Дәріс: № 10 Тақырыбы: Дешті Қыпшақтағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
Насыреддин Рабғузи. “Рабғузи қиссалары”, “Кодекс Куманикус”-кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі.
Пайдаланатын әдебиеттер: 1,2,3,4,6,13, 16,19,26,29,30,31. Жоспары: 1. Дешті Қыпшақтағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
2. Отырар ойраны /1220 ж./ Сығанақ, Жент, Үзкент, Баршынлыкент, т.б.
білім мен мәдениет орталықтарының жер бетінен жойылып кетуі.
3. Насыреддин Рабғузи. “Рабғузи қиссалары” (1310 ж.)-табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифтер, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана, Көк, Ай, мен Жұлдыз, шайтан мен періште, т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағының қысқаша сюжеті.
2.Кодекс Куманикус”-кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ (1310ж.).
Қарахан мемлекетіндегі халықтың басым көпшілігі каңлы, қарлұқ, шігіл және яғма сияқты түркі тайпалары болды. Мемлекет астанасы алғашта Қашқар каласы, кейінірек Баласағұн шаһары, сосын барып Үзген каласы болды.
Ал, енді XI ғасырдың бас кезінде қазақ жерінде Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі құрылып, ол бірте-бірте нығайып келе жатты. Қыпшақтар аз уақыт ішінде Сыр-дарияның орта және төменгі бойындағы оғыз тайпалары мекендеген жерлерді жаулап алды. Сосын барып, Арал мен Қаспий маңындағы далаларды өзіне каратты. Сөйтіп, қыпшақтар Хорезм мемлекетімен шекаралас болды. Олармен сауда байланысын жасады.
Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі XI ғасырдың соңында шығысында Ертістен бастап, батысында Еділге дейінгі ұланғайыр даласын алып жатты. Қыпшақтар бірте-бірте оңтүстік орыс далаларына барып, сол кезде половецтер деп атанып кетті. «Қыпшак, даласын Шығыс елдерінде «Дешті — Қыпшақ» десе, орыс жылнамаларында «Половецтер даласы» деп атайды. «Қазақтардың этногенезінде XII ғасырдың аяғында -XIII ғасырдың басында халықтың құралуы жолында көп ілгері басқан шығыс қыпшақ тайпалары елеулі роль аткарды».
Қыпшақтар бұл кезде Орта Азиямен, Русьпен және Кама Бұлғариясымен өзара қарым-қатынас жасап, олармен экономикалық, мәдени байланыста болды. X—XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мәдени өмірінде айтарлықтай жаңалықтар болды. Қала тұрмыс өрлей түсті. Қолөнер кәсібі, зергерлік, сәулетшілік өнері т. б. едәуір дамыды. Қарашоқ, Қарнақ, Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынлыкент сияқты жаңа калалар пайда болды. Сол кездегі Қазақстан қалаларының ең ірісі Отырар мейлінше өрлеп тұрды.
Насыретдин Рабғұзи мен оның атақты еңбегі “Қисса сул-әнбия” тек қазақтың ғана әдебиетінде ғана емес оның кейбір жұрнақтары орыстың, кейбір европалық әдеби мұраларында орын алған.
Ертеден келе жатқан сақталып қалған әндердің кейбір үлгілері диқаншылық күнтізбесімен байланысты. Родос аралында балалар үй-үйді аралап жақсы жыл мен жыл мезгілін алып келетін қарлығаштардың келгені туралы хабарды таратып, “қарлығашқа есік ашуын сұрап”, тәтті тағамдар, ірімшік, шарап беруін тілеген. Бұл қазақтың көктемгі жарапазанды айтумен сәйкес келеді.
Үйлену тойларында неке құдайы Гименейге арналған әндер шырқалды. Бұл әндер кейінен көптеген европалық лирикасының гименей және эпиталамий деген ерекше жанрларының қалыптасуына мүмкіндік туғызды.
Мысалдарды да ауыз әдебиетінің ежелгі туындыларына жатқызамыз. Мысалдардың басты кейіпкерлері ретінде аңдар мен жан-жануарлар бейнесі алынып, мақсаты күнделікті өмірде кездеетін бір моральды астарлап айту болған. Б.з.д. VIIІ ғасырда өмір сүрген Гесиод ақын атақты адамның зорлық-зомбылығы алдындағы әлсіздік туралы “Бұлбұл мен Қаршыға” жайлы мысалында ашық жырлайды.
Б.з.д. V ғасырда халық аузында жүрген көптеген мысалдар арқасы бүкір фригийлік Эсоптікі деп есептеледі. Бұрынғы уақыттан Эсоптің өмірі жайлы қызықты әңгімелерден тұратын бүтін бір кітап сақталған. Бірақ бұл әңгімелердің барлығы - үлкен қиялдың жемісі. Эсоптікі деп саналатын мысалдардың ішінде өзімізге таныс сюжеттер көптеп кездеседі. Мысалы: “Бір күні қасқыр күркенің ішінде бақташылар қойдың етін жеп отырғанын көреді де, жақындап келіп былай дейді: - Егер мұны мен жасағанда осы жер у-шуғу толып кетер еді. ”
Жұмбақтардың шығу тегі де осындай. Мысал ретінде жауабын Эдип шешетін жұмбақты келтіруге болады: төрт аяқты, екі аяқты, үш аяқты деп қандай жанды айтады?
Бұл шығармалардың сюжеттерінің бірқтары “Қисса сул-әнбия” жырында орын алған. Зерттеушілердің көп жылдық еңбектің нәтижесінде ежелгі европалық әдебиеттің мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің үлкен көлемі сақталды. Халықтық даналықтың қанатты сөздері VII–VI ғасырларда өмір сүрген 7 данышпанға тиесілі деп есептеледі: Фалес, Биант, Солон, Питтак, Клеобул, Периандр, Хилон.
Поэзиялық жанрдың ақырындап сөнуіне байланысты аэдтер деп аталған әнші-ақындар да ысырылып, кейінен олардың орнына дайын поэманы жаттап, тақпақтап орындаған әртістер – рапсодтар келді.
ХІ-ХIІ ғасырларда құрылған көне қыпшақ құлиеленушілік қоғамы экономикалық, саяси, көркемдік гүлдену кезеңін басынан кешіреді. Бұл өркендеу қараханид мен қыпшақтың көркемдік, соңынан философиялық орталығына айналады. Алтын орданың әдебиет кеңістігіндегі салмағы соншалық жазушылар шығармаларынад әлемді құдай билейді дегенге еш күмән келтірмеді, бірақ құдай ұғымы өзінің күшін жоғалтып, табиғат пен қоғамға кірігіп кетеді. Пантеизмге деген бағыт барлық жазушылар мен ақындардың ойларында көрініс табады. Пантеизм бұл кезең үшін мифологиялық дүниетанымнан босанудың прогрессивтік құбылысына айналды. Мәселен, пантеистік көзқарастағы Рабғұзи ақын және ақын сопылық санадағы Иассауи мифологияны сынады.
Мәдениетке деген оптимистік көзқарас, адамның күшіне және адамның ақылына деген сенім біз суреттеп отырған кезеңнің идеологиясына тән болды. Адамдар өздернің табиғат алдындағы үстемдігін сезіне бастады.
Сүлемен Бақырғани жырланғандай: “Табиғатта ғажайып күштер көп, бірақ адамнан күштісі жоқ”. Қоғамда адамдардың өздерінің қарым-қатынастарын ретке келтіруге арналған құбылмалы заңдар алдыңғы қатарға шықты. Шаруашылық, мемлекет, ар, тәрбие практикалық талқылау мен теориялық ойлаудың нысанына айналып, қоғамдық ғылымдардың өзегі қалыптасты.
Осы кезеңде софистік ағым пайда болып, софистер деген атқа ең алдымен саяси тұлғаны тәрбиелеп, оған білім беретін данышпан оқытушылар ғана ие болды. Софистік қозғалыстың анық саяси бағдарламсы болмады, тек демократиялық мәдениет бұрынғы мифтік білімді емес, қоғамдық-саяси білімді, ел алдында сөйлей білуге дағдыландыратын білімді қажет етті. Сондықтан қоғамдық ғылымдар мен шешендік өнер теориясы софистердің қызғушылығын тудырды.
ХІІ ғасыр – прозалық жанрлардың басты орынға ие болған уақыты екенін жоғарыда атап айттық. Бірақ осы кезде мифология бүкілхалықтық құндылық болса прозалық шығармалар жазуға тек құлиеленушілік қоғамның даму кезінде қол жеткізе алды. Халыққа қарапайым тілмен жеткізу белең алған тұста Рабғұзи шығармаларын прозалық тілмен жазуға көңіл қояды. Мұнда ол ежелгі элладалықтардың мұраларына көңіл қояды.