Техникалық мақсатпен тізбектегі кедергіні өзгерту үшін резисторлар мен реостаттар қолданылады.
Техникада резисторлар, негізінен, токты шектеу үшін қолданылады. Тізбекті тұйықтағанда резистор болмаса, қысқа тұйықталу байқалады.
Реостат – электр тізбегіндегі токты немесе кернеуді реттеуге (шектеуге) арналған аспап. Тізбектегі ток күшін реттеу үшін көптеген жағдайларда - реостаттар қолданылады.
Email:Monny_92@mail.ru
ФИЗИКА ПӘНІНЕН ПАНОРАМАЛЫҚ САБАҚ
8 – СЫНЫП
Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткәізгіш тұйық электр тізбегін жасайды.
Электр құрылғыларын тізбектей қосу.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
U=U1+U2+U3+…
I1=I2=I3=…
R=R1+R2+R3+…
Email:Monny_92@mail.ru
ФИЗИКА ПӘНІНЕН ПАНОРАМАЛЫҚ САБАҚ
8 – СЫНЫП
Электр құрылғыларын параллель қосу.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
I=I1+I2+I3+…
U1=U2=U3=…
1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…
ФИЗИКА ПӘНІНЕН ПАНОРАМАЛЫҚ САБАҚ
8 – СЫНЫП
Жұмыстың мақсаты: тізбектей және параллель қосу заңдарын тексеру.
Құрал – жабдықтар : 3 амперметр, 3 вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, 2 сым резистор, реостат.