Сабақтың тақырыбы: «Электр құбылыстары» тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың электр құбылыстары тарауы бойынша алған білімдерін тексеру,жүйелеу,қорытындылау
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін есте сақтау мақсатында ойлау қабілеттерін,танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа ,ізденімпаздыққа,бірлесе жұмыс істеуге ,бірін-бірі тыңдауға ,шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сараптау,салыстыру,топтастыру,ой-толғау,топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы берілген сызбалар,кестелер,амперметр,вольтметр,ток көзі,электр шамы , кілт, өткізгіш сымдар т.б қажетті құралдар.
Сабақ жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі /1мин/
II. Сайыстар
«Кім жылдам» топ бойынша сұрақтар
Физикалық есеп
Электр тізбегінің шартты белгілері
Құрал-жабдықтар сайысы
Формулалар сайысы
III.Қорытынды
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
Алдын-ала сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады.
Оқушылар жауабы ұпаймен бағаланады.
Кіріспе сөз: -Бүгін «Электр құбылыстары» тарауы бойынша алған білімдеріңді қайталап қорытындылаймыз.Сайыс сабағы болғандықтан , топтың жеңісі әр топтың белсенділігіне байланысты.
II.Сайыстар
« Кім жылдам» / Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай/
«Ток күші» тобына
1.Ток күшінің өлшем бірлігі...
2.Алғаш рет «электр тогы» ұғымын физикаға енгізген француз ғалымы....
3.Ток күшін өлшейтін құрал.....
4.Электр зарядын өткізбейтіндер.....
5. Ток күшін өлшейтін құралмен амперметр тізбекке қалай жалғанады......
6.Электр зарядның реттелген қозғалысы....
7.Ток көзі......
«Кернеу» тобына:
1.Кернеудің өлшем бірлігі .....
2.Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы........
3.Кернеуді өлшейтін құрал......
4.Кернеудің формуласы......
5. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады....
6.Вольтметрдің шартты белгісі.....
7.Кернеудің белгіленуі...
«Кедергі» тобына:
1.Кедергінің өлшем бірлігі.....
2.Өткізгіш материалын сипаттайтын шама....
3.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы....
4.Тізбектегі кедергіні өзгерту үшін қандай құрал қолданылады?
5.Электр үтігінің кедергісі......
6.Ом заңы қай жылы ашылды?..
7.Резисторлар сөзі-латынның /resisto-…....../мағынаны білдіреді
IV. Физикалық есептер:/ Әр дұрыс есеп 5 ұпай /
« Ток күші» тобына
Егер 15с ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 125 Кл электр заряды өтсе,тізбектегі ток күші қалай өзгереді?
Егер ток күші 3А болса,15 мин ішінде электр үтігінен қандай электр заряды өтеді?
« Кернеу» тобына
1. Тізбектің бөлігінде 3 Кл заряд қозғалған кезінде ,электр өрісі 120 Дж жұмыс жасады.Осы бөліктің кернеуін табыңыздар.
2. Ұзындығы 3 м және көлденең қимасының ауданы 2 мм2 нихром сымның электр плитакға кедергісі 80 Ом(ᵖ= 1,1 Ом.мм2/м) спираль әзірлеу үшін , ұзындығын қандай етіп алу керек?
« Кедергі» тобына
220 В кернеуге арналған шамның ток күші 0,5 А тең . Шамның жұмыс кезіндегі қылының кедергісін анықтаңыздар .
Тізбектің кедергісі 5 Ом,10 Ом,15 Ом тізбекке тізбектей жалғанған.
Кернеу 60 В. Тізбектің ток күшін анықта.
V.Құрал-жабдықтар сайысы /10 ұпай/
Әрбір топқа құрал-жабдықтар таратылды./Ток көзі, амперметр, электр шамы, резистор, реостат,вольтметр, өткізгіш сымдар кілт ,т.б/
Электрондық оқулық бойынша электр тізбегін құрастыру
Формулалар сайысы
Топ бойынша оқушыларға формула құрастыру тапсырылды /Әрбір дұрыс жауап 3ұпай/
1. Қандай қозғалысты жылулық қозғалыс деп атайды?
А. Жылы ауаның қозғалысын В.Сыртқы күштің әсерінен пайда болатын қозғалысты
С.Молекулалардың ретсіз қозғалысын D. Жылулық сәулеленуді.
2. Сутегінің бейтарап атомында электрондардың саны қанша?
А. 1 В. 2
С. 3 D. 4.
3. Өткізгіштің кернеуі 9 есе артса, оның кедергісі қалай өзгереді?
А. 9 есе артады В. 9 есе азаяды
С. 3 есе азаяды D. 3 есе артады.
4. Электр тогын берген кезде пәтердің электр желісін өшіретін автоматтар қалай қосылады?
А. Тізбектей В. Параллель
С. Біреуі тізбектей, ал екіншісі параллель D. Автоматтар еркін қосылады.
5. Күннен Жерге берілетін жылу берілуі қандай жолмен жүзеге асырылады?
А. Жылу өткізгіштікпен В.Сәулеленумен
С. Конвекциямен D. Диффузиямен.
6. Электрон мен протонның зарядтары қандай?
А. Электрон заряды –теріс, протон заряды-оң В. Электрон заряды –оң, протон заряды-теріс
С. Электрон және протонның зарядтары -оң D. Электрон және протонның зарядтары –теріс
7. 15 секундта өткізгшітің көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр заряды өтеді.
Тізбектегі ток күші қандай?
А. 8 А В. 18 А
С. 180 мА D. 7 А.
8. Массасы 200 г алюминийді 200С-тан 300С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?
Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 910 Дж/кг0С.
А. 1820 Дж В. 9100 кДж
С. 800 Дж D. 1200 Дж.
9. Кернеудің өлшем бірлігі
А. Ватт В. Ом
С. Вольт D.Ампер.
10. Массасы 100 кг ағаш көмірі толық жанғанда 340 МДж-ге тең жылу мөлшері бөлінеді.
Осы отынның меншікті жану жылуы неге тең?
А. 3400 МДж/кг В. 340 МДж/кг
С. 34 МДж/кг D. 3,4МДж/кг.
11. Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды.
Осы бөліктегі кернеуді анықтаңыз.
А. 360 В С. 40 В
В. 0,36 кВ D. 40 кВ.
12. 15 секундта өткізгшітің көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр заряды өтеді.
Тізбектегі ток күші қандай?
А. 8 А С. 180 мА
В. 18 А D. 7 А
13. Массасы 200 г алюминий 200С-тан 300С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері
қажет? Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 910 Дж/кг0С.
А. 1820 Дж С. 800 Дж
В. 9100 кДж D. 1200 Дж.
VI.Қорытындылау Оқушылардың білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма: Тарауды қайталау
Достарыңызбен бөлісу: |