Республикалық жоғары техникалық колледжі
«Бекітемін»
Директорыдың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
_________ Келбетова Э.С
«___»____________2016 ж.
Тақырыбы: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
Өткізген: Ғинаятова А.Е.
Орал 2016 жыл
Тақырыбы: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (Cайыс)
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау.
Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі сыныптан тыс сағатындағы топтар арасындағы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты сайысқа қош келдіңіздер. Сайысқа 3 топ қатысады.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады
1. Таныстыру
2. Топ сайысы (әр топқа 6 сұрақ қойылады)
3. Естімеген елде көп (логикалық сұрақтар 2-ден)
4. Жалғасын тап (мақал - мәтелдерден жарыс)
5. Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақтар шешу,мақал- мателдер; қазақша, орысша жауабын айту)
6. Топ басшылар сайысы (3 сұрақтан беріледі)
Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына
Жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер
Бір - біріңе еріңдер
Біліміңді тексеріп
Бәйгеге қатысып көріңдер
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие – тәлім табар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысымызды бастаймыз
Бүгінгі сайыстың әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары: Келбетова Э.С.
2. Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы: Атабаева Н.М.
3. Техникалық пәндер оқытушысы: Мамбеталиева Э.А.
4. Жалпы білім беретін пәндер оқытушысы: Сисенгалиева С.М.
Сайыста ең жоғарғы ұпай – 5
Ең аз ұпай – 3
Сайысымыздың 1- кезеңі бойынша топтар өздерін таныстырады
1 – топ:
Ұраны:
2 - топ:
Ұраны:
3 - топ:
Ұраны:
Сайысымыздың екінші бөлімі бойынша әр топқа 6 сұрақ беріледі.
1 топ
1. Білім күні (1 қыркүйек)
2. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
3. Жаңа әнұран қашан қабылданды? (2006 ж қаңтар)
4. Ән ұранның сөзін жазғандар? (ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.)
5. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет 4 жұмыртқа пісіру үшін неше
минут қажет? (5 минут )
6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (тоқтар)
2 топ
1. Республика күні (25 қазан)
2. Ұя салмайтын құс (көкек)
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? (1991 ж 1. 12)
4. Қазақстан туының авторы? (Ш. Ниязбеков)
5.Қазақ ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне қашан көтерілді? (1994 ж 30 маусым)
6. 1 кг мақта ауыр ма 1 кг темір ауыр ма? (Тең)
3 топ
1. Абылайдың шын аты? (Әбілмансұр)
2. Елтаңба авторлары кім? (Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3. Бір сыйлықты орау үшін 30см жылтыр қағаз керек,7сыйлыққа қанша см керек?( 210 см )
4. Ауыл жылы болып қай жылдар белгіленді? (2003-2004 жылдар)
5. ҚР - ның Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995ж)
6. Жаңа үлгідегі теңгелер қашан еңгізілді?( 2006 жылы қараша)
Үшінші бөлім бойынша Естімеген елде көп логикалық тапсырмалар
1 - топ:
1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)
2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)
2- топ:
1. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
2. Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)
3 топ:
1. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
2. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)
Төртінші бөлім: жалғасын тап «Мақал - мәтелдер жарысы»
1 - топ:
1. Арқанды ат... (қазығына оралар)
2. Ат жақсысын мақта,...(Адам жақсысын жақта)
3. Ұстазы талантты болса,
Шәкірті... (талапты болар)
4. Мал қонысын іздейді,....
(Ер жігіт туысын іздейді)
2 - топ:
1. Ғылым – теңіз,...... (білім – қайық).
2. Сұңқар киясын сағынады,.......
(Торғай ұясын сағынады)
3. Жат елдің жақсысы болғанша,..........
(Өз еліңнің сақшысы бол)
4. Әдептілік белгісі,................./иіліп сәлем бергені/
3 - топ:
1. Ер сүрінбей, ел танымас........
(Ат сүрінбей, жер танымас)
2. Ел даусыз болмайды..........
(Ер жаусыз болмайды)
3. Қорқақтың көзі үлкен,............
(Ақымақтың сөзі үлкен)
4. Отан................................................ /оттан да/ ыстық
Бесінші сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл»
1 - топ:
1. Жүз теңгең болғанша жүз....... болсын (дос друг)
2. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп - мяч)
3. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап - книга)
4. Жеті қазынаның бірі (ит - собака)
2 - топ:
1. Баска пәле ....... (тіл - язык)
2. Сағат сайын қағылады
Тек мектептен табылады. (Қоңырау - звонок)
3. Бірінші байлық (денсаулық - здоровье)
4. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем - весна)
3 - топ
1. Сыйлап берген ...да тәттi (су -вода)
2. Мені жұтсаң қуанып,
Тыныс алып тұрасың (ауа - воздух)
3. Ең қымбат адам (ана - мать)
4. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц)
Алтыншы кезең: Топ басшылар сайысы
1 - топ Метаграммалар
1. Ж - дан басталса жыл мезгілі
Қ - дан басталса ол құс белгілі (жаз - қаз)
2. Егер т - дан бастасаң –
Биіктердің биігі.
Егер д - бастасаң.
Қиындардың қиыны.
Екеуің де алып тастасаң.
Балықшының бұйымы.
/тау, дау, ау/
2 - топ:
1.Г - дан баста, мен кілең.
Ажарымын өмірдің.
К - ден баста, мен енді
Қалдығымен көмірдің.
/гүл, күл/
2. К - ден егер бастасаң –
Шомыласың суына
Ш - дан егер бастасаң –
Жазда аунайсың құмына.
/көл, шөл/
3 - топ:
1. Егер б - дан бастасаң,
Түтіндей боп көшемін.
Егер н - дан бастасаң,
Жап - жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң –
Ішкен жанға кеселмін.
/бу. ну, у/
2. К - дан бастасаң
Маған қарап сабақ айтады.
П - дан бастасам
Маған балалар жүгін артады (карта - парта)
Міне балалар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөзді әділ қазылар алқасына береміз. сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік
1- жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл мықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Достарыңызбен бөлісу: |