Әл-Фараби «Қайрымды қала» Аннотация: Әл-Фарабидің бұл еңбегі ең алғаш нұсқасы «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» деген атпен 942 жылы жазған. Ал толық нұсқасын 948 жылы Мысырда аяқтаған.
Бұл еңбектің маңыздылығы – автордың өз еңбегінде қала болып қауымдасып өмір сүретін адамзат баласының өзара ешбір қайшылықсыз, мінсіз идеал қоғамы қандай болуы керектігін жан-жақты сипаттауында деуге болады.
Әл-Фараби бұл еңбегінің бірінші бөлімінде Алла тағаланың болмысы, және оны «Бірінші тұлға» етіп және оны мінсіз, кемшіліктерден ада деп қарастырған. «Бірінші тұлға» Алланы, Бірінші себепті: және Бірінші қозғауышты айтады. Оның ешқандай формаға тәуелсіз, себепсіз болмыс деген көзқарасы – объективті идеалистік көзқарас, бірақ әл-Фараби, Аристотельдің ыңғайымен, құдайды – « әлемнің жаратушысын» дерексіз « Бірінші себеп», «Бірінші тұлға» деп ауыстырып жазды. Бұл көзқарас ортағасырлық Шығыста прогрессивті көзқарас болды, өйткені сол кездегі адамдардың ойына, Исламға қарсы келгендей болды.
Тіршілікті, әл-Фараби, сатыларға бөлді, яғни иерархияларға. Белгілі бір құбылыстардың өздерінің басымдылық дәрежесіне сай орналасуы мағынасында дифференциялануы болып шығарылады. Әл- Фараби бұл терминді иерархия мағынасында қолдананды.
Екінші бөлім ізгілікті дінде рухани жандар мен періштелер деп білуге ләзім болған болмыстардың қандай болмыстар екендігі, олардың жауһарлары не, ол болмыстардың әрқайсысының екіншісінен не нәрсемен мәртебелі болатындығы, әрбірінің Бірінші Болмыстан иеленген мәртебесі не екендігі және ол болмыстардың бір-бірлерінен мәртебелері не екендігі, олардың әрқайсысының кемелділігі немен өлшенетіндігі еске алынады. Және олардың әрқайсысының иелігіне билік етуге не берілетіндігі, әрқайсысының басшылығы не болатындығы жөнінде.
Содан кейін аспан денелерінің жауһарлары жөнінде және Бірінші Болмыс пен періштелер оларға қалай иелік ететіндігі, қайсы аспан денесінің әмірі қандай періштеге жүретіндігі және қандай періште қай аспан денесін басқаратындығы, әрбір аспан денесінен қанша нәрсеге билік ететіндігі туралы олар (болмыстар) үшін суреттелуі тиіс нәрсе беріледі.
Ғалым қала басшыларын "қайырымды және надан" деп екіге бөледі. Ол кезде қала-мемлекет болған. Оның тұрғындары қай кезде бақытты болады? Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ, ойы таза болса, барлық қала тұрғыны бақытты болады. Ал қаланың әкімі надан болса, өтірік айтса, шаһардың адамдары бақытсыз болады. Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі іздену керек дейді. Ал сол қалада тұратын тұрғындарды бес топқа бөледi. Яғни қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан. Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi топтағы шешендерге — дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге - есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Әл-Фараби бойынша, байлар дегенiмiз — қалада байлық табатындар, егiншiлер, мал өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер. Қайырымды қаланы әл-Фараби сау әрі мінсіз адам денесіне ұқсас дейді. Себебі оның әрбір мүшесі денсаулықты сақтау үшін бір-біріне көмектесіп өмір сүреді. Бірақ адам денесіндегі органдар бір-бірінен табиғаты, атқаратын қызметіне байланысты айырмашылық жасайтындығы сияқты қала тұрғындары да өздерінің қыметі мен қоғамдағы орны бойынша айырмашылық жасайды дейді. Қалада бір басшы болады, ол өзінен бір саты төмендегілерден белгілі бір істің атқарылкын талап етеді, ал талап етілгендер өз кезегінде өздерінен кейінгілерден талап етеді, осылайша ең төменгі ешкімнен талап ете алмайтын сатылардағыларға да жетеді дейді. Адам денесінің бас мүшесі, яғни жүрегі ең жетілген және ешкіммен басқарылмайтын, ең жоғары сатыдағы органы болып табылатыны секілді қала басшысы да ең жетілген, ең дамыған, бәрінен жоғары тұратын мүше болып табылады. Адам жүрегі басқа органдардың бірігуінің, яғни адам денесінің бар болуының себебі, қалған органдардың белгілі тәртіппен орналасып, жұмыс істеуінің ұйытқысы. Дәл сол сияқты қала басшысы да қаланың бар болуының, адамдардың оның маңайына топтасуының себебі, олардың белгілі сатымен үйлесімді түрде іс атқаруының ұйытқысы. Жүрек денеде орын алған кез-келген орынсыздықтың барлығы жойып отыратыны секілді,басшы да қалада орын алған әрбір келеңсіздіктерді жойып отыруы керек. Сондай-ақ адамның мінез-құлқы да жақсы болуы керек.
Сайып келгенде Әл-Фараби осы трактатында қазіргі біз сүріп жатқан өмірге керекті құндылықтардың барлығын жеткізуге тырысқан .
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ