Алаша Хан кесенесі



Дата27.09.2023
өлшемі5,55 Mb.
#182658
Байланысты:
Алаша Хан кесенесі
КТЖ «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 10 Aсынып

Алаша Хан кесенесі

Алаша хан кесенесі — Ұлытауда XV-XVI ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық ескерткіш. Кесене Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай ауылынан 2 шақырым жерде салынған. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген.

  • Алаша хан кесенесі — Ұлытауда XV-XVI ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық ескерткіш. Кесене Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай ауылынан 2 шақырым жерде салынған. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген.

1855 жылы кесене жайлы алғашқы жазба деректерді Ш.Уәлихановтың «Қырғыз-қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласында кездестіреміз.

  • 1855 жылы кесене жайлы алғашқы жазба деректерді Ш.Уәлихановтың «Қырғыз-қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласында кездестіреміз.
  • 1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" еңбегінде кесене жайлы ең алғаш рет жан-жақты баяндалған.
  • 1945-1946 жылдары М.Б. Левинсон бастаған экспедиция кезінде ең алғаш рет фотофиксация, техникалық зерттеу, өлшеу жұмыстары өткізілді.
  • 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих, археология және этнография институтының жетекшілігімен ескерткіш аумағындағы археологиялық зерттеу жұмыстары басталды.
  • 1982 жылы Алаша хан кесенесі Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштер тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынды.

Алаша хан күмбезі Ұлытаудың Қаракеңгір өзен жағасында (Сарыкеңгір өз-нің құярлық саласында) биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер әлі де жаңа болжамдар айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы — 9,73 х 11,9. Биікт. — 10 м. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Олардың көлемі 230 х 14 х 60 мм, 260 х 230 мм, 320 х 320 х 60 мм, т.с.с әртүрлі болып келеді. Құрылыс үстінен биіктігі екі жарым метрге жуық барабан — күмбез мойындығы салынып, одан күмбез шығарылған. Барабан сатыланып кішірейе түсетін төрт белдеуден тұрады. Көпқырлы және цилиндр тәрізді етіп жасалған бұл белдеулердің диам. — 743, 673, 643 см. Кіреберіс қақпа-портал аркасы мен екі жақ ұстынды мұнаралық бөліктерінің биіктігі қандай болғаны белгісіз. Олардың күмбез барабандары басталатын тұстан жоғарғы жағы жойылып кеткен. Кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік екінші айналма қабатқа (барабан галереясы), одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Портал мен күмбездің шыны сырлы қаптама жұқа өрнектерінен ешнәрсе қалмаған. Ары-бері өткен жолаушылар тәбәрік етіп алып кеткен болуы керек. Алаша хан күмбезіің шынайы қалпын онымен тұстас, сәулеттік үлгілері ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Бұл орайда ол негізінен Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне-көп Түрікменстанда кездеседі. Алаша хан күмбезіін, сондай-ақ, Қазақстан жеріндегі Айша бибі Жошы хан , Қожа Ахмет Йасауи мазарлары үлгілерімен де салыстыруға болады. Әсіресе көне Сығанақ маңындағы Көк кесене ғимаратының көркемдік нақыштарымен үндестік бірден көзге түседі.

  • Алаша хан күмбезі Ұлытаудың Қаракеңгір өзен жағасында (Сарыкеңгір өз-нің құярлық саласында) биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер әлі де жаңа болжамдар айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы — 9,73 х 11,9. Биікт. — 10 м. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Олардың көлемі 230 х 14 х 60 мм, 260 х 230 мм, 320 х 320 х 60 мм, т.с.с әртүрлі болып келеді. Құрылыс үстінен биіктігі екі жарым метрге жуық барабан — күмбез мойындығы салынып, одан күмбез шығарылған. Барабан сатыланып кішірейе түсетін төрт белдеуден тұрады. Көпқырлы және цилиндр тәрізді етіп жасалған бұл белдеулердің диам. — 743, 673, 643 см. Кіреберіс қақпа-портал аркасы мен екі жақ ұстынды мұнаралық бөліктерінің биіктігі қандай болғаны белгісіз. Олардың күмбез барабандары басталатын тұстан жоғарғы жағы жойылып кеткен. Кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік екінші айналма қабатқа (барабан галереясы), одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Портал мен күмбездің шыны сырлы қаптама жұқа өрнектерінен ешнәрсе қалмаған. Ары-бері өткен жолаушылар тәбәрік етіп алып кеткен болуы керек. Алаша хан күмбезіің шынайы қалпын онымен тұстас, сәулеттік үлгілері ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Бұл орайда ол негізінен Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне-көп Түрікменстанда кездеседі. Алаша хан күмбезіін, сондай-ақ, Қазақстан жеріндегі Айша бибі Жошы хан , Қожа Ахмет Йасауи мазарлары үлгілерімен де салыстыруға болады. Әсіресе көне Сығанақ маңындағы Көк кесене ғимаратының көркемдік нақыштарымен үндестік бірден көзге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет