандай жаңа процестердің, жабдықтар мен технологиялық әбзел түрлерінің талап етілетін анықтайды, әзірленетін тетіктер мен тораптардың технологиялылығына талдау жүргізеді. Осының негізінде технологиялық қызмет алдын ала жобаны әзірлейді, онда:
арнайы технологиялық процестердің;
типтік техно-логиялық процестердің; арнайы технологиялық жабдықтар мен әбзелді;
тех-нологиялық нұсқауларды әзірлеуге техникалық тапсырмалардың тізбесі бар.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Жұмыстық жобалау
Жұмыстық жобалау үш қосымша сатыдан тұрады және тәжірибелік үлгіні жасау мен сынау үшін тағайындалған, технологиялық құжаттарды әзірлеуден бастап, қалыптасқан сериялық немесе жаппай өндіріс жағдайларында бақылау сериясын жасау және сынау нәтижелері бойынша технологиялық құжаттарды түпкілікті өңдеу мен түзетуге дейінгі жұмыстардың кең ауқымын қамтиды.
Жұмыстық жобалаудың бірінші қосымша сатысында конструкторлық құжаттаманы толық талдау, тәжірибелік үлгіні жасаудың технологиялық процесін әзірлеу, осы үлгіні жасау және сынау кезінде жобаны талдау, жаңа бұйымның сериялық өндірісі үшін тағайындалған, жұмыстық сызбаларды технологиялық бақылау жүзеге асырылады. Жұмыстық жобалаудың қорытынды сатысында жаппай немесе сериялық өндіріс үшін технологиялық құжаттар түпкілікті түзетіледі. Тура осы кезеңде өндіріс объектісі ретінде де, пайдалану объектісі ретінде де, жаңа бұйымның максимум тиімділігі қамтамасыз етіледі.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Технологиялық стандарттау, бірыңғайлау, типтеу және олардың тиімділігі
Өндірісті технологиялық дайындау тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттарының бірі технологиялық процестерді типтеу, әбзелді және процесс элементтерін стандарттау болып табылады.
Технологиялық процестерді типтеу деп еңбектің типтік біртекті заттарының топтарын (дайындамаларды, тетіктерді, құрама бірліктерді) конструкторлық-технологиялық белгісі бойынша іріктеуді және олардың әрқайсысы үшін аса өнімді жабдықтың, өндірісті ұйымдастырудың жетілдірілген әбзелі мен жабдығының қолданылуын көздейтін, ортақ, аса ұтымды маршруты мен процесін әзірлеуді түсінуге болады.
Технологиялық дайындауда типтеу идеясының дамуы топтық технологиялық процестер әдісі болып табылады. Оның мәні тетіктердің операциялық тобын анықтауға келтіріледі, олар бірыңғай әбзелдің көмегімен және оны жалпы технологиялық процесс бойынша баптау кезінде бірдей жабдықта өңделуі мүмкін болады.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Зауыттың өндірісті технологиялық дайындау бойынша бөлімшелері
Заводта технологиялық қызметті бас технолог басқарады, ол сондай\ақ өндірісті технологиялық дайындауды жүзеге асыратын, бірқатар функционалды және өндірістік бөлімшелерді де басқарады.
Жаппай өндірісті ірі заводта технологиялық қызметпен орындалуы керек болатын, алты негізгі қызметті атап көрсетуге болады:
1) металдарды өңдеудің дайындамалық, термиялық, дәнекерлік және басқа арнайы процестерін әзірлеу және игеру;
2) тетіктерді механикалық өңдеу және құрастыру процестерін әзірлеу;
3) жалпы техникалық жұмыстарды жүргізу; 4) құрал-сайман мен әбзел өндірісін жобалау және ұйымдастыру;
5) зерттеу мен сынау жүргізу;
6) цехтардың технологиялық қызметтерін әдістемелік басқару.
Бірінші қызметті орындау бас технологтың дайындамалық процестер жөніндегі орынбасарына жүктеледі, оған құю, ұсталық-қалыптау, термиялық, дәнекерлеу процестерін және металл жабындыларын төсеу процестерін әзірлеу бойынша технологиялық бюро бағынады.
Тетіктерді механикалық өңдеу мен құрастыру процестерін әзірлеуге тікелей бас технолог немесе оның бірінші орынбасары басшылық етеді. Бұл жұмысты, тәртіп бойынша, заттық (агрегаттық) белгісі бойынша құрылған, технологиялық бюро орындайды.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Қорытынды
Өндірісті дайындауды жоспарлау бюросы өндірісті техникалық дайындаумен шұғылданатын зауыттың барлық бөлімшелерінің жұмыстарын жоспарлаумен шұғылданады, жаңа бұйымды конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру жағынан дайындаумен, жұмыстарды орындау көлемі мен мерзімдерін анықтаумен шұғылданады.
Инженерлік-экономикалық бюро технологиялық үрдістерді экономикалық талдау, типтік үрдістерді, технологиялық дайындау және қолдану тиімділігін талдау бойынша жұмыстар жүргізеді. Бас конструктор бөлімнің және басқа бөлімдердің қызметкерлерімен бірігп, шығарылатын және өндіріске дайындалатын бұйымдарды функционалды-құндық талдауды дайындауға қатысады, технологтарға технологиялық варианттарды дұрыс экономикалық бағалау мен таңдауды қамтамасыз ету облысына әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады. Варианттарды тез және ірілеп бағалуға қажет нормативтерді дайындайды, шекті технологиялық өзіндік құн өлшемін анықтайды, технологиялық әзірлемелердің жоғары сапасын материалдық ынталандыруға нормативтерді анықтайды.
Назарларыңызға рахмет! @kaznmu https://www.facebook.com/KazNMU
https://www.youtube.com/kaznmu
г. Алматы, ул. Толе би, 94 +7 727 338 70 90 kaznmu.kz kaznmu@kaznmu.kz
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ