Тәрбие сағаты: «Ахмет-сөз көсемі» Өткізген топ: мд-305 Топ жетекшісі: Шаңғалаева Рабиға Қомытқызы 2022-2023 оқу жылы Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны,аудармашы,тілші,әдебиетші,ірі тұлға Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын насихаттау



Дата27.04.2023
өлшемі162,06 Kb.
#175612
Байланысты:
тәрбие сағаты мд-305
Педагогика 300 Сұрақ, Тесты МО 300 экзамен 2 (копия), аттестация 3 сабақ (копия)

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

Тәрбие сағаты: «Ахмет-сөз көсемі»

Өткізген топ:МД-305


Топ жетекшісі:Шаңғалаева Рабиға Қомытқызы

2022-2023 оқу жылы


Мақсаты:
Қазақтың көрнекті ақыны,аудармашы,тілші,әдебиетші,ірі тұлға Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын насихаттау. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін,оқу шеберліктерін дамыту. Ана тілімізді ,әдебиетімізді қадірлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар,студенттер және қонақтар! Бүгінгі қазақ халқының біртуар ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдығына арналған әдеби кешке жиналып отырмыз. Ірі ғалымы лингвист,әдебиет зерттеушісі,трюколог,дарынды дарынды ақын,аудармашы. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқы елі үшін еңбегі зор.Олай болса : «Ахмет-сөз көсемі »атты кешімізге қош келдіңіздер!
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Толығырақ видеодан тамашалайық(Видео).

Әсем әннен ғажап ләзатты үн шығар


Ойы сергек жан ғана оны ұғар
Бар сезіміңді қозғап ән күйге
Жастар,тілімді ал,бол құмар!

Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті: ...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды.


Халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының «Аққұм » әнін тыңдайық
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет