«Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті»
Коммерциалық емес акционерлік қоғамы
«Ветеринариялық-санитариялық экспертиза және гигиена» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Сальмонеллез ауруы кезінде құс ұшасы мен ағзаларын ВСС және бағалау»
Орындаған: Исахожа Жұлдыз
Топ: ВС-516
Тексерген: Джунисбаева С
Алматы 2022
Жоспары:
І. Кіріспе________________________________________________________3 ІІ. Негізгі бөлім________________________________________________4-9 2.1 Сальмонеллезге жалпы сипаттама __________________________4 2.2 Сальмонелла тобына жататын микробтарды анықтау ________4-8 2.3 Сальмонеллезбен ауырған құс ұшасын ветсан сараптау және бағалау________________________________________________________8-9 ІІІ. Қорытынды_________________________________________________11 ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі______________________________12
І. Кіріспе
Адамда мал өнімдерінен жұғатын улы індеттер және бактерияның уларме улану көптеп кездеседі. Бұл ауруларың ішінде ет және басқа тағамдармен улануда сальмонелла бактерияларының маңызы зор. Сальмонеллез бактериялары сыртқы ортада өте кең тараған. Олар тіпті сау адамның, жануарлардың ішек-қарынында да кездеседі. Сонымен қатар, тағамдарды дайындауда санитариялық ережелер толық сақталмаған және сақтау ережелері бұзылған жағдайда бактериялар тез көбейіп, адамға қауіпті болуы мүмкін. Сонымен қатар адамның тамақтан улануына қатысатын көптеген бір – біріне өте ұқсас бактериялар бар. Олардың көбісі бір тұқымдас. Сондықтан да құс етін және ет өнімдерін бактериялық тексеруден өткізгенде бактерияның түрін анықтау едәуір қиындық туғызады. Улы індетті қоздырушыларға сальмонелла, ішек таяқшасы, протей және басқалар жатады. Бүлардың ішіндегі ең қауіптісі сальмонелла болып табылады. Сальмонелла туыстығына (род) жататын көптеген бактериялардың морфологиялық және культуралдық қасиеттері бойынша бір-бірінен өзгешеліктері жоқ. Сонымен қатар олардың Escherichia және Shigella туыстығымен көп ұқсастығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |