Сабақтың тақырыбы: «Дәулеткерей күйімен жұмыс» «Көроғлы күйі»



Дата19.11.2016
өлшемі75 Kb.
түріСабақ
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі

Ашық сабақ

Дәулеткерейдің күйімен жұмыс

«Көроғлы» күйі

Өткізген: М.С.Қосмамбет

2016-2017 оқу жыл

Сабақтың тақырыбы: «Дәулеткерей күйімен жұмыс»

«Көроғлы күйі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Композитордың күйлерін насихаттай отырып,өмірбаянымен, шығармашылығымен, күйдің шығу тарихымен таныстыру, тыңдату,үйрету.

Дамытушылығы: Күйді тыңдата отырып, оқушының ойнау қабілетін жетілдіру, музыкалық сауатын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілігі: Композитордың күйлерінің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнерді бағалауға, оқушының бойындағы ұлттық рухани сезімін ояту, ұлтжанды болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жеке сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Буклет, композитордың портреті, үнтаспа.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру,назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру: Е dur гаммасын түрлі қағыстарымен ойнау. Этюд №8 Л.Хамиди ойнау.

Мұғалімнің сөзі: Біз домбыра аспабында гамма, этюд орындау арқылы ойнау шеберлігімізді жетілдірудеміз.Қазақ халқы ертеден-ақ өз тіршілігінің барлық кезеңдерін көмейдегі әні мен домбырадағы күйі арқылы баяндаған. Күй өнері - қазақ халқының ең басты рухани , жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі. Күй- қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жүрек лүпілінің жазбасы, жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы. Ендігі, кезекте күй орындап үйренелік.

Жаңа сабақ: «Дәулеткерей күйімен жұмыс»

«Көроғлы күйі»

Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887)Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген күйші-композитор, күй өнеріндегі лирикалык бағыттың негізін салушы.Дәулеткерейдің әкесі — сұлтан Шығай Нұралыханов (Бөкей ханның інісі). Дәулеткерей -атақты Әбілқайыр ханнның ұрпағы. Дәулеткерей бала кезінен ағасы Меңдікерей Бөкейхановтың тәрбиесінде болады. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Жастайынан әнге құмар болған Дәулеткерей көптеген әнші-күйшілермен танысып, домбырашы Мүсірәліден Арынғазы, Жантөре, Аренжаптың күйлерін үйренеді. Дәулеткерей Ресейдің Орынбор, Мәскеу, Петербург қаласында болып, мәдени мұралармен танысты.Әсіресе ұлы композитор Құрманғазымен кездесуі күйшінің өмірінде елеулі із қалдырды. Орыс музыкасының әскери марштардың әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан», т.б. күйлерін шығарды. Дәулеткерей күйлерінің тақырыптылығы қазақтың аспаптық музыкасында лирикалық күйлер бағытын қалаған сазгер. Оның күйлерінің тарихы пайда болу, даму жолдары, күйдің өмір шындығын бейнелеудегі өзіндік ерекшеліктері, тақырыбы жағынан алсақ алуан түрлі. Оның терең психологиялық әйелдер образын сомдаған «Қыз Ақжелең», «Қаражан ханым», «Қосалқа», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Ақ бала қыз», «Көркем ханым», «Бұл - бұл», «Қос ішек» күйлері нәзік лирикалық сырды шертеді. «Тұндырма» «Көрұғлы», «Ысқырма», «Қос ішек» күйдің шығу тәсілі, орындаушылық үйіндер, ырғақтық мелодикалық кезеңдері техникалық күй тобына жатады «Топан», «Салық өлген», «Охота», «Шолтақ», «Жігер» қатарлы туындылары терең ойға, философиялық толғанысқа құрылған. Дәулеткерей күйлері орындаушылық тұрғыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Дәулеткерейдің өзіндік ойнау мәнері қазақ қоғамының жоғарғы аристократиясы арасында жайылған «төре тартысы» этикасына байланысты қалыптасты. Дәулеткерей күйлерінің оң қол ауқымы «тар» болып, домбыраның мойыны аса жоғары көтерілмейді. Күйлердің әрбір қағысы барлық саусақ пен жұдырықтың түйілген қалпында артық қимылсыз, жұмсақ және дәл орындауды керек етеді. Дәулеткерей күйлерін орындағанда дыбыстың интонациялық тазалығы мен тербелісін, мелизмдер мен қағыс өрнектерін дәл сақтау керек. Қазақ күйлерінің бір парасының тартылу мәнеріне және әуендік құрылымына байланысты ел арасында «төре күйлері», «төре тартыс», «төре қағыс» деген ұғым қалыптасқан. Оқшау дәстүр - төре тартысқа жататын күйлер лирикалық әуезділігімен ерекшеленеді, психологиялық терең сезімге құрылып, адамның жан дүниесіне терең бойлайды. Бұл қағыстың тағы бір ерекшелігі, ауқымы, шеңбері қысқа алынғандықтан, биязы, жұмсақ болып келеді. Батыс өңірінде «қара қағыс» немесе «тентек қағыс» деп аталған Құрманғазы дәстүріне мүлде ұқсамайтын өзгеше, оқшау мектеп, дара дәстүр қалыптастырып, әуендік тұрғыда сазды, сұлу күйлер қалдырған Дәулеткерейді А.Жұбанов: «Төре күйлерінің атасы», - дейді .



Дәулеткерей төре күйлердің атасы



Сабақты дамыту:

Көроғұлы”

“Көроғұлы” – Дəулеткерейдің бұл күйі түрікпен тақырыбындағы парафраз(түсіндірмесі). Аулы аралас, қойы қоралас болып көрші отырған халықтардың бір-біріне тигізетін өзара əсері ақиқат. Батыс Қазақстан күйлерінің дутарға арналған түркмен күйлеріне мүлде ұқсамайтын өз ерекшеліктері бар. Дəулеткерейдің түркмен тақырыбына арналған “Қөрғұлы”, “Түркмен” күйлері.«Көроғлы» - Дәулеткерейдің түрікпен елінің музыкасына еліктеп шығарған күйі. «Көроғлы» күйінің - өлшемі 5/8,7/8,9/8 ауыспалы, күрделі өлшемдермен берілген. Күйдің орындаушылық тәсілі, ырғақтық мелодикалық кезеңдері техникалық күй тобына жатады. Кілт белгісінде си b, ми b, ля b – (түрікпен перне деп те атайды) белгілерімен ойналады.

Ең жылдам орындалатын тұсы фермата ( итальян тіл. ауд. fermata –тоқтау, ұстау) шығарманың характеріне, байланысты музыкалық дыбысты өз қалауынша ұзартатын белгісіне тоқтап ойналады.

­­­­­­

Түрлі динамикалық белгілерге толы , жігерлі, жылдам орындалады.Енді, «Көроғлы» күйін үнтаспадан тыңдап көрелік.



Сабақты бекіту:

  • Дәулеткерей Шығайұлы қай өңірде дүниеге келген?

  • Дәулеткерей қандай отбасынан шыққан, кімнің ұрпағы?

  • Алғаш ұстазы кім?

  • Қандай күйлері бар?

Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақты қорыта келе, Дәулеткерей Шығайұлының өмірбаяны, шығармашылығымен таныс болдың. «Көроғлы» күйін орындап үйрендің. Қазақ халқының атадан- балаға мұраға қалып келе жатқан өнері-күй, ал аспабы - домбыра екені белгілі. Киелі аспапты меңгеру, оқушының домбыраға деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды,одан әрі шебер орындаушы және меңгерген күйін шығу тарихымен насихаттаушы, ұлттық өнерімізді ұрпақтан- ұрпаққа жеткізетін мұрагер болатынына сенімім мол.

Үйге тапсырма: Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін берілген жеріне дейін орындау.

Бағалау. Өте жақсы
Каталог: uploads -> doc -> 0344
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0344 -> Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты
0344 -> Сабақтың технологиялық картасы ( жоспары ) №39 Пән атауы: Физика және астрономия
0344 -> Сабақ мақсаты: Оқушыларға асқорыту мүшелеріндегі ауруларға тоқталу арқылы білім беру. Міндеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет