Тілім менің тірлігімнің айғағы



Дата28.12.2022
өлшемі52,99 Kb.
#164721
Байланысты:
Тілім менің тірлігімнің айғағы


"Тілім менің тірлігімнің айғағы"
Мақсаты: Тілдің қасиетін сезінуге, ана тілімізді сүюге, тілдің мәртебесін көтеруге үйрету,танымды қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі:, тілге қатысты даналық сөздер,мақал-мәтелдер.
Қазақ тілін сүйеміз,-деп жырлағандай бүгінгі «Тілім менің тірлігімнің айғағы»атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңдер!
Қай халықта болса да қоғамда өну-өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілікке болып ана тілінде сақталап отырады. Қай халықта болса да ақыл-ой тереңдігі,сана-сезім сергектігі қалған салалармен тармақтана- молыға келіп тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла ажарлана береді. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлер,қилы-қилы кезеңдерді ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.
Қай халықтың тілі неғұрлым бай болса,өз тілдерімен араласуы да соғұрлым басымырақ келеді. Жоғалып өшіп кеткен тілдердің келмейтіндігі белгілі. Жаңадан тіл пайда болмайды. Тілдердің даму дәуірі біткен. Сондықтан да қазіргі барымызды мәпелей біліуіміз керек. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бірауыздан біздің тілді ең бай, таза түркі тілдерінің бірі деп таниды.
Ей, туған тіл! Ата- анамның бай тілі
Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы
Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған
Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам
Ей, туған тіл! Туған тілде тілек айттым мың рет
Ата-анамды, мен пақырды жарылқа деп, құдірет

Сүйемін туған тілді анам тілін,


Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Ең алғаш сол тіліммен сыртқа шықтым
Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім

Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен ,өз ана тілін қалай біліуімен өлшенбек . Ананың ақ сүтіне-уызына жарыған адам қашанда отаншыл,ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына ,өз ұлтына,өз Отанына деген құрметпен бірдей. Қазақтың біртуар Абайы «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп тегін айтпаған. Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса,бағаламаса,оны сауатты,мәдениетті адам деп сануға болмайды. 3-оқушы Еламан: Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзді. Ана тілі дегеніміз-сол тілді жасаған,жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі


Тілді қорғау-парызым Тілім менің!


Осы тілде шежірем,жырым менің
Асан қайғы арманы,Қорқыт күйі-
Тағдырыммен тамырлас мұңым менің,
Тілім менің!
Жауға айбарым,ұраным,туым менің!
Найзасымен тең ұстап ана тілді,
Намысымды қорғады Сырым менің,
Тілім менің!
Тіршілігім, тынысым,құным менің!
Бас бергенмен, Махамбет тіл берген жоқ,
Тіл кесілсе не болмақ күнім менің
Тілім менің!
Тұтастығым,елдігім,үйім менің!
Ел қорғаған ерлерге рух берген
Осы тілде толғады биім менің
Тілім менің!
Ұлы Абайдай,Мұхтардай,пірім менің!
Тұнығым,рухани жан азығым,
Ол бүлінсе,менің де бүлінгенім
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп,тірілді елім!
Аралыммен-арыммен қатар қойып,бүгін менің.
Қазақ тілі –өзінің даласындай кең пішілген жайдары да,жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылып, ерін ұшымен шүлдірлеп-былдырлау жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады.Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы-домбыраның күмбір қаққан сазындай.Асқақ әуенділігі-шырқап салар әніндей.шешендерден шыққан қара сөздің өзіндеөлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып,жымдасып жатыр. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбінде хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай ,ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің!
«Мақал-сөздің мәйегі» демекші,Туған тілімізге қатысты,тіл өнеріне байланысты мақал-мәтел айтайық!
1.Бас кеспек болса да
4. Тіл буынсыз,ой түпсіз.
2.Тіл кеспек жоқ.
5. Өнер-алды –қызыл тіл
3.Тіл қылыштан өткір.
6. Ұлы сөзден ұлағат.
Сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беріңдер.
1.Піл көтермегенді не көтереді?
2.Қандай сөзден мән шықпайды?
3.Ойнап сөйлесең де,қалай сөйлеген жөн?
4.Бір елі ауызға неше елі қақпақ?


Атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра-ол ана тілі. Сол бабалар тілін ұрпақтан - ұрпаққа жалғастырып сақтап қалу- борышымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет