Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы орта білім беретін мектебі
математикалық ойын
Өткізген: Анапина З.Б
математика пәні мұғалімі
Курмангалиева Д.А
Психолог
«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін,топпен жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. «Ғажайып жұлдыз» (логикалық есептер)
3. «Көңілді санау» (сандарды ретімен жазу)
4. «Тренинг» (психолог)
5.«Піскен алмалар» (жұмбақтарға жауап)
6. «Ойымды жалғастыр» (мақал-мәтелдер)
7. «Рефлексия» (Айна әдісі)
Көрнекіліктер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» математикалық ойынына қош келдіңіздер. Бұл сайысқа мектебіміздің 6 сынып оқушыларынан құралған 3 команда қатысады.Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Ортаға «Алғырлар», «Тапқырлар», «Зеректер» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1. Кезекте амандасу рәсімі
І топ «Алғырлар» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
.
ІІ топ. «Тапқырлар» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
ІІІ топ. «Зеректер» тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
2. «Ғажайып жұлдыз» (логикалық есептер) Тақтада 3 түсті жұлдызшалар тұрады ,сол жерден тапсырмаларды алады..(әр топқа логикалық есептер беріледі).
«Қызыл жұлдыз»
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
«Сары жұлдыз»
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
«Жасыл жұлдыз»
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.
3 . «Көңілді санау» (сандарды ретімен жазу) (2 минут уақытта тапсырмаларды орындау)
. 1-топқа 2-топқа 3-топқа
14,5+2,7= 13,8+17,1= 16,7+11,1=
25,6-12,4= 89,6-13,5= 58,5-14,2=
67,5-32,4= 172,3-111,1= 11,7-8,5=
14,3*2= 15,4*3= 8,5*4=
4. . «Тренинг» (психолог) Курмангалиева Диана оқушылармен тренинг өткізеді.
5.«Піскен алмалар» (жұмбақтарға жауап)
Тақтадағы жасыл шарлар ішіндегі жұмбақтарға жауап береді.
. Атадан 10 баламыз
Бір - бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз (цифрлар)
Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.
/күнделік/
Он екі парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/
Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
/сызғыш/
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара. (жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
6. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
7. Рефлексия «Айна әдісі»
8.Қосымша сұрақтар
«Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
12. 225 нешенің квадраты? (15)
Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаздарын тапсырады.
(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады
Алдыңызда жайнаған жүздер ән
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |