Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»



Дата08.07.2017
өлшемі66,9 Kb.
#20768
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»
Сабақтың мақсаты
Білімділік: шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу; адамның адам болып қалыптасуына басты рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар туралы әңгімелесу; Сәйф Сараи еңбегінің рухани нәрін оқушы бойына сіңіру.
Дамытушылық: әңгімелерді оқи отырып, баяндауда сөйлеу дағдыларын арттыру, байланыстыру, ойлау жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелік: адамгершілік, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау. "Жеңіл-ауыр сұрақтар"

  1. Алтын Орда мемлекеті қай ғасырда құрылды?

  2. Сол дәуірдегі түркі тілінде жазылған кітаптарды ата

  3. Оның ішінде Рабғузи қиссалар кітабын қай жылы жазды?

  4. Қисса деген не?

  5. Кітаптың қысқаша мазмұны, онда не туралы айтылған?

  6. “Нұх қиссасы” немесе “Қарлығаштың достығы” әңгімесі

  7. Лұқман хакім туралы қызықты әңгімелер?

Оқушылар әңгімені талдап, түйінді ойды айтады.

III. Жаңа сабақ. "Ой қозғау"
Кіріспе. Өткен сабақтарға шолу.
- Бүгінгі тақырыбымыз Алтын Орда әдебиетінің негізін салушы Сәйф Сараи туралы болмақ. Сәйф Сараи Алтын Орданың Сарай қаласында туып, Египетті қыпшақ нәсілді Бейбарыс сұлтан билеп тұрған кезде, білім іздеп, сонда барады. Өзі: «Қамысты»деген жұрт менің туған елім еді, - дейді. Қамысты аталатын мекендер қазақ жерінде өте көп, сондықтан дәл қайда туғаны әзір анықталған жоқ.
Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (арабша аталуы: «Гүлстан би-т-түрки»атты кітап жазған. Бұл парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» (1258ж)түркі тіліндегі аударма нұсқасы.
Кітап сегіз тарау, кіріспе, қорытындыдан тұрады. Алғашқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден құралған. Сегізінші тарауы нақыл, мақал-мәтелдерді жинақтаған. Ежелгі әдебиет дәстүріне сай, қара сөзбен жазылып (проза), арасына өлеңдер кірістіріліп отырған. Тарулары: «Патшалардың өмірі туралы», «Азға қанағат етудің артықшылығы», «Махаббат пен жастық», «Кәрілік пен әлсіздік», «Тәрбиенің ықпалы», «Қарым-қатынас ережелері», т. б деп аталады.

Сайф қолжазбасы 1915ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954ж), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968ж) басылды.
Сәйф Сараидің өз ойынан жазған төл туындысы - «Суһаил мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасын баяндау арқылы өз дәуірінің өзекті мәселелерін көтереді. Соғыс зардаптарын, оның қарапайым халыққа әкелетін қиыншылығын суреттейді. Бұл, әсіресе, өсиет-өнеге бағытында жазылған, адамгершілік, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.
Әңгімелер бойынша дайындалып келген оқушылардан саба сұралып, талдап, өз пікірлерін қосып отырады.

ІV. Сөздікпен жұмыс

Ақсақ Темір – Әмір Темір 1447-1449 жылдары Орта Азияны билеген атақты әмірші.

Қарық болу – бұл жерде: суға кету деген мағынада.

Кәуап – шоққа қақтап пісірілген ет.
V. Бекіту кезеңі "Ой қорыту"

  1. Кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?

  2. “Ұзын бойлы ақымақтан, қысқа бойлы ақылды артық” дегеннің мәнісі не?

  3. Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?

  4. Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па? Тәж Махал, Айша бибі, Арыстан баб ескерткіштері ше?

  5. Әдептілік деген не?

  6. Тәрбиенің берілуі бірдей болғанмен, қабылдауы әр түрлі болуы неге байланысты?

  7. Дәулетті адам дегенді қалай түсінесіңдер?


. Перфокартамен жұмыс. Авторы кім?

Өлеңдерден үзінді

Әл-

Фараби

Махмұт Қашқари

Жүсіп

Баласағұн

Ахмет Иасауи

Күлтегін

Тіл- арыстан есік баққан ашулы...
















Бек ұлдары құл болды,

Пәк қыздары күң болды...
















Қашықтасың туған жер,қалың елім...
















Хақ Мұстафа аманатын берді маған...
















Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды...
















VІІ.Сауалнама

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңге бөлінеді?

А) 3; Ә) 5; Б) 4; В) 6.

2. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі жырлар кімге арналған?

А) Алып Ер Тұңға; Ә) Оғыз қаған; Б) Қорқыт ата; В) Күлтегін.

3. Оғыздарда қасиетті түс қандай түс болған?

А) қызыл; Ә) көк; Б) қара; В) ақ.

4. “Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр” қай кітапта?

А) “Қисасул-әнбия”; Ә) “Мұхаббат-наме”; Б) “Қорқыт ата кітабы”;

В) “Диуани лұғат ит-түрік”.

5. “Құтты білік” дастанында мемлекетті дұрыс басқару үшін ең алдымен не керек деген?

А) аыл-парасат; Ә) бақ-дәулет; Б) қанағат; В) әділдік.

6. “Музыканың үлкен кітабы” еңбегі кімдікі?

А) Әл-Фараби; Ә) Ж.Баласағұн; Б) А.Йасауи; В) С.Бақырғани.

  1. “Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат” – қай шығарманың кейіпкерлері?

А) “Диуани хикмет”; Ә) “Құтты білік”; Б) “Рабғузи қиссалары”;

В) “Түркіше Гүлстан”.

8. “Диуани лұғат ит-түрік” кітабының авторы кім?

А) Әл-Фараби; Ә) А.Йасауи; Б) С.Сараи; В) М.Қашқари.

  1. Лұқман хакім туралы әңгімелер жазған кім?

А) Ж.Баласағұн; Ә) М.Қашқари; Б) Рабғузи; В) А.Йүгінеки.

10. Сыр бойы әдебиеті өкілдерін ата

А) Рабғузи, С.Сараи; Ә) Ж.Баласағұн, А.Йүгінеки;

Б) М.Қашқари, А.Йасауи; В) Әл-Фараби, А.Йасауи.

Өзіңді тексер

1. Ә 6. А

2. В 7. Ә

3. Ә 8. В

4. Б 9. Б

5. В 10. В
VІІІ. Қорытынды

Ұлылар шығармашылығындағы үндестік неде? /Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иассауи, Қорқыт, Рабғузи/ Жауап: «Адамгершілік», «Ізгілік», «қара ниетті болмау», «оқу-білім», «қанағатшылдық» екені айтылады.

ІХ. Үйге тапсырма:

“Адамгершілік – ұлы қасиет” деген тақырыпта шағын шығарма жазу.
Х. Бағалау
№4 мектеп

Ашық сабақ
Тақырыбы:

Сайф Сарай "Түркіше Гүлстан"

8"ә" сыныбы

Пән мұғалімі: Мұқанғалиева М

Қазан, 2014 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет