Сыныптан тыс тәрбие



Дата26.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#114936
түріСабақ
Байланысты:
моә1

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы


Орындаған:Темирова Аружан

Тобы: МИ/у-23

Математикадан сабақтан тыс сабақтардың жалпы сипаттамасы

Сабақтан тыс сабақтар дегеніміз-оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету,олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақтар.

Сабақтан тыс сабақтардың мақсаты-оқушылардың жалпы математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, көзқарасын және жеке бастарының  ерекшеліктерін тәрбиелеу болып табылады.

Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті оқушылармен жұмысты жандандыруға мүмкіндік мол. Математикадан  факультативтік сабақтар 8- сыныптан бастап жүргізіледі.8- сыныпта аптасына бір  сабақ, ал 9-11 сыныптарда аптасына екі  сағаттан жүргізіледі.

Сабақтан тыс сабақтарды жүргізудің негізгі формасы және әдісі

Факультативтік сабақтарды жүргізудің негізгі формасы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін дамыту болып табылады. Ол үшін лекция, семинар, пікір таластар жүргізіледі. Оқушыларға есептер шығаруды үйретіп баяндамалар, математикалық шығармаларымен реферат түріндегі тапсырмалар беріледі. Факультатив сабақты жүргізуде жалғыз бір әдісті немесе оқытудың бір формасын таңдап алудың қажеті жоқ. Факультативтік сабақтарды жүргізудің негізгі әдістерінің бірі – мына үш бөліммен іске асырылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың өткізу әдістемесі

Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері:


Сыныптан тыс жұмыстардың сыныптағы тақырыптардан өзгешелігі – еріктілік принципінде құрылуында. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың негізділігі, тапқырлық,есептеу шапшаңдағы, есеп шығаруда ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуға тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері

  • Оқу-саяхат;


  • Топ-серуен;


  • Үйірме;


  • Клуб жұмысы;


  • Ғылыми жұмыстар;


  • Байқау-көрмелер;


  • Олимпиадалар;


Үйірмелер жұмысы


Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы оқушыларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді.

Үйірме - сабақтан бос уақытта оқушының білімін тереңдетіп, біліктілігін арттыруға және сонымен қатар бос уақыттарын саналы және белсенді өткізу мақсатында жүргізілетін жұмыс. Үйірме жұмысының негізгі әдісі оқушылардың өз бетінше, өздігінен іс-әрекетке машықтандыру болып табылады.

Математикалық үйірме


Математикалық үйірмелер-сыныптан тыс жұмыстарының ең негізгі түрі. Оған математикаға қызығатын және бейімді оқушылар ерікті түрде қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға бағдарлама көлемінде және математикалық қосымша мәселелеріне түсініктер беріп, олардың білімін жан-жақты кеңейтуге болады.

Математика үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді  қамту керек.  

  • жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар; 
  • математика тарихынан хабарлар;  
  • ұлы математиктердің өмірі мен қызметі;  
  • қызықты, логикалық және тарихи есептерді шығару;  
  • қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер);  
  • қолданбалы есептер қарастыру;  
  • математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу;  
  • оқушыларды математика жөніндегі жаңа әдебиеттермен таныстыру.

Сыныптан тыс жұмыс түрлері

Математикалық апта -оқушыларды пәнмен қызықтаратын, сонымен қатар оқу бағдарламасын терең оқып үйренуге, шығармашылық белсенділігін, ізденіпаздығын дамытуға мүмкіндіктер туғызатын көптеген шаралар кешенін қамтиды.


Математикалық олимпиада-оқушылардың математикалық білімінің артуына ерекше жағдай жасап, олардың ойлауын, қызығушылығын, білімге құштарлығын тәрбиелеуде және олардың білімдерін тереңдетуде үлкен рөл атқарады.

Сыныптан тыс жұмыс түрлері


Математикалық үйірме

Математикалық викториналар, конкурстар

Математикалық олимпиадалар

Математикалық кеш

Математикалық экскурсия

Математикалық ойындар

Математикалық рефераттар мен шығармалар жазу

Математикалық қабырға газеті

Сіз мұғалімсіз...

1.Математика үйірмесін нешінші сыныпта, қалай ұйымдастырған тиімді деп ойлайсыз?

2. Математика үйірмесінде оқушылар үшін арнайы ережелер бекіткен жөн деп санайсыз ба?

3. Математика пәні апталығында қандай іс-шаралар өткізер едіңіз?

4. Математикалық олимпиадалар туралы ойыңыз? Қандай математикалық олимпиадалар білесіз?

Математикалық олимпиадалар


1. Математикадан Халықаралық Олимпиада(IMO)

2. Республикалық пән олимпиадасы

3. Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

4. Математикадан Балкан олимпиадасы

5. Леонард Эйлер атындағы олимпиада

6. “Жібек жолы” математикалық олимпиадасы



Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет