Негізгі сөздер мен сөз тіркестер: сөз анасы, су анасы, жол анасы, төрт елі, жан азығы, ынсап. Сыныптағы диалог/айтылым үшін тілдік бірліктер:менің ойымша, пікірімше, салыстырғанда, қорыта айтқанда.
Бағалау критерийлері:
• шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады; • шығармадағы көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады; • сыни тұрғыда баға бере отырып, түйінді сөз айтады.
Құндылықтарды дарыту:
Отансүйгіштік, өткенге құрмет сезімдерін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі,тарих
Бастапқы білім:
Қазақтың би-шешендерінің сөздерімен алдыңғы тақырыптан таныс.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық тренинг "Жүректен жүрекке " Көңіл- күйлерін көтеру мақсатында бір-бірімен қол ұстасып, іштерінен жақсы тілек тілейді. Топқа бөлу «Конверт сұрақ » тәсілі арқылы Сырым Датұлы туралы алдыңғы білімді пысықтап, ой қорытылады Дескриптор:білім алушы Сұрақтарға нақты жауап береді; Уақытты ескереді; ҚБ. «Мұғалімнің бағалауы»
Сабақтың ортасы
(30 мин)
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық тренинг "Жүректен жүрекке " Көңіл- күйлерін көтеру мақсатында бір-бірімен қол ұстасып, іштерінен жақсы тілек тілейді. Топқа бөлу «Конверт сұрақ » тәсілі арқылы Сырым Датұлы туралы алдыңғы білімді пысықтап, ой қорытылады Дескриптор:білім алушы Сұрақтарға нақты жауап береді; Уақытты ескереді; ҚБ. «Мұғалімнің бағалауы» 1.Шығарманы аудиотаспадан тыңдайды. ТЖ. 1- тапсырма. «Әдеби шеңбер» әдісі 1. Талқы себепшісі – «Бала би мен Сырым» шешендік сөзінің мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы, т.б. бойынша) 2. Белгілеуші – шешендік сөздің ең негізгі бөлімін анықтап, маңыздылығын дәлелдейді. 3. Байланыстырушы – шешендік сөзде көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады, дәлелдейді. 4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды. Дескриптор: білім алушы Шығармада көтерілген мәселені талқылайды, өмірмен байланыстырады; Шығарманың мазмұны бойынша сұрақ құрастырады Шығарма мазмұны бойынша өзіндік көзқарас білдіреді ҚБ:«Бірін-бірі бағалау» тәсілі. ТЖ. 2-тапсырма. Омар Жәлелдің еңбектеріндежазған мақалаларынан үзінділер таратылады. Жан азығын қайдан іздейміз? Жан азығы — әділет. Абай айтады: «Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, харекет қыл, пайдасы көпке тисін. Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін» - дейді. (мазлұм – зұлымдыққа ұшыраған адам) Демек адам жанның азығын алу үшін — ол үнемі әділет жолында жүруі керек. Жанның азығы — ынсап. Бұл дегеніміз ақылды болу, нәпсіге берілмеу. Жанның азығы — мейірімді болу. Осы үш нәрсенің жолында өміріңді сарп қылсаң — жанның азығын аласың. Жан азығы маңызды ма, әлде тән азығы ма? Қазақ амандасқанда «мал-жан аман ба» дейді. Осылайша жанның алдына малды шығарады. Мұның үш себебі бар: Біріншіден: мал сенің жаныңды сақтап қалады. (ыстықтан, суықтан, аштықтан) Екіншіден: егер малың болмаса — біреуден мал дәметіп қолыңды жаясың, тіленесің, үй қыдырып ас ішесің. Абай айтады: «үй қыдырып, ас ішіп — еркек арын сатады. Бала-шаға, ұрғашы, үйде жаурап қатады». XIX ғасырда осындай еркектер пайда бола бастаған. «Тоярға өз үйіңнен қолың қысқа, ас берер ауылды іздеп жүрсің босқа. Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген, дереу сені жұмсайды бір жұмысқа». Адамның құлдануы, оның қадірі кетуі осыдан басталады. Малың жоқ болса, еріксіз ұятыңнан айырыласың. Үшіншіден: мал бойыңдағы адамгершілік қасиеттерді жүзеге асыру үшін керек екен. Мысалы: жетімге, жесірге көмектесу үшін мал керек. Бір бала өте талантты, ақылы жетіп тұр,Оксфордта оқыту керек — мал керек. Жас жігіттің сүйген қызы бар, қалың малы жоқ. Үйлендіру үшін — мал керек. Ет жақының ауырып жатыр, шұғыл көмек қажет. Ақылың бар, бірақ қолыңда ақшаң жоқ. Мұндай ақылыңнан не пайда? Ол кімге керек? Сондықтан қазақ «ақыл малда» дейді. ТЖ. «Керемет пікірталас» әдісі. Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Оқушылар «Бала би мен Сырым» шығармасы мен бүгінгі заманның шешен, ақылгөйі Омар Жәлел шығармаларынсалыстырады. Екі шығармадағы автордың тіл шеберлігі мен даналық ойларының тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. Төменде берілген сұрақтар төңірегінде пікірталасқа түседі. 1.Омар Жәлел сөздері Бала би, Сырым шешендердің даналығын жалғастыра ала ма? Пікіріңізді айтыңыз. 2.Сырымның даналық сөздерін бүгінгі күнде қолдануға болама? Дәлелдеңіз. 3.Қазіргі уақытта даналық сөздерді қолданудың маңыздылығы неде деп ойлайсыз? Дескриптор: Сұрақтар бойынша ойларын ортаға салады; Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығына заманауи тұрғыдан баға береді. ҚБ. «Академиялық қалпақ» тәсілі. Жасыл қалпақ –өте жақсы жауап Сары қалпақ – жақсы жауап Қызыл қалпақ –әлі де білу қажет
Қазақ әдебиеті оқулығы 9 -сынып «Атамұра» баспасы,2019 МАН Қазақ әдебиеті оқулығы 9 -сынып «Атамұра» баспасы,2019 МАН
Сабақтың соңы
(5 мин)
«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылар рефлексия береді. Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? Балалы үйрек-бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Ортан терек-ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкене бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? «Бұл дүниеде не тәтті?» тақырыбында эссе жазу.(180-200сөз)