Қысқа мерзімді жоспар
Бекітемін:
Сыныбы: 4
|
Бастауыш сынып мұғалімі: Габдуллина Д
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бөлтірік шешен
|
Пәні:
| Әдебиеттік оқу |
Мақсаты:
|
Бөлтірік шешен туралы мағлұматтар алып,шешеннің шығармаларымен
таныстыру
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Шешендік сөз бен шешен адам туралы түсініктері кеңейеді.
|
Сабақта қолданылатын өзара байланысты модульдер
|
СТО, оқыту үшін бағалау, көшбасшылықты анықтау.
|
Керекті жбдықтар
|
топтау сызбасы, шығармашылық тапсырмалар.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Жақсы күй жіберу
Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп алу, топ басшыларын сайлау.
Үй тапсырмасын сұрау
1-топ: Суретпен жұмыс
2-топ: тест жұмысы
Үй жұмысын бағалау
Қызығушылықты ояту.
Сөзжұмбақ шешу. Шешуі: шешендік сөздер
Мағынаны ашу
Біз бүгін «Арналы бұлақ – асыл сөз» деген тарауды бастаймыз.
«Дастан мен Асан өзен жағасында кітап оқып отыр еді.Дастан кітапты жағадағы тас үстіне қоя бергенде,кітап суға түсіп кетті де, жоқ болды.
Кітапты сен түсірдің, сен кінәлісің,-деп ашуланды Асан.
«Кітапты алмай-ақ қояйық» дегенімде сен болмап едің, ендеше сен кінәлісің ,-деп ренжіді Дастан.
Осы дауды қалай шешер едіңдер?
|
Оқушылар екі топқа бөлінеді
Оқушы жауаптары тыңдалады.
|
Тұсаукесер
Негізгі бөлім
Қорытынды
|
Бөлтірік Әлменұлы-бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі.
Мәтінмен жұмыс
"Ойлан.Жұптас.Бөліс"әдісі
Мәтінді түсініп оқу.
Шығармашылық тапсырма
1-топ:Ел арасында Бөлтірік шешенді не үшін жақсы көрді?
2-топ:Бөлтірік шешеннің Арсланға әсер еткен сөзін айт
Сөздікпен жұмыс
Үйге тапсырма
Мәтінді мағынасын түсініп оқу
Бағалау
Рефлексия
1.«Не үйрендім?»
2. Бүгінгі сабақтағы ұнаған сәтін жазу.
|
Жаңа мәлімет алады
Мәтінді оқиды
Топпен жұмыс жасайды
Сөздікті дәптерлеріне жазады
Күнделіктеріне жазып алады.
2 жұлдыз, 1 тілек айтады
Рефлексия жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |