Қарабура әулие Қараханилық билеуші Хасан (Харун) Боғра хан болуы мүмкін



Дата07.02.2022
өлшемі18,76 Kb.
#91339
Байланысты:
ҚарабураҚарабура әулие кесенесі 1997 жылы қайтадан жаңартылып салынған tarih


ҚарабураҚарабура әулие кесенесі 1997 жылы қайтадан жаңартылып салынған. Кесене ақ кірпіштен өрілген, әрқайсысы сегіз қырлы екі бөлмеден тұрады. Төбесі - күмбезді, бірінші бөлмесі 100 шаршы метр, төбесі ашық екінші бөлмедегі ескі кесене ХІV ғасырда тұрғызылған. Қарабура әулиенің зираты осы ескі кесенеде. Еске кесене шой тастан құралған, ірге тас үстіне қам қыш қаланып, қабырғалары саз балшықпен сыланған. Пішімі текше көлемді құрылыстың төбесі күмбезге айналған. Күмбездің жоғарғы жағында жарық кіретін төрт саңылау орнатылған. Алдыңғы беті тегіс, жылтыр. Солтүстік жағындағы кіре берістегі екі қабырғасына төртбұрышты терең екі қуыс орнатылған. Төрт бұрышты бөлме ішіндегі белдеулеріндегі дуалға сүйір қуыс жасалған. Күмбез шатырлақ әдіспен өрілген. Ортасына қам қыштан құлпытас орнатылған.
Зерттеуші С.Тәбірізұлы өзінің «Қарабура әулие» атты еңбегінде Әулие бабаға қатысты көптеген аңыздық және тарихнамалық деректер ұсынады. Оларды қорытындылай келгенде мынадай тұжырым шығады:
«Қарабура әулие – Арыстан бап пен Қажа Ахмет Ясауидың замандасы; яғни ХІ ғастырдың соңы мен ХІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген» тарихи тұлға.
Қарабура әулие – Қараханилық билеуші Хасан (Харун) Боғра хан болуы мүмкін.
Қарабура әулие – қасиетті әулие, сопылық ілімнің негізін салушылардың бірі немесе осы ілімнің дамуына жан аямай көмектескен мемлекет қайраткері (Әмір Темір) сияқты болған деген қорытынды жасауға болады;
Қарабура есімін ұранға айналдырған тама тайпасының атауы Қарахандар мемлекетіндегі «яғма» тайпасы атауының өзгеріске ұшыраған түрі;

Әулие бабамыз жөнінде ізденіс жасаған Жарылқасын Боранбай өзінің «Қарабура» атты кітапшасында төмендегідей тұжырымдар мен болжамдар жасайды:


Қарабура әулие – Батыс Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі – Ибрагим ибн Насырдың ұрпағы екендігі;
Қарабура әулие – Қожа Ахметтің замандасы, ол Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғанда денесін жуған, кебіндеген, жерлеу рәсімін толық қолынан өткізген адам;
«Қарабура» сөзі – «Қара Боғра» сөзінен туындайд, ал бұл ұғым Қарахан мемлекетінің билеушілернің ұрпағы;
Қарабура әулиенің аты –Ақтан софы;

Белгілі жазуша Әбіш Кекілбаевта бұл мәселеге қатысты өз ойларын айтқан. Ол «Елдік пен ерлік киесі» атты мақаласында мәселені жан-жақты қарастыра келе төмендегідей қорытындылар жасайды:


«Қарабура – тамаларға мұсылман дініне кіріп, Қарахан мемлекетінің құрамында болған кезден қалған ұран»;
Қарабура Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген;

Қарабура әулие Ясауидің замандасы деген дерекке – «Қарабура әулиенің Қожа Ахмет Ясауиді жерлеуі туралы» аңыз-әңгімелер жатады. Деректі ХХ ғасырдың 80-ші жылдары ел аузынан Р.М.Мұстафина жазып алып, өзінің монографиясында жариялайды. Онда былай делінген: «Оңтүстік Қазақстанда Қарабура әулиенің, дәлірек айтсақ Бура-хан әулиенің күмбезі бар. Шырақшы мен жергілікті өңірдің көне тарихын көп білетін адамның айтуынша Қарабура әулиенің шын аты – Бурханадзар. Ол Қарахандар әулетінің негізін қалап, бірінші болып ислам дінін қабылдаған және Әулие-Ата (Жамбыл) қаласында жерленген атақты Қараханның серігі болады. Бура-хан – Ақтан сопының ұлы, оның бейіті Қызылорда облысында жатыр... Бура-ханның көпке танымал болуына оның Қожа Ахмет Ясауиды жерлеуі туралы аңыздың таралуы жатады. Аңыз бойынша, Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болар алдында өзін бір қара түйе мінген адамның келіп жерлейтінін ескертеді. Ол адамнан басқа ешкімнің әулие денесіне қол тигізуге құқы болмаған. Дәл әулие айтқандай болады. Көп ұзамай Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін, үстіне ақ жамылғысы бар, ноқтасыз түйеге мінген және қапталында құмыра ілініп, онда денені жуатын суы бар адам келеді. Ол жаназа шығарып, басқа да ырымдарды орындайды. Бәрін орындап болғаннан кейін жаңағы адам Түркістаннан оңтүстікке қарай бет алады. Осы уақыт ішінде ол ештеңе ішпейді де, жемейді де. Бір ауылға келіп ол шайынады және сол жерде қайтыс болады. Бура-хан қайтыс болған жерінде жерленеді және оның басына күмбез орнатылады. Жаңағы адамның кім екенін білмеген адамдар оны «Қарабура» деп атап кетеді. Бейтаныс адамның астына мінгені қара бура екен. Осы сөздерден әулиенің аты пайда болады».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет