Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұРҒандай көрінеді



Дата19.10.2022
өлшемі4,49 Mb.
#153809
түріПрезентация
Байланысты:
қазақ тілі презентация


"МАҒАН БҮКІЛ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ ӘН САЛЫП ТҰРҒАНДАЙ КӨРІНЕДІ"
презентация
СЫЗДЫКАЕВА АНЕЛИЯ
ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫ
Қазақ халық музыкасының тарихына көне түркідәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді.
Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра.15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
Осы негізде 19 ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 – 20 ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері.
Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.
Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра.
ҚОРҚЫТ
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған.
Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді.
ДИНА НҰРПЕЙІСОВА
Құрманғазы — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.
ҚҰРМАНҒАЗЫ
ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ
    • Қобыз
    • Домбыра
    • Сыбызғы
    • Жетіген
    • Шаңқобыз
    • Асатаяқ
    • Үскірік
    • Адырна

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЖАҢА ЗАМАН МУЗЫКАСЫ ҚАНДАЙ?
КСРО
Қазақ музыкасын шетелдіктерге алғаш паш етушілердің бірі Ә.Қашаубаев болды. Ол 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майндағы Франкфуртте ән шырқады.
60–70-жылдарда ән жанрында жемісті еңбек еткен Б.Байқадамовтың, Ә.Еспаевтың, М.Маңғытаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтің, Т.Базарбаевтың, Е.Хасанғалиевтіңшығармалары халық ілтипатына бөленді. Кейінгі жылдары опера, симфония, балет саласында – С.Мұхамеджанов (“Ақан сері – Ақтоқты”), Б.Жұбаниязов (“Махамбет”), Жұбанова, Рахмадиев, С.Кибирова (“Үш торай”), А.Серкебаев (“Мой брат Маугли”), С.Еркінбеков (“Мәңгі алау”), аспаптық-камералық және вокалдық музыкада – Ж.Дастенов, Маңғытаев, Сағатов, Ж.Тұрсынбаев, Т.Мұхамеджанов, т.б. композиторлар жемісті еңбек етті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін музыка өнерінің дамуы жалғасты. Францияда «Қазақ маусымдары» өтіп, онда әншілер мен аспапта орындаушылар өз өнерлерін көрсетеді. Қазақстанның өзі де халықаралық жарыстар өтетін орынға айналуда.Қазақстанда дәстүрлі поп-музыкадан басқа, хип-хоп, р'н'б және жаңа музыкалық жаңр q-pop қарқынды дамып, олардың арасында Ghetto Dogs, Metis's, Not Everything Is Said және Ninety one атап өтуге болады.
Қазіргі Қазақстанда «Менің Қазақстаным» (Шәмші Қалдаяқов атындағы) «Жас қанат», «Азия дауысы», «Алтын диск» заманауи музыка фестивальдері өткізілуде.
2010 жылы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Толы-Шыңжаң ауданында 10 450 домбырашы қазақтың халық күйі «Кеңес» күйін орындап, Гиннестің рекордтар кітабына рекордтық көрсеткіш ретінде енген[6][7].
“… БІЗДІҢ ҚАЗАҚ ӘНҚҰМАР ХАЛЫҚ… БІРЕУ ҚОЛЫНА ДОМБЫРА ҰСТАП ӘН САЛА БАСТАСА, ОЙДАҒЫ-ҚЫРДАҒЫСЫ ЖИНАЛЫП, СЕГІЗДЕГІ БАЛА, СЕКСЕНДЕГІ ШАЛЫНА ДЕЙІН ҚАЛМАЙ ҚАМАЛАП, АЙТШЫ-АЙТШЫЛАП ЖАНЫН ЖАҒАСЫНА КЕЛТІРЕДІ. БАРА-БАРА НЕ БОЛСА ДА СОЛ ӘНДЕГІ РУХ СҮЙЕГІНЕ СІҢЕДІ, ҚҰЛАҒЫНДА ҚАЛАДЫ”
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет