Лекция тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан бағдарлама. (құрас: Ш. Б.Құлманова, Б. Р. Сүлейменова, М. А. Оразалиева) Лекцияның оқыту нәтижелері
№12 Лекция тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан бағдарлама. (құрас: Ш.Б.Құлманова, Б.Р.Сүлейменова, М.А.Оразалиева)
Лекцияның оқыту нәтижелері: Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан бағдарламамен (құрас: Ш.Б.Құлманова, Б.Р.Сүлейменова, М.А.Оразалиева) танысады.
Бағдарламаның негізгі мақсат-міндеттерін меңгереді.
Сабақтың жоспары мен нұсқауларын бір сағатқа ыңғайланып құру қабілетіне ие болады.
Лекция мазмұны: Музыканы қабылдайтын, басқа халықтардың өнеріне аса құрметпен қарайтын жəне классикалық музыканы түсінетін рухани бай, творчестволық белсенді жетік жеке тұлғаны тəрбиелеу.
Музыка өнер құралы ретінде эстетикалық тəрбие берудің маызды жолдарының бірі болып табылады. Ол көркем бейне арқылы оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңа ой-өрісін байытып, өмірлік тəжірибесін кеңейтеді. Ғылыми еңбектерге талдау жасау: өнертану, қазақ музыкасының тарихы, музыкалық-педагогикалық жұмыстар жəне бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық, психологиялық даму жөнінде əдебиеттер, шет елдің алдыңғы қатарлы мзыкалық практикалық ойлары, сол сияқты бағдарлама авторларының көп жылдар бойы əн-күй пəн мұғалімі жұмысы барысында жинақтаған мол тəжірибелері бастауыш буыны баласының білім дəрежесін анықтауға, қазақ халық музыкасына жəне дүние жүзілік музыка өнеріне оларды баулып, бейімдеуге ең сəтті де дұрыс жол табуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама мақсаты – музыка өнері арқылы рухани бай, творчествалық белсенді, музыкалық дамыған, халық музыкасын өмірдің бейнесі ретінде түсініп жəне оны сүйетін,халқымыздың əдет – ғұрыптары мен салтдəстүрлерін, қастерлеп класикалық музыканы жəне басқа халықтардың өнерін сыйлайтын жеке түлғаны тəрбиелеу.
Бағдарламаның тəрбелік жəне білімділік міндеттері
1. Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дəстүрлеріміз бен əдет -ғұрпымызды қастерлеуге тəрбиелеу, қазақ музыкасымен өнерінің өз ара байланысын ашып көрсету.
2. Классикалық музыкаға жəне дүне жүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыканттардың орндаушылардың шығармашылғымен таныстыру, солардың үлгілеріне тəрбиелеу.
3. Музыка тыңдау жəне орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тəрбиелеу, қызғушылғы мен қиялын дамыту өмір құбылыстары мен музыканың өзара тығыз байланысың түсіндіру.
4. Орындаушылық жəне тыңдаушылық біліктілігін дамыту, музыканы түсінуге, дұрыс музыкалық талғамын қалыптастыру
5. Музыкалық қабілеттілігін дамыту жəне музыкалық білім беру. Бағдарлама тақырыптық жүйемен құрлып, ондағы берілген жылдық жəне жарты жылдық немесе тоқсандық материяладарда бірізділік сақталған.
Авторлардың негізгі ойы барлық сыныптарға ортақ бір тақырыпты қалдыру “ Əн-күй-халық қазынасы”. Осы тақырып 1-4 сыныптардың əрбірінің музыкалық матералдарынан көрініс тауып отыр, сол сияқты мақсатымен міндеттері сəйкестендірілген. Сонымен қатар тоқсандық, жарты жылдық, жылдық өз алдына тақырбы белгіленген. Жүйелікпен бірізділікті сақтап, келесі тоқсан жəне сыныппен байланыстыра отырып, негізгі аталған тақырыпты ашады.
Бағдарламадағы музыкалық материал педогогиканың дидактикалық принциптері негізінде жəне музыкалық педагогикалық ескере отырып - алынды музыкадағы оқытудың тəрбелеушілік, білім берушілік, дамытулық принципінің бірлігі, ғылымилық принципі, музыкалақ оқытудың процесіндегі тиімді жолдар принципі, музыкадағы оқытудың беріктігін мен нəтижеге жету принципі. Бағдарлама күйлер мен əндерді таңдауда халық педогогикасына сүйенеді. Музыка сабағы музыкалық іс-əрекеттің негізгі түрлерін ескеріп бірлестік құралған, əн айту, музыка тыңдау музыкалық сауаттылық жəне басқа қосымша іс-əрекеттер, музыкалық ырғақтың, суырып-салмалық, суреттар суреттер салу т.б. Олардың тақырыптың жүйе бар.
Бағдарламадағы музыкалық материалдар балалардың тереңірек жəне жан-жақты білуі, олардың өзара байланысын көріп, өмір бинесінің мəнін түсіну үшін таңдап алынған. Барлық сынып бағдарламасында əрбір сабаққа үлгі жоспар мен əдістемелік нұсқаулар берілген. Оның өзі мұғалімнің жұмысын жеңілдету үшін көмегін тигізеді. Бағдарламаға қоса хрестоматия, фоно хрестоматия беріледі.
Сабақтың жоспары мен нұсқауларын бір сағатқа ыңғайланып құрылған. Өйткені, мектептің көпшілігшінде жалпы оқу жоспары бойынша музыка сабағына аптасына бір сағаттан берілген. Бірақ осы бағдарлама мен екі сағаттың да өткізе беруге болады. Жылдық, тоқсандық жəне сабақтардың тақырптарын өзгеіссіз қалдырғанымен, сабақта үйретілетін əндер мен таңдалатын музыканы басқа мысалдармен ұлғайтатын мүмкүндігі бар.
Оқытудың техникалық құралдары:проектор, диафильм, слайд.
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен тәртібі: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері: Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыкадан бағдарлама (құрас: Ш.Б.Құлманова, Б.Р.Сүлейменова, М.А.Оразалиева) бойынша сабақ жоспарын құру.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 1. Джердималиева Р.Р. Научно-педагогические основы методической подготовки учителя музыки в системе высшего образования. Алматы. 1997 г.
2. Кульманова Ш.Г. Теория и практика воспитания младшихшкольников средствами казахской народной музыки. Алматы. 1999.
3. Музыкальное воспитание в современном мире. М. 1967.
4. О зарубежных системах воспитания. М. 1989.
5. Орф К. «Шульверк». Итоги и задачи из истории музыкального воспитания. Хрестоматия сост. О.А. Апраксина. М. 1990.
6. Рапатская Л.А. Музыкальное воспитание. М. 1993.
7. Система детского музыкального воспитания К.Орфа. под редакцией Л.А. Баренбойма.М. 1970.
8. Школяр В.А., Красильникова М.С., Критская Е.Д. и.др. Теория и методика музыкального образования детей. М. 1999.