Тапсырма: Бастауыш сынып оқушыларының талдау іскерлігін қалыптастыру әдістеріне презентация дайындау



Дата21.05.2020
өлшемі16,14 Kb.
#70157
түріПрезентация
Байланысты:
13 ғпзә


Тапсырма:  Бастауыш сынып оқушыларының талдау іскерлігін қалыптастыру әдістеріне презентация дайындау.

Мектеп қабырғасынан бастап, рухани адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу, іскерлігін қалыптастыру жұмысы өз алдына бірқатар міндеттер қойылады:



  • Мемлекеттік тілді оқыту;

  • Ұлттық  мәдени мұраны игеру;

  • Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтеу;

  • Қазақ халқының тарихын терең меңгеру;

  • Салт-дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу.

Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелеу қағидаларын төмендегі кесте түрінде жүйелейді:

  • Ақылды, арлы, намысшыл азамат  болуын  қарастыру;

  • Еңбексүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу;

  • Тән сұлулығын  қарастыру, әсемділікке  баулу;

  • Адамгершілік қасиеттерге  (ізгілікке, имандылыққа) баулу;

  • Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа,  бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу;

  • Табиғат пен қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу;

  • Дене шынықтыруға тәрбиелеу.

Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады.

Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы байқалады).



Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.

20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына ''бригадалық-лабораториялық'' әдіс жүйесіне негізделген ''өздігінен бақылаудың'' түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауап-кершілсіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді. 30 жылдары білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алуды бақылау (Е. В. Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П. Г. Ананьев) көптеп көңіл аударыла бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет