Жан туралы ілім( “псюхе-жан”, “логос-ілім”)



Дата03.11.2022
өлшемі15,99 Kb.
#156403
Байланысты:
Сөж-1
Ток. түрлері. Упп, ВС лаб и практика, ????Кәсіпкерлік сессия, дәріс-6 оям

Психология негізінде ерте заманда пайда болған ғылымдардың бірі. Ең алғаш Греция жерінде дүниеге келіп, жан туралы ілім( “псюхе-жан”, “логос-ілім”) дегенді білдіреді екен. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым.
Психологияның даму кезеңдері туралы айта кетсек, барлығы 4 кезең бар.
1-кезең – Психология жан туралы ғылым(б.з. дейінгі 5ғ)
Бұл кезеңде Аристотель, Платон, Демокрит, Әбу Насыр әл-Фараби, Фома Аквинский секілді ғалымдар адамға таныс емес құбылыстарды жан арқылы түсіндіруге тырысты. Психология дербес ғылым емес екені белгілі, яғни сол кездердің өзінде ол философия, медицина, жаратылыстану, әдебиет және тағы да басқа ғылымдармен тікелей байланысты болған.
2-кезең – Психология сана туралы ғылым(XVII-XVIIIғ) ойлау алу, сезе алу қабілеттерін сана деп ойлады. Сол ғасырларда философтар психиканы түсінудің методологиялық алғышарттарының негізін қалады, оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарттың өз теориясында жануарлардың жаны жоқ, олардың мінез-құлқы сыртқы әсерге рефлекс деген.Философияның көрнекті өкілі Д.Локк психикалық іс-әрекет механизмін жеке түсініктер мен идеялардан көреді екен.
3-кезең – Психология іс-әрекет жөніндегі ғылым.
Бұл кезеңде ғылым тек байқауға болатын және адамдарға белгілі мінез-құлықтарды зерттеу ретінде қарастырылған болатын. Сол кезеңде американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрген болатын. Қысқаша айтқанда, психологиялық зерттеулердің басты мақсаты – мінез-құлық принциптерін зерттеу.
4-кезең – Психология- психиканың фактілерін, заңдылықтарын, механизмдерін зерттейді. Бұл психологияның қазіргі таңдағы даму үдерісі болып табылады. Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор. Себебі, нақты осы қасиет арқылы ақиқатты танып білуді және оның заңдылықтарын анықтауды мүмкін етеді.
Вильгельм Максимилиан Вундт – эксперименталды психологияның негізін қалаушы, әлеуметтік психологияға да сіңірген үлесі бар. Вундт Психология қағидалары атты кітабындағы қағидалар сана-сезімдерді, эмоцияларды және ойларды бақылау әдісі арқылы тікелей тәжірибе өткізуге бағытталған. Психология адам санасының негізгі құрамдас бөіктерін зерттеу арқылы адамның ақыл ойын түсіну деп баяндаған.
Лев Семёнович Выготский – әйгілі кеңестік психолог. Ол оқу-тәрбие істерінің бала психикасын дамытуда шешуші қызмет атқаратынын нақты тәжірибелермен дәлелдеді. Оның көптеген еңбектері педагогика мен психологияға бағытталған.
Борис Герасимович Ананьев психология ғылымының деканы қызметін атқара отырып, көптеген психологтарды дайындап шығарған. Ол адамды биологиялық индивид ретінде, оның онтоногенездегі даму жолы, тұлғалық мәнге ие болуымен адамзат әлеміндегі орын, өзіндік даралығы туралы “Адам танымының нысанасы” атты еңбегінде жан-жақты қарастырған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет