ХИМИЯЛЫК БАЙЛАНЫС ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ТУРАЛЫ ҰҒЫМНЫҢ ДАМУЫ
Химиялық байланыстың табиғаты — химияның ең негізгі мәселелерінің бірі. Мұндағы негізгі сұрақ не себептен атомдар бірігіп молекула түзеді? Атомдарды байданыстыратын күштің табиғаты қандай?
1852 жылы ағылшын ғылымы Франкланд химияға атомдылык деген түсінік енгізді. Көп кешікпей бұл түсінік валенттік деп аталды (II тарауды қара). Химияға валенттік .туралы ұғымның енуі химияның ары қарай дамуына үлкен әсерін тигізді.
1861 жылы орыстың ұлы ғалымы А. Н. Бутлеров заттардың химиялық құрылыс теориясын ұсынды. Химиялық кұрылыс теориясы органикалық химия курсында карастырылады. Біз бұл теорияның негізгі қағидаларына ғана токталып өтеміз.
1. Қай заттың болсын молекуласындағы атомдар бірімен- бірі белгілі ретпен қосылысқан.
2. Молекуланың құрамындағы атомдар өзді-өзі тікелей не болмаеа баска атом арқылы қосылысса да біріне-бірі эсер етеді.
3. Заттың қасиеті молекуладағы атомдардың қосылысу ретіне және олардын біріне-бірінің әсеріне, яғни «химиялык құрылысы- на» тәуелді.
4. Заттың химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, оның моле- куласының құрылысын анықтауға болады, керісінше, формуласы бойынша оның қасиеттерін болжауға болады.
Бутлеровтың құрылыс теориясы химиялық косылыстардың сан түрлілігін және изомерия құбылыстарын түсіндіріп, молеку- ланың кұрылысын аныктаудың нақты жолдарын көрсетті. Бұл теория молекуланың қүрылысы туралы ілімнің негізі болып табылады.
Бутлеровтың құрылыс теориясын әрмен қарай Голландия ғалымы Вант-Гофф пен Франция ғалымы Ле Бель дамытты. Олар 1874 Жылы көміртек атомы- ның валенттіктері тетраэдрдің төбелеріне бағытталған деген бол- жам айтты. Вант-Гофф пен Ле Бель пікірі бойынша, егер көміртек атомын тетраэдрдің центрінде орналаскан деп есептесе, оның валенттіктері тетраэдрдің төбеле- ріне қарай бағытталып, бірімен- бірі 109,5° бұрыш жасап тұрады (23-сурет).
Қейінірек органикалык моле- кулалардың құрылысы физикалық әдістермен зерттеліп, Вант-Гофф пен Ле Бель постулатының дұ- рыстығы айқындалды. Сонымен, XIX ғасырдың аяғында валенттік күштерінің белгілі бір бағыты болатыны ашылды.
Бутлеров пен Вант-Гофф, Ле Бель еңбектері заттар молеку- ласының кұрылысын танып білуге үлкен көмегін тигізді. Бірак осыған қарамастан XIX ғасырда атомдардың молекулаға бірігу себебі және валенттіктің мазмұны әлі де белгісіз болып қала берді. Бұл сұрақтарға жауап тек біздің ғасырымызда атом құрылысы анықталғаннан кейін барып табылды. Қазіргі кездегі ұғымдар бойынша химиялық байланыс атомдардың сырткы электрондық каба.ттарының әсерлесуі нәтижесінде пайда болады демек, атомдарды байланыстыратын күштердің электрлік таби- ғатъь-бар деп есептеледі. (Химиялык байланыстың үш түрі бар: коваленттік, иондық және металдык байланыс. Бұлардың ішіндегі ең жиі кездесетіні және ең негізгісі — коваленттік байланыс. /