Қазақ тілі пәні бойынша 8- сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары I тоқсан Сабақтың нөмірі: 2 Сабақтың тақырыбы: Тасқа жазылған дастандар. Біріккен жалқы есімдер
Мақсаты : 8.2.7.1.Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;
8.4.1.1. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.
Ресурстар: https://ppt-online.org/70575 слайд арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Кім көп біледі?
Қазақтың қандай жыр дастандарын білесіңдер?
Қалай ойлайсыңдар, тасқа жазылған дастандар мен батырлар жырының ұқсастықтары бар ма?
1-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, әр бөлімнен алынған ақпараттардан жинақы мәтін ( аннотация) жазыңдар.
(«Мектеп», 2018 ж. Б. Қапалбек, А.Омарова, Г.Закиряева, Г.Абнасырова. 8-бет)
Біріккен жалқы есімдер 2 түрлі тәсілмен жасалады:
Аффикстік тәсіл. Түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Қойшы(бай), Қойлы(бай)
Дербес мағыналы сөздердің бірігуі арқылы жасалатын жалқы есімдер.Мысалы: Бекайдар, Нұрсұлу
2-тапсырма. Кім көп табады? Үлгі бойынша сөздер тобын толықтырып жазыңдар. («Мектеп», 2018 ж. Б. Қапалбек, А.Омарова, Г.Закиряева, Г.Абнасырова. 9-бет)
Дескриптор: - мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіре алады;
- зат есімдерді мағынасына қарай ажырата алады;
- біріккен жалқы есімдерді орфографиялық нормаға сай жазады.
3-тапсырма.Қазақтың зергерлік бұйымдарының атауларын қатыстырып сөйлемдер құраңдар.
(«Мектеп», 2018 ж. Б. Қапалбек, А.Омарова, Г.Закиряева, Г.Абнасырова. 4-тапсырма, 11-бет)
орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Әзірлеуші: Кашаулиева Эльмира Кокталовна №148 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі. Алматы қаласы Білім Басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.