«САРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы»
Мамандық: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»
Біліктілігі: 0103023 «Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі»
Орындаған: Группа: Жетекші: Мусабаева Г.В.
Өскемен, 2021 ж
«Сыныптан тыс жұмыс практикаға дайындық» оқу практикасы «Сыныптан тыс жұмыс практикаға дайындық» оқу практикасының мақсаты: Білім алушыларды сыныптан тыс тәрбие жұмысы тәжірибесіне дайындау. Мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша педагогикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
«Сыныптан тыс жұмыс практикаға дайындық» оқу практикасының міндеттері:
мектеп жағдайына білім алушының бейімделуі, әр типті мектептерде сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерін бақылау;
сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны мен ерекшеліктері және мұғалім, тәрбиешінің қызмет, міндеттері жайлы ұғым – түсініктерін толықтыру;
тәрбие теориясынан алған білімдерін тәжірибеда нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдана білу;
тәрбие жұмысының әдістері мен формаларын қамту, білім алушылардыңжәне дара ерекшеліктерін зерттеп танудың әдістері мен құралдарын беру;
тәрбие сағатының жоспарын құра білу, сыныптарда балалармен сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізгенде қажетті іскерлігін қалыптастыру,
оқыту тәжірибесінен өту нәтижесінде машықкерлер біледі:
тәжірибе барысында оқулықтардың мазмұнымен танысу, талдау жасауды;
тәжірибеге қатысты құжаттарды жасақтау дағдысын қалыптастырады:
оқулық пен әдістемелік құралдардағы мазмұнын білім алушының жас ерекшелігіне сай жоспарлай білу;
жас ерекшелігіне сай оқу бағдарламалық құжаттарды жинақтап, сабақты жоспарлай білу.
- тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша білімдерін бекіту;
- тәрбие жұмысы жүйесі мен мазмұнын зерттеуге үйрену;
- тәрбие жұмысын жүргізу біліктерін қалыптастыру, оны талдауға дайындалу;