Әдебиет. 7- сынып.
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин „ Сыр сандық”
Сабақтың мақсаты: 1. Сәкен өмірі мен шығармашылығы жайлы
түсініктерін кеңейту, өлеңнің тақырыбы мен
идеясын ашу арқылы сөз өнерінің құпия
сырына сусындату.
2. Ақын поэзиясының тереңіне бойлату,
шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Оқушылардың дүниетанымын, адамгер шілік
қасиеттерінің көзін аша оты рып, рухани
бағдар беру.
Сабақ түрі: Жаңа білім беру.
Әдіс- тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру, пікірталас.
Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, плакаттар, бейнетаспа.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) (С.Сейфуллиннің „Тау ішінде” әні тыңдалады.)
- Балалар, жаңағы орындалған ән кімнің әні?
- Жақсы, дұрыс, балалар. Мен сендерге С.Сейфуллиннің өмірі мен
творчествосын толық зерттеп, деректер жинақтап келіңдер деп,
іздену жұмыстарын берген болатынмын.
- Кәне, олай болса Сәкен жайлы ойларымызды ортаға салайық
(Оқушы жұмыстары тыңдалады.)
- Дұрыс, балалар, сендер С.Сейфуллин жайлы біраз мәліметтер тауып келіпсіңдер.
2) Теледидардан осы Сәкен творчествосын зерттеушілердің бірі ғалым,
профессор, Сәкеннің жерлесі С.Қирабаевтың сөзін тыңдату.
3) Компьютермен жұмыс.
а) Сәкеннің жерлесі жазушы А.Жұмаділдиннің сөзін оқыту.
ә) Оқулықтан Г. Серебрякованың сөзін оқыту.
б) Сонымен, Сәкен жайлы ой-пікірлерімізді тұжырымдай келсек,
Сәкенді кім деп айтуға болады екен?
Сәкен –ақын. Сәкен — жазушы. Сәкен –революционер. Сәкен- драматург Сәкен- лирик. Сәкен — қоғам қайраткері, Сәкен- ел қамын ойлаған адам. Сәкен –жазықсыз жаланың құрбаны.
в) Сәкен суреті, сұлулығы.
- Балалар, осындай қабілеттерімен қоса, ол кісінің сыртқы бітімі, кескін-
келбеті қандай екен? (Өте сұлу, көрікті, әдемі болған)
Дұрыс айтасыңдар, осы жерде С.Мәуленовтың мына бір өлең жолдарын айтпай кету мүмкін емес, өлең жолдары еріксіз тіл ұшына оралады.
Өмірде жан екенсің қия алмайтын
Өлеңнің құшағына сия алмайтын
Қазақты көргің келсе, міне осы деп
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.
ІV. «Сыр сандық» өлеңі
а) – Осындай сырты сұлу жанның іші де сұлу. Ішкі жан сұлулығынан
шыққан өлеңдерінің бірі – «Сыр сандық»
Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Өлеңнің тақырыбын ашайық.
«Сыр сандық » сөзінің мағынасын ашайық.
«Сыр» деген не?
«Сандық» деген не? Оған қандай заттар саламыз? «Сыр сандық» дегендегі «сандық» сөзі қандай мағынада тұр?
Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы адамның ішкі құпиясы екен.
ә) Мәтінмен жұмыс /Өлеңді мәнерлеп оқимын/
б) Талдау сұрақтары.
- Өлең не жайында жазылған?
- Қандай достық туралы айтылған?
- Арам достық туралы айтылған жерлерді тауып оқыңдаршы.
- Адал достық туралы айтылған жері ше?
- Ақын арам достықты «жем аңдыған тауыққа» теңейді.
- Ақын ойынша нағыз достарды қалай ажыратуға болады?
- Сыр сандықты неге биік шыңға қояды, неге жай ғана төбешікке қоя
салмайды?
Әр адамның ішкі сыры берік қойма болуының сыры неде?
Өлең қандай өлең? /лирикалық/
Е.Смайловтың сөзін оқып кету
Лирикалық өлеңдегі кейіпкер кім?
Ақынның өзі
Ендеше
V. Қосымша материалдармен жұмыс.
- Ендеше, осы лирикалық кейіпкердің бейнесін аша түсу үшін мына
еңбектерден үзінділер оқиықшы. /Оқушыларға таратылып беріледі/
/ Оқушылар еңбектерден үзінділер оқиды/
С.Мұқанов 11 том. 272 –бет
«Ескірмейді естелік» 137- бет
«Ескірмейді естелік» 266- бет
Сұрақ:
Ал, бұл пікірлерді тыңдай отырып, лирикалық кейіпкер жайлы не айтар едіңдер?
Меніңше, лирикалық кейіпкер –жаны таза адам.
Инабат, Мерей, Назгүл
«Сыр сандық »өлеңін Сәкен ағаларың қандай жағдайда жазды деп ойлайсыңдар? Нұрсұлтан, Арайлым
Балалар, ендеше осы өлең қалай, неге туды екен? Сәкен ағаның әдебиеттегі ізбасар інісі Ғ.Мүсірепов пен ғалым Т.Кәкішевтің диалогын тыңдап көрейік. / Магнитафоннан тыңдалады/
VI Өлеңнің тақырыбы мен идеясы
Сонымен, өлеңнің негізгі идеясы не екен?
Адал достықты дәріптеу.
Тақырыбы ше?
Адал дос болу үшін оның бойында қандай қасиеттер болу керек?
Топтастырайық /Бір оқушы тақтаға шығады/
Адалдық
әдептілік шыншылдық
сенімділік
Ал, бұл қасиеттерді бойына жинақтаған адам кім?
/ Адамгершілігі мол/
Ендеше, өлеңнің тақырыбы не екен?
VIІ Топтық жұмыс
І топ — Өлең құрылысына талдау
ІІ топ – Эпитетті табу
ІІІ топ – Адал достыққа байланысты мақал-мәтелдер жазу.
ІV топ — Арам достыққа байланысты мақал-мәтелдер жазу.
V топ – Сурет салу
VІІІ Пікірсайыс
«Досты іздеп табу керек пе?»
«Дос болайық» деп ұсыныс жасауға бола ма?
Дебат элементі
Жақтаушы топ Даттаушы топ
ІХ. Қорытынды
«Түртіп алу стратегиясы»
Сонымен, біз бүгінгі сабақтан не үйрендік?
Не білгің келеді?
Бұрыннан білемін.
Қорытындылай келе айтарым:
«Сыр сандық» өлеңі ой мен сеезім терең қабысқан, өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма.
Ақын тек өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзатты ғана толғандыратын, жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр.
«Кімге обалым, айтыңдаршы
Қаным қайда төгілген?
Ат деген кім? Атқан қайсың?
Қабірім қайда төгілген»
Бұл- Сәкен ағаның даусы. Өкінішке орай, бұл сұраққа алдыңғы толқын аға ұрпақ та, кейінгі толқын біз де жауап бере… алмаймыз!…Бірақ, бір нәрсе анық. Нақақтан күйіп кеткен Сәкендей асыл ағаларымыздың обалы – опасыз суайттарда, екі жүзді көлгірлерде, «басыңа бұлт төнсе» іздеп таба алмайтын «көлеңке- доссымақтарда»». Олардың бойында оянбай қалған адамдық қасиеттеріне тамызық болып ояту – біздің адамзат алдындағы борышымыз. Осы жолда пана болар, алдымызға салар ағамыз бар.
Ол – қалың заңғар, құзды шатқа жарасқан тіп-тік шыңдай тәні де сұлу, жаны да сұлу, Сәкен аға, Сізсіз!
Х. Үйге тапсырма беру, бағалау
Өлеңнен үзінділер жаттау.
«Кездессе маған сол бейне» атты шығарма
Сабақ тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңін оқып,тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашу, лирикалық кейіпкер, бейнелеу құралы символ туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, әсемдікті тану, эстетикалық рухани бағдар беру.
Сабақ түрі: Жаңа шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивтік тақта, мультимедиялық көрсетілім, тірек-сызбалар пайдалану, тест сұрақтары,сұрақ-жауап, түсіндіру, ойталқы, талдау,рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин суреттер топтамасы, хронологиялық кесте, тапсырмалар, нақыл сөздер, естеліктер, кітаптар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет-тарих-музыка.
Қажетті жабдықтар: Домбыра, интерактивті тақта, әдеби кітаптар, плакат, сызбалар, электрондық оқулық.
Сабақтың жүргізілуі:
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасы.
1-слайд
І.Не біліп келдік?
Сұрақ: 1. Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз. Шолу жаса.
2.Жамбыл ақынның қандай өлеңдерін жаттадық?
3.Жамбыл кім? Бар білетініңді тірек-сызбаға жинақтап жаз (плакатқа жазады)
Топтастыру стратегиясы
..... ...... ......
Жамбыл
...... ...... .......
Білімді тиянақтау кезеңі
Мультимедиялық көрсетілім
(Домбыра әуені жіберіледі)
1.Жамбыл портреті
2.Жамбыл домбырасы мен «Ұлы заң» жинағы
3.Дина мен Жамбыл
4.Жамбыл ақын балалары Алғадай мен Ізтілеу
5.Әке мен бала қарт. Жамбыл баласы Тезекбаймен
6.Жамбыл ақын Мәскеуде. 1936 жылы
7.Жамбыл мен Сәкен Сейфуллин 1936 жылы
(Жоғарыдағы суреттер интерактивті тақтада көрсетіледі)
Мұғалім: 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткен еді.Бұл мәдени шараға қазақ елінен Жамбыл-Сәкен бастаған делагация қатысты. Онкүндікті жыр алыбы Жамбыл «Халық сәлемі» атты жырымен ашып, күллі халыққа қазақ жұртын, Сәкендей алыптарын танытты.
Бүгінгі жаңа сабағымыз Жамбыл жанындағы ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті қайраткері, сұлу жанды Сәкен ақынға арналады.
2-слайд
С.Сейфуллин портреті
3-слайд
ІІ.Не білгіміз келеді?
Жаңа сабақ
С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
1.Ұлылар ұлағатынан
Өмірде жан екенсің қия алмайтын
Өлеңнің құшағына сия алмайтын
Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.
Сырбай Мәуленов
«Буденныйдың мұртындай қайырып тастаған мұртты, қара толқынды келген шашты, өзі аққұба, көз қиығы ерекше, денесі сом, ердің ішіндегі аса бір сымбаттысы, кісілігінде еш міні жоқ.»
Ғабит Мүсірепов
«Ескірмейді естелік»кітабынан
4-слайд
2.Сәкен өмірі мен шығармашылығы
а)Хронологиялық кесте
1894 жыл 23 мамыр Ақмола облысы Нілді болысында туған Шын аты-Сәдуақас.Әкесі Сейфолла-домбырашы,саятшы,ашық адам.Анасы Жамал-әңгімешіл,өнерге жақын жан.
1905 жыл 11 жасында Нілді зауытының орыс-қазақ мектебінде.
1908-1913 жылдары Ақмола 3 кластық училищесінде.
1913-1916 жыл Омбы мұғалімдер семинариясында.
1914 жыл Қазанда «Өткен күндер» тұңғыш өлеңдер жинағы шықты.
1917 жыл «Жас қазақ» ұйымында,«Тіршілік газеті» редакциясында.
1918—1919 жыл Омбы лагерінде азап вагонында.
1922-1936 жыл Халық-ағарту қызметтерінде.
1936 жыл Әдеби қызметінде 20 жыл, Мәскеу қазақ өнері онкүндігінде.
1937 жыл Халық жауы атанды.
1938 жыл 25 ақпанда Алматы түрмесінде атылды.
1957 жыл 30 наурызда ақын ақталды.Халқымен қайта қауышты.
5-слайд
ә)Шығармашылығы
«Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Домбыра», «Тұрмыс толқынында», «Қызыл ат»,»Көкшетау», «Аққудың айырылуы» поэмалары, «Тар жол,тайғақ кешу» романы, «Жер қазғандар», «Жемістер», «Бандыны қуған Хамит», «Айша» әңгіме-пьесалары.
6-слайд
б) Ақын мұрасының зерттелуі
Сәкентанушы ғалым-профессор Тұрсынбек Кәкішұлы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Г.Серебрякова, т.б.
3.Электрондық оқулықпен жұмыс
«Сыр сандық» өлеңін тыңдату, оқулыққа көз сала оқып шығу).
(Дауыспен тыңдатылды)
4.Қосымша ақпарат мұғалім сөзімен:
Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған.Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады.Бірақ кейінгі бір кездесуге Сәкенді жаңағы досы танымайды,шақыртқанына келмепті.Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш,жарамсақ.Былтыр күтіп,аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам ғана шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты.Әрине,бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде (фил.ғыл.докторы С.Талжанов) осылай сақталғанымен, Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Өмір,достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза,ешкімге қиянаты жоқ.Адалдық пен арамдық,мансап пен ар-ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды.Дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды.Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға,нулы шатқалға,мөлдір суға,қымбат жасауға ұқсатады.Жанама,жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер-адам бойындағы жақсы,жағымды қасиеттер.Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.
ІІІ Нені білеміз?
7-слайд
Мәтіндік жұмыс
1-тапсырма:Өлеңнен айшықты сөздер мен сөз тіркестерін дәптерге теріп жазыңдар.
Тіркестер мен айшықты сөздер;Нағыз дос,сымбатты тау,құзды шат,аққан су,сылдыраған бұлақ,шың басы,алтын жазу,қымбат жасау,сыр перне,алтын сарай,сұлу сым,т.б.
8-слайд
2-тапсырма:Өлең құрылысына талдау жаса.
(4 тармақты,2 бунақты,7-8 буынды,шалыс ұйқасты өлең
9-слайд
3-тапсырма.Мақал-мәтелді жалғастыр.
1.Доссыз өмір-...... ...... (сөнген көмір)
2.Адамды ..... таны (жолдасынан)
3.Жақсымен дос болсаң,жетерсің ..... (мұратқа)
Жаманмен дос болсаң, қаларсың .... (ұятқа)
4.Досы көпті .... алмайды (жау)
Ақылы көпті ..... алмайды (дау)
5.Дос ......,дұшпан ...... айтар (жылатып,күліп)
10-слайд
4-тапсырма.Ұйқасын тап,ойлан.
1.Достықты берік .... (сақта)
Дос сенімен ..... (ақта)
2.Болмасын ..... достық (амал)
Болсыншы ..... достық (адал)
3.Шын достықты ..... (жасайық)
Дұшпандықтан ..... (қашайық)
4.Достық үшін ...... (күрес)
Саған тиген ..... (үлес)
5.Сыр сандыққа шын достықты сыйғызған,
Сәкен ақын неткен ғажап,....... ...... (неткен жан)
11-слайд
«Сыр сандық» өлеңі желісімен сіздерге психологиялық тренинг тапсырмалар
а)Достық деген не?
ә)Жақсы досты қалай табамыз?
б)Нағыз достықты жасауға бола ма?
в)Ата-анаңмен ақылдасасың ба?
г)Дос қатесін кешіруге,түзеуге бола ма?
(Оқушы ойларын тыңдау немесе жаздырту).
Мұғалім: Зерттеуші Қажым Жұмалиев сөзімен айтсақ,
«Сәкен-көркем сөздің ұстасы,новатор,жаңашыл ақын,жұрт таңғалғандай үздік образдар жасаған сұлу сөз иесі.»
Сәкен шығармалары-сұлулық, тазалық,адалдық идеалы.Лирикалары ерекше символдық белгілермен өзгеше.
12-слайд
Әдебиет теориясынан
Интерактивтік тақтада:
Лирикалық кейіпкер-өлеңдегі ішкі сезімін көңіл-күйін білдіретін ақынның өз бейнесі, жиынтық образы.
Символ-әдебиетте ойды астарлап суреттейтін ерекше балама бейне.
Сәкен символдары
Бекіту кезеңі
13-слайд
Тест сұрақтары:
1. «Сыр сандық» кімнің өлеңі?
а)Сәкен ә)Ілияс б)Абай
2.Сәкеннің шын есімі?
а)Ибраһим ә)Шоқан б)Сәдуақас
3.Сәкен достық туралы қай өлеңінде жазды?
а) «Тұлпарым» ә) «Сыр сандық» б) «Көкшетау»
4.Сәкентанушы ғалым кім?
а)Т.Кәкішов ә)С.Қирабаев б)А.Байтұрсынов
5.Сәкеннің туған жерін ата?
а)Жетісу өңірі ә)Ақмола облысы б)Павлодар
6.Сәкен Сейфуллин қашан ақталды?
а)1917 жылы ә)1980 жылы б)1957 жылы
7.Сәкен Сейфуллин кім?
а)Лирик ақын,композитор
ә)Суретші,ғалым
б)Автор,тұлпар,күйші
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Бүгінгі сабақта Сәкен ақын емес,композитор екенін де айта келіп, «Тау ішінде», «Көкшетау», «Жас қазақ марсельезасы» т.б. әндері бар екенін естеріңізге салайын.Сабақ соңын сыршыл ақын Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» әнімен аяқтасақ.
Ән: Ақсақ киік Бахрадинов Нұрлан (домбыра сүйемелдеуімен)
Рефлексия
Сабақта қандай сезімде болдыңыз? Сабақтан қандай әсер алдыңыз?
Үй тапсырмасы: Ақын өлеңдерін жаттау.
«Досқа айтылар сыр» ішкі толғаныстарын монолог ретінде қағаз бетіне түсіру.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |