«Ефремовка орта жалпы білім беру мектебі» ММ –де
«Өзін – өзі тану» он күндігі қарсаңында өткізілген
ашық сабақ жайлы мәлімет.
Сынып: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ
Дәйкесөз: Таза болса табиғат, аман болар адамзат!
Мақсаты:
1.Оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту.
2.Оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету.
3.Табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ «Нұрға бөлену» тыныштық сәтімен басталып, мұғалімнің сыйы «Қайыңның қасыреті» әңгімесімен жалғасты. Оқушылар әңгімені талдап, өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Табиғатты аялайық тақырыбында шағын жоба құрып, қорғады. Шығармашылық жұмыста оқушылар табиғатқа байланысты сегіз жол өлең құрастырып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сабақ мақсатына жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |