«ДҮниежүзі тарихы» ПӘні бойынша маңызды оқИҒалардың хронологиялық кестесі



Дата19.11.2022
өлшемі17,67 Kb.
#158969
Байланысты:
100 data.salt
6 кл, phys-tasks

@ussenovvas


«ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ


Ежелгі дүние тарихы


1.Б.з.д. 1792-1750 жж.
Хаммурапи Вавилон мемлекетінде патшалық етті.


2.Б.з.д. VII ғасыр
Ассирия ежелгі дүниедегі қуатты әскери мемлекетке айналды.


3.Б.з.д. VI ғасыр
Парсы патшалығының құрылуы.


4.Б.з.д. 594 ж.
Солон Афиныда архонт (билеуші) болып сайланды. Солон реформалары.


5.Б.з.д. 519-518 жж.
І Дарийдің сақтарға қарсы жорығы.


6.Б.з.д. 509 ж.
Римде республика орнады.


7.Б.з.д. V ғ.
-Афины Ежелгі Грекияда қуатты демократиялық мемлекетке айналды.


8.Б.з.д. IV-III ғғ.
Бактрия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болды.


9.Б.з. 395 ж.
Рим империясы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.


10.Б.з. 452 ж.
Аттила өз әскерімен Солтүстік Италия жеріне басып кірді.


11.Б.з. 476 ж.
Батыс Рим империясының құлауы.
Орта ғасырлар тарихы


12.481-511 жж.
Франк мемлекеті мен меровингтер әулетінің негізін қалаушы король Хлодвигтің билік құруы.


13.532 ж.
Константинопольдегі «Ника» көтерілісі.


14.570-632 жж.
Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір сүрген жылдары.


15.661-750 жж.
Араб халифатында Омейя әулетінің билік етуі.


16.711-718 жж.
- Арабтардың Испанияны жаулап алуы.


17.882 ж.
Киев Русі мемлекетінің құрылуы.


18.995-997 жж.
Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун ибн-Мұхаммед Хорезмшахтардың біртұтас мемлекетін құрды.


19.1040-1060 жж.
Тоғрыл-бек Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды.


20.1096-1099 жж.
Бірінші крест жорығы.


21 1265 ж.
Ағылшын парламентінің құрылуы.


22.1302 ж.
Францияда Бас штаттар шақырылды.


23.1337-1453 жж.
Англия мен Францияның арасындағы Жүз жылдық соғыс.


24.1380 ж.
Куликово шайқасы.


25.1382 ж.
Тоқтамыс ханның Мәскеу қаласын басып алуы.


26.1453 ж.
ІІ Мехмед басқарған Осман түріктері Константинопольді басып алуы.


27.1455-1485 жж.
Англиядағы Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы.


28.1517 ж.
Лютердің 95 тезисін жариялап, индульгенцияға қарсы шығуы.


29.1533-1584 жж.
IV Иванның Ресейде патшалық құруы.


30.1556-1605 жж.
Ұлы Моғол империясында І Акбардың билік етуі.


31.1558-1603 жж.
І Елизавета патшайымның Англияда билік етуі.


32.1566 ж.
Нидерланды буржуазиялық революциясының басталуы.


33.1603 ж.
Англияда Стюарттар әулетінің билігінің басталуы.


34.1613-1917 жж.
Ресейде Романовтар әулетінің билік құруы.




Жаңа заман




Шығыс Елдері


35.1755-1759 жж.
Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістанды басып алуы.


36.1774 ж.
Ресей мен Түркия арасындағы Кучук-Қайнар бітімі.


37.1840-1842 жж.
Қытайдағы бірінші «апиын соғысы».


38.1856-1860 жж.
Қытайдағы екінші «апиын соғысы».


39.1858 ж.
Ресей мен Қытай арасындағы Айгүн шарты.


40.1867-1912 жж.
Жапониядағы Мэйдзи дәуірі.


41.1878 ж.
Берлин конгресі. II Абдул-Хамидтің Сербия, Черногория мен Румынияның тәуелсіздігін жариялауы.


42.1904-1905 жж.
Орыс-жапон соғысы.




Еуропа және Америка


43.1607 ж.
Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негізі қаланды.


44.1640 ж.
Англиядағы «қысқа парламент».


45.1653-1658 жж.
Англиядағы О. Кромвельдің протектораты.


46.1776 ж.
АҚШ-тың құрылуын жариялаған Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы.


47.1787 ж.
АҚШ Конституциясының қабылдануы.


48.1789 ж.
Бастилиянының алынуы. Француз революциясының басталуы.


49.1789 ж.
Францияда Адам және азамат құқықтары декларациясының қабылдануы.


50.1804 ж.
Наполеон Бонапарттың І Наполеон деген атпен Францияның «императоры» атағын қабылдауы.


51.1812 ж.
Ресейдің Наполеон әскерлеріне қарсы Отан соғысы.


52.1813 ж.
Лейпциг түбіндегі «Халықтар шайқасы».


53.1823 ж.
АҚШ-та «Монро доктринасының» жариялануы.


54.1861 ж.
Италия патшалығының құрылуы.


55.1861-1865 жж.
АҚШ-тағы азамат соғысы


56.1871 ж.
Версальда Герман империясы құрылуының жариялануы.


57.1871 ж.
Париж коммунасы.


58.1882 ж.
Германия, Австрия-Венгрия және Италия араларындағы Үштік Одақтың құрылуы.




Ресей


59.1682-1725 жж.
І Петрдің патшалық етуі.


60.1700-1721 жж.
Солтүстік соғыс.


61.1861 ж.
Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифест.


62.1905-1907 жж.
Алғашқы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.




Қазіргі заман


63.1914-1918 жж.
Бірінші дүниежүзілік соғыс.


64.1917 ж.
Ресейдегі Ақпан революциясы мен Қазан социалистік революциясы


65.1919 ж.
Париждегі бейбітшілік конференциясы.


66.1921-1922 жж.
Вашингтон конференциясы.


67.1922 ж.
КСРО-ның құрылуы.


68.1923 ж.
Түркия Республикасының құрылуы.


69.1929-1933 жж.
Әлемдік экономикалық дағдарыс.


70.1933 ж.
Германияда фашистік диктатураның орнауы.


71.1937 ж
.– Жапонияның Қытаймен соғысының басталуы.


72.1938 ж.
Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия арасындағы Мюнхен келісімі.


73.1939 ж.
Өзара шабуылдаспау туралы КСРО-Герман пактісі мен құпия хаттамасы.


74.1939-1945 жж.
Екінші дүниежүзілік соғыс.


75.1941 ж.
Германияның КСРО-ға шабуылы.


76.1942-1943 жж.
Сталинград шайқасы.


77.1942 ж.
Әл-Аламейн (Египет) шайқасы.


78.1943 ж.
Курск шайқасы.


79.1943 ж.
Тегеран конференциясы.


80.1945 ж.
ІІ Дүниежүзілік соғыста Германия мен Жапонияның жеңілуі.


81.1947 ж.
Трумэн Доктринасы, «Маршалл жоспары».


82.1949 ж.
НАТО-ның құрылуы.


83.1950-1953 жж.
Кореядағы соғыс.


84.1955 ж.
Варшава шартына қол қою.


85.1956 ж.
Суэц дағдарысы. Египетке қарсы үшжақты басқыншылық.


86.1958 ж.
Францияда бесінші Республика Конституциясын қабылдау.


87.1961 ж.
КСРО азаматы Ю.А. Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуы.


88.1962 ж.
Кариб дағдарысы.


89.1963 ж
Жерде, суда және ауада ядролық сынақтарды өткізбеу туралы Мәскеу шарты.


90.1965-1973 жж.
АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы.


91.1968 ж.
Варшава Шартына қатысушы елдердің Чехославакияға әскерлерін енгізуі. «Прага көктемі».


92.1971 ж.
Бангладеш мемлекетінің құрылуы.


93.1975 ж.
Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Кеңесінің Акті.


94.1979 ж.
Иранда шахқа қарсы революция.


95.1979-1989 жж.
Ауғанстанға КСРО қарулы күштерін енгізу.


96.1980-1988 жж.
Ирак-Иран соғысы.


97.1991 ж.
КСРО-ның ыдырауы.


98.1992 ж.
Еуропалық Одақтың (ЕО) құрылуы.


99.2001 ж.
Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы мәлімдеме.


100.2008 ж.
Пекин Олимпиадасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет