Сабақ: қазақ әдебиеті 2 бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл Тақырып



бет1/5
Дата17.11.2022
өлшемі1,36 Mb.
#158716
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
17.11 қмж


САБАҚ: қазақ әдебиеті
2 бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Тақырып: «Зар заман» толғауы – дәуір шындығы.



Мектеп: Сарыжаз орта мектебі





Күні:17.11.22ж

Мұғалімнің аты-жөні: Бөрібай Мөлдір

Сынып: 7 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары

7.А/И2 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:
Шығармадағы автор бейнесін анықтай алады.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Автор бейнесіне портреттік сипаттама береді, талдайды.



Кейбір оқушылар орындай алады:
Автор бейнесін талдап, өз ойын мысалдармен дәлелдей алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Сұрақтар құрастырып, жауаптың қаншалықты дұрыс болғанын талқылай алады.

  • Автор бейнесін талдап, мысалдармен дәлелдей алады.

  • Авторға тән қасиеті мен шығармадағы автор бейнесін анықтай алады.

Сөздік қор мен терминдер:
Зар заман, заманақыр, атаға бала араз боп.
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.

Талқылауға арналған сұрақтар:
1.«Зар заман» өлеңіндегі «зар заманның» белгілерін автор қалай сипаттайды?
2. Заманның бұзылуына себепші кімдер деп таниды?
3.Автор нені аңсады?

Не себепті «Зар заман» жырында
«Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!», деп жырлаған?

Алдыңғы оқу:

Өлеңдегі лирикалық кейіпкердің жиынтық бейнесін құрастыра алады. Берілген үзіндіні жатқа біледі.

Жоспар

Жоспарланған
Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы
2 мин


2 мин


2 мин



  1. Оқушылар назарына «Қазақ елі» видеоролигі ұсынылады.

  2. Топқа бөлу: «Зар заман» өлеңінен бунақтарға бөлінген өлең жолдарын таңдай отырып, оқушылар өлең жолдарын дұрыс құрастырып, топтарға бөлінеді.

Ағайыны /көре алмай, /Атаға/ бала араз боп.
Зар заман, /зар заман, /Зарлап өткен /бір заман...
Мініп көрер /күші жоқ, /Ақша деген /мал шықты...


«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы тақырыпты болжау және ашу.
- Бұл портреттер туралы не айтуға болады? (Зар заман ақындары)
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың мақсаты қандай боламақ?

Д улат Бабатайұлы Шортанбай Қанайұлы М. Мөңкеұлы


Сабақ мақсатымен таныстыру.(Автор бейнесі мен шығармадағы анықтау)

Бейне клип

Бунақтарға бөлінген қима қағаздар


портреттер

Ортасы
33 мин

10 мин

5 мин

8 мин


5 мин

5 мин


  1. тапсырма: Топпен жұмыс

Оқулықта көрсетілген жыр жолдары мен хрестоматияда берілген «Зар заман» толғауына және Ш. Қанайұлына ғылыми деректер жинақтап, достарыңмен бірге «деректі ғылыми сөмке» құрастырыңдар.


1 -топ: «Интеллект-карта» құрастыру
2-топ: «Қабырғадағы рөл» әдісі
3-топ: «Хронологиялық кесте» (оқиғалар берілген жылдарын толықтыру керек)
ҚБ: Тапсырманы толық жасағандарға алтын,жартылай орындағандарға күміс монеталар беріледі.




«Екі жалған, бір шындық» тренингі

  1. тапсырма: «Конверт сұрақ» жеке жұмыс

2-3 сұрақ жазып, үш конвертке салады. Әрқайсысына екі минут беріледі.
Оқушы стикерге атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі. Стикерлерді жинап, бірнеше жауап дауыстап оқылады, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
1.«Зар заман» өлеңіндегі «зар заманның» белгілерін автор қалай сипаттайды?
2. Заманның бұзылуына себепші кімдер деп таниды?
3.Автор нені аңсады?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет