І. Кіріспе
|
Ұйымдастыру кезеңі
«Көңілашар»
«1қадам артқа» Рөлге бөлу:
Жаңа сабақ:
Автормен танысу:
Мәтінмен жұмыс:
«Сиқырлы сандықша»
«Австралиядағы жаңбыр»
«Тосын сый»
Бекіту:
Бағалау:
Үйге тапсырма:
|
Оқушылармен амандасады.Түгендейді.
Бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен келгендерін сұрау.
1-2-3, Сынып іші тып-тыныш, Жалқаулықты тастаймыз. Сабақты біз бастаймыз.
Аяз бен Қыдыр. (айтыс) Бір оқушы Аяз бір оқушы Қыдыр болады. Рөлге бөліп, жатқа айтады. –Кәрі деген не? -неге өлең айтыс? -Аяз адамдарға қандай ескерту айтады? -Қатал Аяз неліктен жібіді? -Айтыста кім жеңді?
Қарлығаш немесе мамның әңгімесі. Нәсіреддин Сералиев.
Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар.
Қарлығаштың 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қар - лығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлы - ғашы. Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман - тоғай, өзен - көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын - шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.
Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп - шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.
Нәсіреддин Сералиев(25.10.1930, Қызылорда облысыҚармақшы ауданыҚашқансу ауылы - 20.11.1984,Шымкент) - жазушы. Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған
«Ұшталмаған Қарындаш»Әңгімелер.«Намыс». «Алтын ғұмыр, алғашкы махаббат». Таңдамалы шығармалар.Дәукен атаның немерелері» Повестер мен әңгімелері бар.
Оқулықтағы Қарлығаш немесе маманың әңгімесі мәтінін тізбектеп оқып шығады. –Соғыс кезіндегі өмір қалай сипатталған? -Анасының әңгімесінен бала қандай қорытынды шығарды? -Мәтінде қарлығаш қалай сипатталған?
Жамырап кету – төлдің енесін еміп қоюы Азаннан – таңертеңнен Шөпшек – отқа жағатын қу бұта Тақуа – дінге берілген адам Көгендеу – малдың төлін енесінен жеке байлау Там – Қазақстанның кейбір аймағында үйді там дейді Пұшайман болу – күдіктену
Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
Қажет дерек:Қарлығашқа байланысты ырымдар (тақтадан оқылады)
Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады,
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң.
Аңыз: Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті. Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.
Сары шымшықты ауылдан да, қаладан да кездестіруге боладыМұның есесіне жаздыгүні ол оңайлықпен көзге түсе қоймайды. Жақ жүндері аппақ осы бір тинемдей құс жаздың ұзақ күндері бір тыным таппайды, шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашыныңарасында ерсілі-қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
«Ия», «Жоқ». Оқушылар қиық қағаздардағы сөйлемдерді алып «ия», «жоқ» деп жауап беру керек. 1.Бала шымшықты атам деген ойына жете алмады. 2.Анасы ашуланып баласын таяқтың астына алды. 3.Анасы соғыс кезінде анасына үй шаруасына көмектескен. 4.Анасы қарлығашты босатып жіберді. 5.Анасы өлген қарлығашты көріп, бақырып жылап жіберді. 6.Анасы өз анасына: «Қарлығашты тоғайға апарып көмдім» - деп шынын айтты.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап, бағалау. Қарлығаштың немесе мамамның әңгімесі мазмұндау.
|
Амандасады. Сабаққа дайындалады.
Құрал-жабдықтарын реттейді.
Оқушылар назарларын сабаққа аударады.
Бірнеше оқушы шығып, айтысты сахналап көрсетеді. Оқушылар сұрақ жояды, жауап береді.
Сабақтың тақырыбымен танысады.
Қарлығаш құсы жайлы біраз мәлімет алады. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін естеріне түсіреді.
Автор жайлы біраз мәлімет алып, жазып алады.
Оқулықтағы мәтінді кезектесіп оқып шығады.
Түсінгендері бойынша бірнеше сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сөздермен танысып, жазып алады.
Сиқырлы сандықшадан әрбір бала сөз алып, сол сөздің мағынасын ашады.
Барлық оқушылар орындарынан тұрып, жаттығуды 2 рет қайталайды.
Қарлығаш туралы қызықты мәтімел алып, жазып, есте сақтап алады.
Сабақ соңында білімдерін бекіту мақсатында «иә, жоқ» қағазын толтырады.
Оқушылар күнделіктеріне бағаларын қойдыртады.
Үй тапсырмасын жазып алады.
|
Жарайсыңдар!
5 балдық деңгейде бағалау.
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
Жарайсыңдар!
5балдық деңгейде бағалау.
|
«Алматыкітап» 2015жыл Қазақ тілі 4-сынып
Күнделік.
|