Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг
университеті
«Туризм және тілдер» факультеті
«Қазақ филологиясы» кафедрасы
CӨЖ№4
Тақырыбы: Әбдірахман Жәми парсы(тәжік, иран) поэзиясының көрнекті ақыны
Пәні: Шығыс халықтарының әдебиеті
Орындаған:КЯЛ 19-3тобының студенті
Нәдірова М.
Тексерген:Қобланов Ж.Т.
Ақтау 2022
Нұр әд-дін Абд әр-Рахман Жәми (парсы: نورالدین عبدالرحمن جامی; 7 қараша 1414 жыл, Жәм, Хорасан – 9қараша 1492, Ғират, Хорасан) — парсы ақыны, филолог, философ, музыка зерттеушісі. Әуелі Гераттағы Дилкаш медрессесінде, кейін Самарқандағы Ұлықбек медрессесінде білім алған. Самарқанда ғалымдармен тікелей араласып, олардын арасында білімділігімен даңқы шыққан. Ғиратқа оралған соң, сарай қызметінен бас тартып, сопылық жолға түскен. Ақын шығармаларында сопылықты насихаттау, халықтың азапты өміріне жаны ашып, қанаушыларды әшкерелеу кабаттаса жырланды. 1456 жылдан Ғиратқа X. Байқараның сарайында қызмет атқаррды.
Осы кезде Әлішер Науимен танысты. Абд өр-Рахман Жәмидің алғашқы шығармасы - өз дәуірінің энцилопедиясы іспеттес “Алтын шынжыр” дастаны. 1468 ж. Науаидің X. Байқара сүлтанның уәзірі болуы ақын жағдайын жақсартты. Ақын діни-филос. кағидаларында сопылықтың тәңірмен бірігу, сүйіспеншілік туралы категорияларындағы мистикалық мәннің жігін ажыратьп, оған филос. адамгершілік мағына берді. Адамға деген сүйіспеншілікті, гуманизмді, әдептілікті жырлады. Ол, негізінен, дінді жақтағанмен, табиғат шындығын жоққа шығармады.
Абд өр-Рахман Жәмидің даңқын шығарған туындылары лирикалық үш жинақ(1479 - 91) пен жетідастаннан тұратын “һәфт авранг” Атты кітабы. Ал “Жүсіп-Зылиқа ”(1483), “Ләйлі-Мәжнүн” (1484), “Сүлеймен мен Ибсол ” (1479 - 80) дастандары парсы әдебиетіндегі нағыз шыншыл, гуманистік рухта жазылған туынды болады. “Бәһиростан ” (1487) атты прозалық шығармасында мұсылмандық шығыс әдебиетінің ірі тұлғалары, оның ішінде өзінің досы Науаи туралы құнды мәліметтер қалдырды.Соның нәтижесінде музыканттардың теориялық қағидалары мен муз. тәжірибелерін өз трактатында ғыл. тұрғыдан жан-жақты қорытты. Музыканың шығуы, интервалдардың арақатынасы, ладтардың мәнерлік мазмұны сияқтьі муз. теориясына қатысты мәселелердің барлығын түгел қамтыды. Абд әр-Рахиан Жәми шығармалары қазақ халқына ертеден таныс. Оның “Жүсіп - Зылиқасы” мен “Ләйлі - Мәжнүні” халық арасында кең тараған. Шығармалары көптеген тілдерге аударылып, мол тиражбен тарады. Казақ тілінде “ Өлеңдер мен дастандар” атты жинағы жарияланды (1968).
Достарыңызбен бөлісу: |