Сабақтың тақырыбы: «Бақытты сәт»



Дата27.04.2022
өлшемі33,47 Kb.
#141167
түріСабақ
Байланысты:
Бақытты сәт ҚМЖ




Күні:

Мектеп: «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Сынып:
Пәні:

Мұғалімнің аты-жөні:




Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың
тақырыбы:

«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы

Сабақтың түрі

Топтық ойын сабағы

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейбір оқушылар орындай алады: қойылған талаптарға дұрыс жауап береді

Бағалау критерийлері

Білім алушы:
- сұрақтарды оқиды
-көтерілген мәселені анықтайды
- өз көзқарасын білдіреді
- сұрақ түрлерін ажыратадыда, жауапты белгілейді

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

география

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:


Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін/ келіспеймін, себебі

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну деңгейлері







Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы
2мин

Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш»,»Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады

https://padlet.com/ainur_3006/7sksv7ya6kxbb5z1





Ортасы
5мин
5минут


10минут


5минут

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар

1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
ІІ топ. «Квадрат» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
ІІІ топ. «Трапеция» тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!


2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
«Ұшбұрыш» тобына.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
«Квадрат» тобына.
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
«Трапеция»тобына.
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)


ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).
«Үшбұрыш» тобына.
АВСД параллелограмның периметрі 81см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
«Квадрат» тобына.
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.
«Трапеция» тобына.
Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.
IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)
«Үшбұрыш» тобына.
1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)
3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
5. Мына формула бойынша нені табуға болады? (трапецияның ауданын)
«Квадрат» тобына.
1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).
2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
5. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)
«Трапеция» тобына.
1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)
2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)
4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)






Соңы
5мин

Рефлексия


Кері байланыс


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет