Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер



Дата07.02.2022
өлшемі17,88 Kb.
#83346
Байланысты:
8-9 емтихан


  1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер (5\ 5)10

Бір кісі баласының жайсыз қылықтарын көрген сайын кейіп «Әй, сен адам болмассың!» – деп ұрса беретін көрінеді. Әкесінің қайталап айта беретін әлгі сөзіне іштей ерегескен баласы бар ынтасын оқуға салып, өскенде бір аймаққа әкім болуға жарапты. Әкемнің аузына енді құм құйылар деп ойлаған ол креслода шалқып отырған күйі қызметкерлеріне ауылдағы әкесін алдына алып келуді бұйырыпты. Әкімнің бір сөзін екі етпестен жіберген қызметкерлері жайбарақат егінін егіп жүрген шалды әй-шайға қаратпай дедектетіп қалаға ала жөнеліпті. «Әкімге апарамыз» дегенге есі шыққан қарт креслода шәнтиіп отырған өз баласын көргенде ғана жүрегі орнына түсіпті. ⠀ Аяғын бір-біріне айқастырып, ауыздағы темекісін тұтатқан баласы әкесіне қарап миығынан күле: ⠀ – Әке, баяғыда маған «адам болмайсың» деп ұрса беретін едің, енді ол ойыңнан еріксіз қайтқан боларсың. Адам болмайды деген ұлың анау-мынау емес, дардай әкім болған жоқ па?! – депті. Сонда әкесі баласының мына қылығына тағы да күйініп: ⠀ – Әй, балам, мен саған «әкім болмайсың» деп емес, «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Сен әкім болсаң да әлі адам бола алмапсың. Егер адам болсаң әкеңді дедектетіп алдыңа әкелткенше, тәкаппарланбай өзің іздеп келіп амандасар едің. Сыйлайтын едің. Адам болу бір басқа, әкім болу бір басқа. Мен саған сондықтан «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Әкім болуды адам болдым деп ұқсаң, сен әлі шикісің, балам, – деген екен дана қарт сонда. 

  • Адам болу дегенді қалай түсінесің? Адам болып қалу үшін қандай болу керек?(10-15 сөйлеммен ойыңды жеткіз)




  • Әрбір баланың ата-ана алдындағы міндеті қандай? Ата-анамен қалай қарым-қатынас жасалуы керек? (7-8 сөйлеммен ойыңды жеткіз)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет