Әдебиетіміздің жарық жұлдызы



Дата05.11.2016
өлшемі154,22 Kb.
#961
ММ « Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.».

Қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесіннің

тілдерді дамыту бөлімі.

« Әдебиетіміздің жарық

жұлдызы »

Ғабиден Мұстафиннің 105 жылдығына.


( Әдістемелік құрал )

Теміртау қаласы 2007 жыл



ӘДЕБИЕТІМІЗДІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
«Өлгендерден өсиет боп сөз қалар,

Міне саған өсиетім ой салар

Өсиет сөз –сөз ғой халық іздеген,

Одан пайда түсіп тұрар жүздеген»

( Ж..Баласаұғыни )

Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының қазіргі Бұқар жырау ауданында, осы күнгі Теміртау қаласына жақын Жауыр тауы, Нұра өзені бойындағы Сарытөбе деген жерде туған. Болашақ жазушының балалық шағы өз ауылында, ата-анасының қасында өтеді. Жас кезінде Ғабиденнің есінде мықтап сақталған бір нәрсе – туған жерінен көшіп келген орыс шаруаларына тартып әперіп, елді Қарағандының Спасск зауытына қараған бетіндегі қырға зорлап көшіруі еді. Туған жермен амалсыз жылап қаштасқан, өкіметтің әділсіздігінен зардап шеккен халықтың көз жасы жазушының зердесіне әбден орныққан. Оның отаршылдыққа, зорлық-зұлымдыққа қарсы ойының оянуы да осыдан басталады. Оқуға талап қылған ол әуелде ауыл молдасынан оқып, хат таниды да. Спасск зауытының табельшісі Мауқымның Жүсібі деген кісіден орысша сабақ алады. Ғабеңнің ресми оқуы осымен аяқталады. Бірақ ынталы жас өз бетімен ізденіп, үлкен сабақты өмірдің өзінен алады.

Ғабиден ағаның әкесі Мұстафа шаруа баққан, дәулеті шағын адам болыпты. Шала сауаттылығына қарамастан екі рет қажыға барған. Алғашқыда бір үйір жылқысын сатып, шиеттей үш баласын тастап (онда Ғабиден бір-екі жаста екен) барса, екінші рет Жолжан деген байдың қаржысымен барған, бедел қажы атанып қайтыпты.Жас кезінде Ғабең ауылдағы молдадан діни сабақ оқыған.

1925 жылдың көктемінде жаңадан үйленген келіншегімен Қазақстан астанасы Қызылордаға оқу іздеп келсе де, оқуға түсе алмайды. Қазахстан жоғарғы сотында қағаздар тіркеушілік жұмыс атқарады. Қолына түскен газеттерді үзбей оқуының арқасында жазуға ден қояды. Алғашқы да ұсақ хабарлары «Еңбекші қазақ» газетінде үзбей басылып тұрады.

Жазушының «Сәрсен мен Боқыш» аталатын тұңғыш әңгімесі 1927-1928 ж. «Жыл құсы» журналында жарық көрсе, 1929 жылы «Ер Шойын» деген

жинағы баспадан шығады. Жастығына қарамай Тоғжанов, Сейфуллин сияқты қаламгерлермен пікір таластырып, өз ойын батыл айтатыны кейбіреулерге ұнамайды. С.Сейфуллиннен басқасы қағажу көрсете бастаған соң, 1930 жылы

Қарағандыда қара жұмысқа кіреді. Жер қазып, темірдің тотын қыру сияқты жұмыстардың бірнеше сатысынан өткен соң, токарь болып шығады.

Алғашқы журналистік жолы « Қарағанды пролетариаты » газетіндегі жауапты хатшылықтан басталады. Кейін 1933-1938 жылдары Новосібірде шығатын « Қызыл ту» газетінде жалғасын тапса, газет жабылып қалады. Содан 1938 жылы Алматыға

қоныс аударып, «Өмір мен өлім» романын жазуға отырады.

Мұнда ежелден көшпелі, малшы елдің Қарағанды сияқты үлкен өндірісті елге айнала бастағанын, социалистік күресте ішкі, сыртқы жаулырын қалай жеңіп шыққанын көрсетті. Ал «Шығанақ» романында көшпелі ауылдың отырықшы, колхозды ауылға айналғаны көрініс тапты. Романның бас кейіпкері Шығанақ Берсиев өмірде болған адам. Тары өсіруден төрт рет дүниежүзілік рекорд жасаған. Ақылды, еңбекқұмар, ізденгіш, алғыр қарт арқылы халқының бойындағы асыл қасиеттерін айтуға құлшыныс жасайды.

Жазушы миллионер колхозды, жоғары білімді басқарманы естіп көрген емес. Бірақ болжап,бағдарлауы арқасында «Миллионер» романы өмірге келді. Бүгінгі Қарағанды жұмысшыларының өмір, тіршілігін көрсету мақсатында «Қарағанды» романы туды.

Ғабиден аға өзі өмір сүрген, өз дәуірінің жыршысы болса да, кейін НЭП, ірі байларды тәркілеу оқиғаларына қалам тартып, «Дауылдан кейін», «Көз көргендер» романдарын көпшілікке ұсынды.

Дүниежүзі әдебиетшілері ішінен В.Гюгоның оқиға, сюжет құруына, адамдардың ерлігіне, ал Л.Толстойдың суреттеуне қызығушылық танытыды. Қазақ жазушыларынан М.Әуезовтің сөзінің салмақтылығы мен ойының тереңдігіне, Ғ.Мүсірепов сөзінің дәлдігіне, жинақтылығына, мысқылына тәнті болады. Бірақ екуінің де сөз қасиеттерін електеп екшеп өткізіп, ұлпасын ғана кәдеге асырып отырған.

Жазушы еңбегі – қиын, жаупты, ең ардақты еңбек. Ғылымдағы сияқты, көркем әдебиетте де даңғыл жол болмайтынын ерте түсінген қаламгер:



  • Мен алдыма қарасам, тым артта қалыппын деп қорланамын. Артыма қарасам, менен де кейін қалғандарын көріп жұбанамын. Оңаша бөлмеде ұзақ уақыт ой тізіп сарғая отырғанымда жер тәңірісі - бір өзім. Тізгендерім көп талқысына түскенде мен бір жаңа түскен келін. Егер жазушының басына қарама-қарсы екі қасиет оралмаса, жазушы шығарма үстінде өзін халық ойшылы, қоғам қайраткері деп, шығармасы біткен соң бұлардың тек атқасшысымын деп сезінбесе, ондай жазушыны нағыз жазушы деу қиын. Нағыз жазушыны ғана айтып қоймай, солай болсын деп те айта алады, - деген тұжырымы мен көңілге түйгендерін радиотыңдаушыларға жеткізгенде, шексіз алғыстарын білдірген хаттардың түйдек –түйдек келгенін жазушыға айтқанымда, Ғабиден ағаның қуанышында шек болмады.

Ғабиден аға тағы бірде үйіне келуімді өтініп, телефон соқты.Үйге кіріп жайғасқан соң:

  • Жеңісжан, мына магнитафон жұмыс істемей қалды. Осыны жөндетіп әкеліп берші,-деді.

  • Ән-күйлер тыңдауды ұнатады екенсіз ғой, - дедім көңілденіп.

  • Ия, ондайым бар. Бірақ қазір көзім нашар көреді. Ойларымды магнитафон таспасына түсіремін. Оны жеңгең қағазға көшіреді. Бұл қаламның орнына қызмет атқаратын құрал. Өте қажет,- деп сырын бүкпесіз жайып салды

Кезінде Ғабиден аға «Қазақ әдебиеті» газетінің Жаңа жылдық сұрақтарына жауап бере келе өмірде нені жақтырмайтыны жайлы былай дегені бар: «Толып жатыр: арам өмір, сылдыр сөз, жиі жиналыс, мақтан, өсек, зұлымдық».

Расында, жазушы өмір бойы өзін осылардан аулақ ұстаған. Қазақ қаламгерінің ішінде Ғабиден Мұстафин мен ақын Тайыр Жароков болған жерлерінде көп сөзге үйір болмай, біреуді ғайбаттамай, жон-жосықсыз мақтамай, арттарына сөз ермей өмірден өткен адамдар.

Әдебиет ой мен тілдің жемісінен туса, жазушы бұларды өз халқынан үйренеді. Сол үйренгендерін ой домнасыдна балқытып, қайтадан халқына сый-сыбаға етіп ұсынады.

Осы орайда Ғ.Мұстафин шығармаларында кездесетін қанатты сөздердің бірнешеуін мысалға келтіре кеткім келіп келеді.

- «Өнер алды - қызыл тіл». Тіл - қаруы сөз, сөз қаруы ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жөғары қасиеті.

- Бақ – кейде тауып, кейде ауып қонады. Ауып қонса есіртеді тауып қонса есейтеді.

- Асқанға аспан да аласа, тойғанға тоқты еті топырақ.

- Көңіл арсыз, нәпсі-мешкей, жетегінде жүре берсең қатарсың сеспей.

- Сөзі былдыр, ойы бұлдыр, қолды-аяққа тұрмайды құрғыр.

Осындай мақал-мәтелдерге ұқсайтын орамды ой-пікірлерімен қоса Ғабиден аға майдандағы жауынгерлерді жауын жеңуге, Отаншылдық рухқа шақыратын Р.Елубаевтың «Жас қазақ» әніне өлең жазғанын айтпай кетуге болмайды. Әннің әуеніне орай жазылған өлең жолдары күні бүгін бойымызға жігер, жүрегімізге өжеттік отын маздатады.

Ғ.Мұстафин жайлы ойымды бірге сапарға шыққан кездегі бір оқиға жайлы жазылған өлеңмен аяқтағым келеді.
Шоқтығы биік етіп қалың елден,

Табиғат туғаннан-ақ дарын берген.

Бір күні сәті келіп жолға шықтым,

Жазушы аға - Мұстафин Ғабиденмен

Жүрісін бір сәтке де суытпаған,

Басшымыз шофер жігіт білікті адам.

Біздерді күлкі - әзілге қарық қылып,

Атқарар өз міндетін ұмытпаған.

Құлағын түріп, иіп асыл басын,

Ғабекең болғанға риза қасында шын.

Бал сөзі жүрісімен жайлы шофер,

Сыныптай сырғытады машинасын.

Қонғанда жотасын күн төбенің,

Сезіндік кешікпей-ақ түн келерін.

Балқаш пен Ағтоғайдың арасында,

Адастық жазығында ту көденің.


Табатын жол нөсерлі жауындардан,

Бөгетсіз қыста өтетін қалың қардан,

Ел іздеп кезді шофер айналаны,

Қарайған көрінбеді ауыл маңнан.


Алмадай піскен батты балбырап күн,

Демеймін жолсерікке қалжыраттың.

Көшуге жүкті буып, көлік кеткен,

Басынан ел кез болды Балбұлақтың.

Жазса да тағдыр біраз адасуға,

Жете алмай мақсатыңа қаласың ба.

Үркердей жанды көріп айдаладан,

Түскені көңіліміз сабасына.




Ал енді өз творчесвомның алтын бесігі болған бұрынғы «Қарағанды прлеториаты» бүгінгі «Орталық Қазахстан» газетінің оқырмандарына қандай тілек айтуым керек. Мен реалист адаммын. Тілектің өзін айтқанда, өлшеп айту керек тәрізді. Мен қалдырған еңбектер туған халқымның біраз кәдесіне жараса деген тілекпен кетемін. Бұл бір. Екіншіден, адам алдынан гөрі артына көп қарайтын сияқты. Келешегі қызығы көп жас кезінде адам көбінесе алға қарайды, алға ұмтылады. Ал, қарт адамның артына көп қарайтыны – оның небір қызық шақтары, еңбегінің жемісті болған кезеңдері, өмір сырын көріп - біліп таныған шақтары, артта қалып қойды. Сонымен бірге адам өзінің артында келе жатқан ұрпақты көреді. Олардың бірінің жетістігіне қуанады, екіншісінің кемшілігіне қиналады.

Сондықтан, біздің тілегіміз осы кейінгі жас кауым алдындағы толқынмен ілесіп қана қоймай, озып кетсе деймін. Өйткені, оның озуына, шарықтауына керек мүмкіндіктің барлығы қазір бар. Бір кезде біздің арманымыз болған дәуір жас қауымның қолында. Заман қарыштап алға кетіп барады ендеше біздің ұрпақтарымыз да сол дамуға лайық болсын.

Ғ. Мұстафин.

1982 жыл, желтоқсан

«Толғану».

Туған жерде

Өзі болған жігітке қайда барса да орын бар. Бола амаған жігітке ен далада орын тар. Болғанда да, бола алмағанға да кіндік кесіп туған жер, қаздай қалқып өскен ел сенен ыстық бар ма екен!

«Керала атты» сауырлай салған құла жолмен қайқаңнын қыр жотасына шыға келгенде көне жер көзге оттай басылады. Бәрі таныс бәрі жылы шыраймен қарайды. Ағаш ат, тал садақ, асық ойнаған тақыршақ, балуан күрескен жер – ана, сонау бала шақты еске түсіріп күлімдегендей болады...

Осы қайқаңға шығып, төңірекке көз жібермегелі дәл он бес жыл өтті. Бұрын ондаған жылдар өзгергенін білдірмеген дала, танып алғысыз түрге еніпті. Қарсы алдымызда, қарауытып қара Нұра жатыр. Ботақара көз ұшында мұнартады. Жауыр тау міне, Нұра – теңіз, күндік жер – көз тұнар ел боп кетіпті. Бұл қай ел, қай теңіз? деп қапелімде көз бір тосырқады.

Балекең ақырын ғана ыңылдайды. Үш бесжылдықты осы аумақта көзімен өткізген қарт, кеннің ғана инженері емес ұлы өзгерістің де шежіресі сияқты.Ол әңгімені әріден қозғайды

-Көмірекеңнің кереметі ғой, шырақ.. – деп бастады бір кезде...

Біз шыққан жонның жотасынан төңірек тегіс көрінеді.

Қарағанды арт жақта, ертеде, байтақ жонның бетінде, ауыл аймағындай ғана қара-қоқырдың ортасында шошайған жалғыз тұрба бұл күнде өрбіп кеткен. Қара жартас көк мұнар, қайнаған қала батысқа қарай бет асып кете барды. Ескі Қарағандының маңында Бұқпа, Қызыл құдық, Аққұдық, Қампан поселкелері қаламен тұтасып кеткен. Советтік Қарағанды қазір қара Нұраны жастана ,аяғы Шерубай тірей жатыр. Екі Нұраның арасы қысқа күнде күндік жер, ертеде Алтай руының мекені. «Арғын болсаң Алтай бол» деген мәтел Қарғандының дәл осы бейнесіне қарай айтылған тәрізді. Жалшы, жылқышы Алтай бала жаһанды кезіп келіп, мойымас қара алтынды жастана жатыпты

- Қарағандының сусыны, жүрегі ғой мынау,- деп сөз ел мақтаны болып кеткен. Туған жердің толықсыған бейнесіне қарап тұрып,оңашада ішімнен мен де бір мақтандым.

-Қарағандының сусыны, жүрегі ғой мынау, - деп Балекең көк теңізге қарай иегін көтеріп тұр. Ұзындығы жиырма бес-отыз, көлденеңі төрт-бес километр көк жойқынның ортасында «Кіндік тобенің» төбесі ғана қылтияды. Бек, Оразбек ауылдарының маңындағы қыстаулары, Қожыр поселкесі судың астында қалған Қожыр тауының өзін су үш жағынын қоршап алыпты. Нұра-Нұра болғалы талай шалқып тасыған болар, суатынан талай мың иектеп жүзіп қалқыған болар. Бірақ, ешуақытта мұндай теңіз болған емес, арнасын бұзып өрге қарай аққан емес.Алып Қарағанды әлдеқайда биік жонның бетінде, шөлде жатыр. Көлкіген Нұраны қос

түтікпен күндіз- түні сорып жатыр. Бір түтік жер астында,су тартады, Қарағандының барлық механизмін жүргізіп тұр. Екінші түтік аспанда,тоқ тартады. Бүкіл Қарағандының жан-жануарын суарып тұр. Екінші түтік аспанда, тоқ тартады, Қарағандының барлық механизмін жүргізіп тұр. Екі түтіктің кіндігі Қарағандының электр станциясы – КарГРЭС.

КарГРЭС – жаратылыс асауын ноқталап мінудің айқын бір бейнесі. Өмір бойы ырық бермеген асау Нұраны терең сағадан қылғындыра буыпты да, буынып бара жатса босатып, тыныстата қоятын бес темір қақпа жасапты.Бесеуінде бес өзеннің күші бар.Жазғытұрғы тасқында буынған Нұра буырқана соқса да, қолдан жасаған бес тиекті тебіренте алмай, жағадағы жартасты долы толқын жеңбей тынар емес, дүлей күшті жөнге салыпты.

Батысқа қарай көлденең тартқан «темір астау» терең арна толқындары түйдегімен жұтып жатыр. Осы арна бірнеше километрге созылады. Екі жағы суырмалы огород. Сонау Сырғабай төбешігіне дейінгі кең алқап көкпеңбек,өнімі ішіне сыймай лық-лық етеді. Арнасынан асқан Нұра алып Қарағандыны ғана емес, ен даланың да түгін түлетіп, түрін құлпыртып жібірген...

Батысы – сол құлпырған дала, шығысы - тау бауырында тулаған Нұра, аралықтан әдемі қала өскен. Қаланың көп қабатты, алуан түсті, заңғар үйлер бар. Үй маңы өрбіп келе жатқан бәйтеректер.Дәл ортада үлкен бақ...

Сәулетті қаланың шапшаң өскендігі сонша, тұрған халық ат қойып та үлгермеген. Дұрысында бәрінің сағалағаны Нұра. Қаланың аты Нұра болса бәрі де ырза болар еді.

Судан бу алып, будың күшімен электр қуатын өндіріп тұрған КарГРЭС-тің іші толып жатқан шытырман. Техниканың алуан тетіктерін сөзбен ұғындырудың қиыншылығы сонша, ең ақыры кочегар жолдас та өзгеріп кетіпті. Омырауында Еңбек Қызыл Ту ордені бар қазақ жігіті бір әсем сарайда бір өзі отыр. Сарайдың іші-тым зейнетті ғылыми-зерттеу лабораториясына, жігіт ғалымға ұқсайды.

- Кочегар дегенше, машинист деу керек, - деп комбинат бастығы Рачев жолдас түзеген болады. Оған қанша түзелгенін қайдам, әйтеуір, техника өзгерісі – тілдің де өзгерісі екенін, электр қуаты-барлық істің, мәдениеттіліктің кілті екенін бір кочегардың өзі-ақ дәлелдеп тұр. Ал, станциыяның өзі Қарағанды мен Қарағанды металл заводын, тағы бір алып құрылысты жүргізеді.

Келешегі қазіргісінен де күшті электр коммунизмге жетпей жай табар ма!

-Қара жарыста өза берсе, түбі сол тегін емес, - деп күлімдейді, - станциямен бірге өскен, қара жұмысшыдан монтаж цехының бастығы болуға дейін көтеріліп, жақсы еңбегі үшін жаңадан ғана орден алған Ықышев Алтынбек. Электр цехының бастығы Асылбеков те төменен өрлеп, орденге жеткендердің бірі. Өскен техника адамды да өсірген.

Қалаға ерекше көрік, тыныс беріп тұрған үлкен бақты нұсқап:

Тәжиев жолдас жасатып кетіп еді,- дейді жұмысшылар. Сол бақтан шығысқа қарай станцияны қоршай жиырма мың түп ағаш егілген. Енді бірер жылда, Қалың ағаштың ішінде, тау бауырында, тулаған өзен жағасында демалыс саяхат орны боп көрінгелі тұр КарГРЭС.

Шіркін Нұра, жер шұрайы сенен өтер ме! Көмір, темір, электр, егін – бәрі сенен өрбіп тұр.



Ғ. Мұстафин. Орталық Қазахстан. 12 қазан

1945жыл


Кезінде Ғабиден творчествосын жаңаны көргіш, қабылдағыш, өмірге батыл аралсқан жаңашыл творчество есебінде әйгіленді.

Оның кітаптары Одақ, дүниежүзілік көлемде кең талқыланады. Көптеген шет тілдеріне аударылды. Бұл тұрғыда қазақ жазушыларының ішінен Әуезовтен кейін одақтық аренаға танылған кісі Ғабиден болды. Фадеев оның романдарын елімізге ғана емес, шет елдерге барып та мақтады. Ғабиден әдебиет өмірде болған нәрсені ғана тізуші емес, өмірдің өзіне де ой салып отыру қажеттігін қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі боп көтерді.

Ғабиденнің өмірмен байланысты нық, творчестволық жағынан белсенді жазушы аталуы мен оның өз дәуірінің жыршысы есебінде мойындалуының сырлары да осында

Ол өмірді күрес деп емес, еңбек деп ұқты. Өйткені, кұрескеннің бәрі жеңіске жете бермейді. Ал еңбек еткеннің ешқайсысы жеміссіз қалмайды. Сондықтан-да ол тек қана еңбекті насихаттап, еңбекті дәріптеді.

Жазушы творчествосының осы ерекшелігі оның атап айтарлық тағы бір сипатын еске түсіреді. Өз заманының ойшыл жазушысы есебінде Ғабиден ойлары, қоғамдық құбылыс, болмыс туралы сезінулері оның кітаптарында толық көрініс тапты. Оның шығармашылық жолының табысты өтуі де осымен байланысты болды. М. Әуезов мұны жазушы жолындағы «үлкен бір ырысты сәттілік» деген еді. Ұлы жазушы өзінің тете інісінің еңбектерінен оның өз бойына біткен ойлылықты, ақыл-парасатты, жазушылығына жетекші болған тәлім тәрбиені көріп қуанды. «Мұнда да өмірден жазушылыққа, жазушылықтан өмірге араласып жатқан қос өрім байқалады. Нақтылап айтпағымыз: жазушының романдарын оқып кеп, өз өмірбаянын аңдап барлағанда, романдардағы кейбір ортадан жазушының өзі туып жатқаны сезіледі. Және де жазушының өз өмірі бірталай елулі үлкен шындығы, талабы, табысымен романдар ішіндегі кейіпкерлердің сезіміне, сөзіне, іс-әрекетіне ұдайы араласып жатқандай байқалады» деп жазды. Бұлардың бәрі Ғабиден творчествосының өмірмен біте қайнасқандығын, онымен тығыз байланыста болғандығын танытады. Сонымен бірге үлкен жазушылықтың ар жағында үлкен Адам, Азамат тұрғанын көреміз. Жазушылығына қоса Ғабиденді халқына құрметті еткен оның осы кесек тұлғасы, азаматтығы, ақсақалдығы еді. Ол сөзіне тұрақты, ісіне берік, бір сөзді адам болатын. Ғабиденнің замандастары, қаламдас, істес берік, бір сөзді адам болатын. Ғабиденнің замандастары оның табандылығының талай куәсі болғанбыз. Табиғаты әділ адам әдәлдікті қорғаудан именбейтін. Ол әдебиетте де осындай мінез тұрақтылығын, әділдікті ту етті. Үнемі ой үстінде жүретін, сабырлы, мінезді адамның ішкі қалтарысы, мұрат мақсаты да үлкен еді.

Өзі еңбек сүйгіш, талғампаз жазушы әріптестеріне де сондай талап қоюшы еді. «Еңбекке төзімді болмайынша, ұзақ түндерде көз майын тауыса отырып бір жолды, бір бетті сан рет өшіріп, көшіріп жазуға шыдамайынша, нағыз жазушы болу мүмкін емес, - деп жазды ол бір мақаласында. – Шабыт дегеннің өзі осы ұзақ, ауыр, ардақты еңбектің үстінде келеді ... Бойға біткен дарынды ғажап өсіруге де немесе мүлде өшіруге де болады. Ол тек дән ғана. Дән ерінбей, ебін тауып күтсе өнеді, өседі. Әйтпесе семіп қалады ».

Табиғатына адал, адамдармен қарым-қатынаста әдепті де сыпайы, моральдық тұрғысы биік жазушы есебінде Ғабиден қаламгердің жеке басының мәдениеті, білімділігі, ізденімпаздығы, моральдық бейнесі барлық жағынан сай болуы қажет деп санады. «Әдебиеттің, көркем сөздің беделін тек жаман жазылған шығармалардың да жаман қылық мінездері де сүймей қоя алмайды. «...Аяғына қарап асын іш » дегенді халық бекер айтпаған. Мейірінді қандыратын мөлдір шығарма тек мөлдір көңілден шығады. Оны пасық көңілден іздеу лай судан балық іздеумен бірдей. Тіпті ішің жарқырап-ақ тұрсын, сыртың былық болса, жиренеді жұрт. Халық дәстүрі қатал, ол дәстүрді бұзушының басы алтын болса да аяққа басылады. Сондықтан жазушы болам деген жас түзде түгілі, үйінде мораль, дәстүр, мінез-құлыққтарды мықты ұстау керек.

Жазушы боларсың, болмассың, ал Отанның азаматы болуға міндеттісің ».

Бұл – аға жазушының кейінгіге, жас ұрпаққа қалдырған үлгісі, өсиеті, ұлағаты.

«Абайдан кейін біздің заманымызға дейін қазақтан туған білімді, талантты адамдардың ішінде аты мәлім адам атаусыз ұмытылып барады, - депті ол бір жазбасында. Олар - Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев ... Қазір уақыт өзгерді, қауым жаңарды, таримхымызға қарап, дұрысын дұрыс, бұрысын бұрыс дейтін шақ жетті. Сонда да Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдердің ғылыми, әдеби тамаша еңбектері әлі көмулі жатыр... Қазақ тарихы , қазақ әдебиеті жойылмаса, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдер жойылуы мүмкін емес. Тарихымыздың төрінен орын алады олар. Сондықтан мен «Сыр дәптеріне» жазып кеттім, кейінгілердің қарғысына ұшырамауды ойладым. Дүниеде өзің кеткенмен, ізің қалса болғаны. Сол ізбен келіп, сырыңды ашады кейінгілер ».

Академик Серік Қирабаев.

«Елорда» Астана – 2002 Ғабиден Мұстафин


Теміртау төңірегі ұлы суреткердің кіндік қаны тамған, балғын балалық шағын өткізген туған жері, ата жұрты. Ғабең бұл туралы: « Қазіргі Теміртау заводы Тельман ауданында, Нұра өзенінің жағасында, Жауыр, Қожыр тауларының етегінде тұр. Осы таулардың кішкене шашырандысы Сарытөбе деген жерде ( Жауырдан 3-4

километр ) бір боранды түнде туыппын », деп жазғаны белгілі. Сондықтан да жазушының 100 жылдық мерейтойы туған жерінде мәреге жеткен шешуші кезеңі Теміртау қаласынан басталды.

Қарағандыдағы Ғабиден күндері аясындағы игі шаралардың бірі тарихи өлкетану мұражайындағы ұлы қаламгерге арналған көрме болды.

Н. Гоголь атындағы әмбебап және Ұлттық кітапханамен бірлесіп өткізген бұл көрмеге мыңнан астам жәдігерлер қойылды. Өте сирек құндылықтар қатарында Ғабеңнің Одақтық және республиканың Жоғары Кеңес депутаттығының куәлігін атауға болады. Оларды Ғабеңнің балалары Қайрат пен Жанар тапсырған екен. Сондай-ақ күнделікті тұрмыста пайдаланылған заттарына да бір бөлім арналыпты. Жазушының күнделіктері мен қойын дәптері келушілердің назарын ерекше аударды. Ғабеңнің ұлттық үрдісте нақышталып, кестеленген сырт және бас киімдер кигені белгілі. Оған да бір бұрыш берілген.

Көрменің көп бөлігін жазушының шығармашылығы алған. Алғашқы «Сәрсен мен Боқаш» деген әңгімесі жарияланған «Жыл құсы» журналы көзге оттай басылады. Тұңғыш жеке әңгімелер жинағы «Ер Шойын» да осы қатарда.

17 қараша күні ертемен осы көрмені тамашалауға Қасым Қайсенов бастаған қонақтар келді. Қалыптасқан дәстүрмен нан мен тұз ұсынылды.

Қарағанды жері мен елінің тамыршысы Серік Қирабаев ағамыз сөз сөйлеп, Ғабең атында өз алдына дербес мұражай ашудың уақыты жеткендігін тілге тиек етіп, естеліктер айтты.

Ұлттық және Н.Гоголь атындағы кітапхананың жауапты қызметкерлері Гүлнәр Әбсембетқызы мен Ақмарал Түсіпбекова әрбір жәдігердің тарихын баяндап, келушілердің сауалдарына жауап берді



Тегінде Қарағанды жері – касиетті мекен. Осы оңірде елімізге егемендік әперген тұңғыш Президентіміздің қанаты қатайып, әлем көгіне қыран боп келеді. Жасампаз өңір туралы әлі де талай романдар жазылар.

Орталық Қазахстан 20 қараша, 2002 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет