Реферат Тақырыбы: «Сальмонеллез ауруы кезінде құс ұшасы мен ағзаларын всс және бағалау»



бет4/5
Дата24.04.2023
өлшемі298,46 Kb.
#175229
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
кус шарушылыгы реферат

ІІІ. Қорытынды
Сальмонеллез - жедел ішек инфекцияларының бірі. Сальмонеллез тудыратын қоздырғыштардың түрі 700-ден асады. Олар көзге көрінбегенімен қоршаған ортада төзімді, азық-түлікте, соның ішінде жұмыртқа, құс еті(3-сурет), сүт өнімдерінде тез көбейе алады. Себебі ірі қара мал, құстар, шошқа, суда жүзетін құстар негізгі тасымалдаушылары.Тасымалдаушылардан адам организіміне сальмонелла қоздырғышы осы тағамдарды пайдалану кезінде, яғни дайындау, тасымалдау, сату, тағамды өз дәрежесінде кулинарлық өңдеуден өткізбеген кезде, сақтау температурасы сақталмаған жағдайда жұғу қауіпі бар. Ауру жедел басталады, дене қызуы көтеріледі, ішек бұзылыстары болады, басы ауырады, құсады. Сырқаттану әр түрлі формада болады. Аурудың туындауында осы сальмонелла қоздырғышын тасымалдаушы адамдардың да әсері болып отыр. Олар дені сау адамдар, қоздырғышты тасымалдағанымен ауырмайды, ешқандай клиникалық белгілері жоқ. Бірақ сыртқы ортаға ауру тудыратын қоздырғышты бөліп отырады. Сол себепті қоғамдық тамақтандыру орындары мен мектеп және мектепке дейінгі мекемедегі асхана қызметкерлері бактериологиялық зертханадан жылына 1-рет тасымалдаушылыққа тексеріліп отырады. Сальмонеллезбен сырқаттанған жағдайда дереу дәрігерге көрінген дұрыс. Өз бетімен үйде ем алу ауруды асқындырып, ауыр жағдайларға алып келуі мүмкін. Ерте басталған ем өзіңіздің және өзгелердің денсаулығына төнетін қауіпті азайтады. Сальмонеллезбен күресудің негізгі ережелері: - мал, құс өнімдерін белгіленген сауда орындарынан алу; - тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтау; - тағамды дайындау кезінде толық термикалық өңдеуден өткізіп, мүмкіндігінше бірден пайдаланған дұрыс. Қалған тағамды тоңазытқышта сақтап және пайдаланар алдында қайнату керек; - дүкеннен сатып алынған жұмыртқаны үйде содалы ерітіндімен жуу; - шикі және піскен ет, балық пен көкөністерді өңдеу барысында бөлек асханалық пышақ және бөлек тақтай пайдаланыңыз. - ас ішер алдында, сырттан үйге кіргенде қолыңызды сабындап жууды ұмытпаңыз. - жеке бас гигиенасын сақтау керек. Осындай жеңіл ережелерді сақтау сальмонеллез ауруына шалдықпаудың кепілі бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет