Компьютерге вирустың жұққанын қалай білуге болады?



бет1/5
Дата13.01.2022
өлшемі21,79 Kb.
#111711
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тапсымалар вирус
4 математика3 тоқсан, kahot, КАК ЗАПУСТИТЬ СВОЙ STARTU1, ЭЛЕКТРОННАЯ ЦИФРОВАЯ ПОДПИСЬ И СЕРТИФИКА1, f60423376f3107, Алгоритм қасиеттері1, Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың əртүрлі əді1, Оқу үрдісінде электронды оқулықты қолдану технологиясының ерекшеліктер1, сыныптан тыс , жоспары

Дербес компьютерлердің адамзат өмірінде алатын орны зор және қазіргі компьютерлерді ХХІ ғасыр адамының жан жолдасы десек те болады. Дегенмен, барлық материялық әлемдегі сияқты компьютер әлемінде де диалектика заңы қатар жүреді. Әрбір құбылыс өзіне қарама – қарсы құбылыс туғызады. Мысалы, қылыш – қалқан, оқ – брон, әуе шабуылы – зениттік ракеталық комплекс. Демек, егер үлкен ақпараттар массасын өңдейтін құрал – жабдық пайда болас, онда оған қарсы әрекет ететін келесі бір құбылыс пайда болатыны белгілі. Компьютер әлемінде мұндай құбылыс ретінде компьютерлік вирустарды мысалға келтіруге болады.

Сонымен «компьютерлік вирус» дегеніміз не? Алғаш рет «компьютерлік вирус» термині ХХ ғасырдың 80-жылдарының орта кезінде Америка Құрама Штаттарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ «компьютерлік вирус» деген ұғымды компьютерлерді қатардан шығарып, жұмысын тоқтататын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді. Қазіргі таңда компьютерлік вирустардың 45 мыңға жуық түрі белгілі болып отыр. Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс жасайтын адам компьютерлік вирус және оның түрлері туралы білгені жөн.

 Компьютерлік вирус – «көбеюге» және басқа бағдарламаларға «жұғуға» қабілетті, өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы жазылған компьютерлік бағдарлама.

Ол компьютерге «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файл арқылы жұғады. Ішінде вирусы бар бағдарлама «зақымдалған» деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет