Шаймерден Қосшығұлұлы Көрнекті Алаш қайраткері, діндар Шаймерден Қосшығұлұлы



бет1/2
Дата22.12.2021
өлшемі77,4 Kb.
#683
  1   2

Шаймерден Қосшығұлұлы

Көрнекті Алаш қайраткері, діндар  Шаймерден Қосшығұлұлы  1874 жылы  Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысында туған.



Жас шағында ауыл молдасынан хат таниды, кейін Көкшетаудағы Науан хазірет медресесінде және Бұхарада оқиды. Мұнан соң осы қалада 1886 жылы жұртшылық қаржысымен салынған, Мезгіл болысының азаматы Наурызбай (Науан хазірет) Таласұлы ұстаған мешіт жанындағы интернаттың мұғалімі болады. Бұл кезде ол ұстазымен бірігіп, Ресейдің шоқындыру саясатына ашық қарсы тұрады. 1903 жылы Абай Құнанбайұлы сынды қазақтың білікті, сыйлы азаматтарына патшалық режимнің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас қосу жөнінде екі мәрте хат жазады. Осы күресі үшін имам Н.Таласұлы екеуі абақтыға жабылады. Жандармерия тексергенде, Көкшетау мешітінен «цензура» өткізбеген 164 кітап және күмәнді қолжазбалар шығады. Ақыры патша өкіметі 1903 жылы шілдеде Шаймерденге - 5 жыл, Науанға - 3 жыл кесіп, Үркіт генерал-губернаторының бақылауына Батыс Сібірге жіберіледі. Бұл жерден оларды Якутияға жер аударады. Осы заңсыздықты Ә.Бөкейхан мен М.Сералин жауапты орындарға, орыс зиялыларына дәлелдеп айта жүріп, бірнеше министрдің қабылдауында болып, оларды 1905 жылы наурызда босатып алады. Осы жылы М.Тынышбайұлы, С.Шипабекұлы секілді қайраткерлермен бірге Петерборға барып, патша өкіметіне қарсы шеруге қатынасады. Сонан соң Нижний Новгородта ашылған жалпыресейлік мұсылмандар сиезіне қатысады. Елге келген соң күрескер азаматты халық 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлайды. Бірақ ол бүл жолы «орыс тілін білмейді» деген желеумен депутаттыққа тіркелмеген. Ресми өкімет, халықты сатып жүрген тілмаштар қайраткер туралы неше түрлі алыпқашпа сөз таратқан. Бұл шақта қайраткер Балықты көлдегі алты бөлмелі ағаштан қиып салған үйін мектепке айналдырып, орыс мұғалімін жалдап, балалардың оқу шығынын өзі көтерген. I Мемлекеттік Дума таратылған соң, патша II Думаға сайлау жарлығын шығарғанда қайраткерді халық тағы да парламентке ұсынады. Ол Петерборға аттанады. Дума мүшесі болады. Бұл Дума да таратылғанда қайраткер өз қаржысымен астанада татардың «Улфат» (Бірлесу) газетіне қосымша ретінде «Серке» газетін шығарады. Қазақтан кісі сайланбаған III Думаға «Жер туралы» Заң жөнінде сұрау (запрос) салады. 1907 жылы Алаш көсемі Ә.Бөкейханның тапсырмасымен Түркияға барып, үкімет, парламент басшыларымен кездеседі. Түріктің бір газеті арқылы II Николайға мәлімдеме жасайды. Діндар 1917-1919 жылдардағы Алаш қозғалысынан да шет қалмайды. Кеңес өкіметі оны 1931 жылы Петропавл түрмесіне жабады. Әбден қиналған, саясаттан теперіш көрген қайраткер 1932 жылы Омбы жерінде қайтыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет