- Тез өршитін ағымы.
- Аурудың бірінші немесе екінші жылында аурудың жеке басының ыдырауы мен толық еңбекке қабілетсіздік басталады.
- Ұстама тәрізді ағымы.
- Науқастарда ұстама мен ремиссия алмасып отырады. Ремиссия кезінде тұлғалық өзгерістері сақталған, ұстама кезінде психоздың жедел көріністерімен көрінеді.
- Баяу ағымды
Дифференциалдық диагностика - Жедел симптоматикалық психоздан
- Неврозбен
- Созылмалы психогениямен
- Мидың органикалық зақымдануынан пайда болған аурулар (эпилепсия, ми мерезі)
Емдеу жоспары - Патогенетикалық ем
- Медикаментозды емдеу (симптоматикалық ем)
- Психотерапия
- Еңбек терапиясы
- Емдеу мекемесінде,үйде, жұмыс орындарында және басқа жағдайларда режим ұйымдастыру
Психофармотерапия - Шизофренияны емдеуде бұлардың ішінде психолептик көп қолданылады. Ал басқалары сирегірек пайданылады.
- Аминазин, трифтазин, галоперидол ағзаға жан-жақты әсер етеді. Психиатрлық практикада емдеу тиімділігі бар дәрі ретінде қолданылып, қозуды бәсеңдетеді, психикалық күш түсуді жояды. Сөйтіп, седативті және ұйқы келтіретін әсерге ие болады. Бұл препаратттарды көбінесе сандырақ, галлюцинациялар және қозу процестері басым болған жағдайда қолданылады.
Симптоматикалық ем - Кататоникалық симптоматика болған жағдайда –этаперазин, мажептил, френолон, эглонил қолданылады. Созылмалы шизофрения кезінде ұзақ уақыт ұстап тұрушы ем жүргіземіз. Бұл жағдайда ұзақ әсерлі нейролептиктер –модитен-депо, галоперидол-деканоат (3-4 аптада 1 рет жүргізілетін инъекция) пайдаланылады.
Нейролептиктерді жоғары мөлшерде қабылдайтын науқастарда неврологиялық әсерлер-нейролептикалық синдром, дәрілік паркинсонизм дамуы мүмкін. Бұл жағдайлардың алдын алу үшін науқастарға паркинсонға қарсы препараттар(циклодол, акинетон), димедрол, бензодиазепинді транквилизаторлар және ноотроптар қолданылады. Егер депрессия, ипохондрия көріністері, сенестопатиялар болса, антидепрессанттар-амитриптилин, мелипрамин, анафранил, лудиомил тағайындайды. - Нейролептиктерді жоғары мөлшерде қабылдайтын науқастарда неврологиялық әсерлер-нейролептикалық синдром, дәрілік паркинсонизм дамуы мүмкін. Бұл жағдайлардың алдын алу үшін науқастарға паркинсонға қарсы препараттар(циклодол, акинетон), димедрол, бензодиазепинді транквилизаторлар және ноотроптар қолданылады. Егер депрессия, ипохондрия көріністері, сенестопатиялар болса, антидепрессанттар-амитриптилин, мелипрамин, анафранил, лудиомил тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |